Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкіметтің салық саясатын, соның ішінде қосылған құн салығын (ҚҚС) көтеруін дұрыс деп есептеді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің қосылған құн салығын көтеру бастамасын қолдайтынын айтты.

«Базалық кескінде қарасақ, біз ҚҚС-ны көтеріп, соның арқасында Ұлттық қордан алатын ақшаны азайтамыз. Менің пайымдауымша, бұл жақсы жол. Бұл біздің тұрғымыздан, экономистердің пайымы бойынша дұрыс. Бірақ қарапайым азаматтар тұрғысынан қарасақ, мұнда да дұрыс. Өйткені Ұлттық қордан ақша алғанда балаларымыздан ақша аламыз. Болашақтың ақшасын аламыз да бюджет тапшылығының тесіктерін жұқалап жабамыз», — деді баспасөз мәслихатында.

Ұлттық банк басшысы бұл шешімді болашақтың қамы үшін жасалған қадам деп отыр.

«Салықты қазір көтеру арқылы қазір жұмыс істеп жүрген, бизнеспен айналысатын адамдардың салық жүктемесі біраз ауырлайды. Есесіне біз болашақтың қауіпсіздік қамын жақсырақ қамдаймыз. Сондықтан екеудің бірін таңдау керек болса, Үкімет дұрыс шешім қабылдап отыр және біз оны қолдаймыз», — Тимур Сүлейменов. 

Ұлттық қордан ақша алу әдетке айналды ма?

2025 жылдың алғашқы екі айында-ақ Ұлттық қордан бюджетке 1 трлн теңгеден аса қаражат алып үлгерген. Билік биыл осы қордан 5,2 трлн теңге (2 трлн – кепілдендірілген, 3,6 трлн – нысаналы трансферт) трансферттеуді көздеп отыр.

Алайда қаржы сарапшылары үкімет, әдеттегідей, одан көп ақша ала ма деп қауіптенеді. Журналистердің осы мәселеге қатысты сауалына ҰБ басшысы былай деп жауап берді.

«Қарқыны бізді де ойландырып отыр. Трансферттер дәл осылайша тым тез жүрмесе екен дейміз. Әйтпесе жыл аяғында нарыққа ұсынатын ештеңе қалмай қалады. Бақылаймыз. Квазисектор акцияларына қатысты жағдай тағы қайталанбайды деп үміттенеміз. Біздің ұстаным – мұндай жағдай қайталанбауы тиіс», — дейді Сүлейменов.

11-12% мөлшерлемемен 10-20 жылға берілетін ипотека – борышкерлер үшін өте ауыр жүк

«Неліктен біз бұл қадамды дұрыс деп есептейміз? Себебі 20%-дық ипотека – тиімді қаржы құралы емес. Тіпті 11-12%-бен 10-15-20 жылға несие алу да үлкен жүк. Өйткені қосылатын пайыздық төлемдердің мөлшері өте жоғары, оны өтеу қиынға соғады», – деді Сүлейменов.

Оның сөзінше, базалық және нарықтық мөлшерлемелер жоғары кезде ипотека халық пен банктер үшін оңтайлы шешім емес. Сондықтан мемлекет «Наурыз» және «7-20-25» секілді жеңілдетілген бағдарламаларды іске қосып жатыр.

«Яғни ипотека бар, бірақ оны мемлекет тарапынан арзандату қажет. Әйтпесе, 2000-жылдардың соңы мен 2010-жылдардың ортасында орын алған жағдай қайталануы мүмкін, ол кезде көптеген қарыз алушылар ипотека төлемін өтей алмай, қиындыққа тап болды», – деп түсіндірді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы қазіргі таңда күрделі қаржылық жағдайға тап болған бірнеше мың адамның ипотекалық қарызы Ұлттық банк бюджетінен өтеліп жатқанын мәлімдеді.

Базалық мөлшерлемені бірден 1,25 тармаққа көтеріп, 15,25 пайыздан 16,50 пайызға көтерілді . 

Бұл шешім елдегі және Ресейдегі инфляцияның қарқын алуымен түсіндірілді.

Базалық мөлшерлеме көтерілген сайын, банктер беретін несие мен ипотека қымбаттай түседі. Қаржы ұйымдары кредит мөлшелемесін негізі көрсеткіштен төмен бекіте алмайды.

Тимур Сүлейменов егер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12%-ға дейін төмендетсе, қазақстандықтардың жартысы депозиттерден ақшаларын шешіп алатынын айтады.

Мөлшерлеме төмен болған жағдайда депозиттер тартымдылығын жоғалтып, ал азаматтар қаражаттарын инвестициялаудың басқа жолдарын іздейді.

