Қазақстанда жеке тұлғалар арасындағы ұтқыр аударымдарға салық салынбайды және егер бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, тексеруге жатпайды.
Алайда, аударымдар туралы деректер салық органдарына берілуі мүмкін белгілі бір критерийлер бар.
Мемлекеттік кірістер комитеті қыркүйек айынан бастап мобильді аударымдарды бақылау тәртібі жаңаша жүзеге асатынын хабарлады.
Енді 3 ай аралығында бір шотқа 1 миллион теңгеден астам қаржы түссе, салық органдары тексеруді бастайды.
МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, банктер белгілі бір уақыт аралығында мобильдік аударымдарының саны мен мөлшері белгіленген өлшемдерден асатын жеке тұлғалар туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына жіберетін болады.
Осыдан кейін салық органдары алынған ақпаратты талдайды. Осылайша, мобильдік аударымдарды бақылау жоғарыда көрсетілген критерийлерге жатпайтын жеке тұлғаларды қозғамайды.
«Егер үш ай ішінде бір шотқа 100-ден аса түрлі адам ақша аударып, жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса (2025 жылғы ең төменгі жалақының 12 есесі), ол кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады, – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесінде.
Еске салайық, кіріс мобильдік аударымдары бойынша шекті белгілеу туралы шешімді Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер бұрын қабылдаған болатын.
Бастапқыда әлдеқайда төмен лимит — 255 мың теңге ұсынылды.Ол кезде Мемлекеттік кіріс комитетінде нақтылағандай, тек басқа жеке тұлғалардан түсетін аударымдар ғана есепке алынатын.
Әр түрлі тұлғалардан түсетін 100 түсім туралы заң 3 ай ішінде ескіріп қалды
Бұл тақырыпты бес жылдан бері талқылап келеді.
Мысалы, сарапшы Мақсат Халықтың айтуынша, халықтың табысы артқан сайын оның көлемі өсе беретініне халық үйренеді.
Бұл жағдай халық мобильді аударымнан бас тартуға себеп болады деп үміттену қисынсыз. Әлем цифрлы төлеммен интеграцияланып жатыр.
Банктер ұялы телефон арқылы мобильді қосымша ашуға мүдделі. Одан бөлек бұл тәжірибе жаңалық емес.
Бұған дейін Ресейде қолданыста болған. Демек алдағы жаңалықтарға дайын болуымыз керек.