Мәселен, Ұлттыұ банк сауалнамасына қатысқан респонденттердің шамамен 54%-ы қаражаттарын шетел валютасына айырбастауға, басқа активтерге инвестициялауға немесе жай ғана жұмсауға ниетті. Сүлейменовтің айтуынша, капиталдың қайта бөлінуі елдегі инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін. 

Ұлттық валютаның нығаюына базалық мөлшерлеменің көтерілуі мен доллар индексінің төмендеуі әсер етті

Бұған дейін Ұлттық банк Төрағасы Тимур Сүлейменов теңге неге рубльмен қатар нығаймайтынын түсіндірді. Сүлейменовтің айтуынша, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы Ресей экономикасына және рубльге оң әсер етуі мүмкін, бірақ бұл Қазақстанға айтарлықтай ықпал етпейді.

«Ресейдің қаржы жүйесі – өз алдына бөлек жүйе. Қазақстанның экономикасы мен қаржы жүйесі де дербес. Сондықтан теңге мен рубльдің бағамы үнемі 5:1 деңгейінде сақталады деп айту дұрыс емес. Иә, тарихи тұрғыдан алғанда, бізде осындай арақатынас болды. Бірақ валюта бағамдары қысқа мерзімді өзгерістерге ұшырайды», – деді ол.

Журналистер Ұлттық банктің ұстанымында қарама-қайшылық бар екенін атап өтті. Өйткені бұған дейін теңге әлсірегенде, Ұлттық банк мұны рубльдің құлдырауымен байланыстырған еді.

Осыған жауап ретінде Сүлейменов теңге мен рубль тікелей тәуелді емес, тек Қазақстан мен Ресей экономикасы бір-бірімен байланысты екенін айтты. Ол Ұлттық банк теңге бағамын реттемейтінін және оның нарықтық әрі экономикалық факторларға тәуелді екенін жеткізді.

«Біз теңгені әдейі әлсіретіп немесе күшейтіп отыр деген ойдан арылу керек», – деді Сүлейменов.

Бұған дейін кейбір экономистер Ұлттық банк теңгенің рубльмен бірге нығаюына жол бермей отыр деген пікір айтқан болатын.

Продолжая тему:
#Деньги #Казахстан #Налог #НДС #Тимур Сулейменов
В Алматы продолжается капитальный ремонт ГКБ №4
15 июня 2025 в 18:02
Хочешь спать крепко? Откажись от этих вредных привычек — их всего пять
11 июня 2025 в 14:57
Скончался Жаксылык Жангазиев — нефтяник и общественный деятель
15 июня 2025 в 17:43
В Костанайской области продолжается ремонт трассы KAZ19
14 июня 2025 в 18:21
На железнодорожном переезде в Алматинской области внедорожник столкнулся с поездом
15 июня 2025 в 16:44
Сколько клубники можно съесть без вреда? Ответ вас удивит
10 июня 2025 в 13:52
В Туркестанской области появится крупная птицефабрика и не только
15 июня 2025 в 16:13
В Костанайской области начали строить новую автотрассу «Центр – Запад»
14 июня 2025 в 16:28
Курс валют на 15 июня в Казахстане
15 июня 2025 в 15:44
Назван один простой трюк с рыбой, который продлевает жизнь
11 июня 2025 в 11:06
С помощью чего можно узнать и оплатить налог на недвижимость в 2025 году
15 июня 2025 в 15:18
Коммунальные услуги в Казахстане резко подорожали
11 июня 2025 в 10:39
В Астане ограничат движение из-за визита председателя КНР
15 июня 2025 в 14:32
Любите черешню? Врач назвал безопасную норму — ешьте не больше
14 июня 2025 в 20:04
Взрыв на стройке в Караганде: повреждены машины
15 июня 2025 в 14:27
Брать ипотеку будет невозможно? Экономист объяснил, почему квартиры могут стать еще менее доступными
11 июня 2025 в 17:06
Казахстанские туристы вернулись из Дубая после задержек рейсов
15 июня 2025 в 12:55
На Каспии снова обнаружили десятки мёртвых тюленей
25 мая 2025 в 12:55
Аким Алматы потребовал ускорить строительные работы и усилить контроль за подрядчиками
15 июня 2025 в 12:49
Миндаль оказался полезнее, чем думали: ученые раскрыли скрытое свойство
14 июня 2025 в 22:07
Военнослужащие Национальной гвардии поддержали творческий челлендж Димаша Кудайбергена
15 июня 2025 в 12:36
Зачем заводят животных вместо детей? Ответ психолога удивит
13 июня 2025 в 14:01
Проспект Туран в Астане снова открыт
15 июня 2025 в 12:31
Казахстанские дети уже сняли миллионы — что покупают на деньги из Нацфонда
10 июня 2025 в 20:33