Министр Сапаров ет бағасының өсуіне делдалдарды кінәлап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың  сөзінше

нарықтағы кейбір делдалдар бағаны қолдан көтеріп отыр

Баға үкіметтің емес, одан жоғарыда тұрған «көлеңкеде» отырған үкіметтің қолында тұр

Министрдің  бұл жолы да мұны бақылаудың оңай еместігін ашық айтуы біздің елде баға үкіметтің емес, одан жоғарыда тұрған «көлеңкеде» отырған үкіметтің қолында тұр деген ой жарыққа шығуға ұмтылады.  «Бұл – өте күрделі жұмыс, ал фермерлер үй шаруашылықтарынан етті өте арзан бағаға сатпайды. Қазақстан үшін 3,5 мың теңге болса да – бұл қалыпты баға. Біз көріп отырмыз, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда 6 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ бізде ет жеткілікті. Ет жеткілікті. Сауда департаменті делдалдар бойынша жұмыс істеуі керек, — деді Сапаров. 

Етті сатып алып, қайта сатумен айналысатын делдалдардың көпшілігі өнімді ветеринариялық құжаттарсыз өткізетіні айтылып та, жазылып та жатыр.  Осыған байланысты олардың жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр.

«Малды ауылдан сатып алып, базарға апаратын делдалдар бар. Олар кей кезде етті қажетті құжатсыз, анықтамасыз өткізеді. Ондай адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға дейін шара қолдануды жоспарлап отырмыз. Оны да заңға енгізу керек. Бұған мән бермесек, ауру мал бүкіл халыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қатаң шара болуы керек, — деді министр.

Министрлік бұл бастаманы алдағы парламенттік сессияда қарауға ұсынуды көздеп отыр. Депутаттар өз жұмысын күзде қайта бастайды» дейді министр.

Ол атап өткендей, Қазақстандағы сиыр етінің орташа бағасы бір килограмына шамамен 2960 теңге. Малдың тірі салмағы (союға дейін) аймаққа байланысты килограмына 1250-ден 1500 теңгеге дейін тұрады.

Мал сойылғанда, шығатын ет салмағының шамамен 50% құрайды, сондықтан ақырында бағасы килограмына шамамен 2700-2800 теңге. Бірақ бөлшек сауда бағасын бақылау қиын. Өз үстеме бағасын қосатын сауда нүктелері мен делдалдар тым көп.

«Осыған қарамастан, біз Сауда министрлігімен бірлесіп осы жұмысты жүргізудеміз. Үстемеақыны қараймыз, шекті бағаны қараймыз, айыппұл саламыз, осы мәселелердің бәрін шешеміз, бірақ ет жеткілікті, тағы да айтайын, біз әлі де ет экспорттаймыз «, — деді Айдарбек Сапаров.

2024 жылы, мысалы, 22 мың тонна сиыр еті шығарылды. Бұл шамамен 122 мың ірі қара мал мен 1 млн бас қой. Министр мәселе етті қымбаттататын делдалдарда деп есептейді. Фермерлер бір тиынға сатпайды, себебі мал өсіру — қиын және шығынды жұмыс. «Қазақстан үшін бағасы 3500 теңге болса да — бұл қалыпты баға. Біз қазір Өзбекстанда баға 6 мыңға дейін жететінін көріп отырмыз. Түрікменстанда, Тәжікстанда 6 мыңға дейін килограмм ет жетеді. Бірақ біз етпен қамтамасыз етілгенбіз, ет жеткілікті. Бұл жерде бізге делдалдармен жұмыс істеу керек. Сонда тәртіп орнатамыз деп ойлаймын. Бүгінгі еттің бағасы тұрақты «, — деп түйіндеді сөзін Айдарбек Сапаров

Продолжая тему:
В Алматы для болельщиков матча «Кайрат» vs «Селтик» организуют бесплатные автобусы
25 августа 2025 в 19:01
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
В этом году отремонтируют свыше 1,3 тыс. км коммунальных сетей
25 августа 2025 в 18:47
В Казахстане появился новый депозит на месяц
22 августа 2025 в 14:42
Случаи COVID-19 в Казахстане снизились вдвое
25 августа 2025 в 18:33
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
26 и 27 августа в Астане временно ограничат движение на отдельных участках в связи с визитом короля Иордании
25 августа 2025 в 18:19
В Казахстане с 2026 года изменится цена автостраховки
22 августа 2025 в 14:37
Президент принял председателя Верховного суда Асламбека Мергалиева
25 августа 2025 в 17:59
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Самая частая зарплата казахстанцев — 97 тысяч тенге в месяц?
25 августа 2025 в 17:48
Мини-отпуск в конце лета: как отдыхаем на День Конституции
22 августа 2025 в 14:34
Прокуратура Кызылординской области выявила факты нецелевого использования бюджетных средств
25 августа 2025 в 17:47
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
В Костанае судом вынесен обвинительный приговор по делу о сбыте наркотических средств через социальные сети
25 августа 2025 в 17:34
С осени в Казахстане вводят новые правила по пенсиям
22 августа 2025 в 14:07
Налоги в Казахстане: назван предельный размер налоговой задолженности
25 августа 2025 в 17:34
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
Глава государства принял специального посланника Президента Демократической Республики Конго
25 августа 2025 в 17:22
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Переплата за отопление: деньги казахстанцам не вернут, но будет перерасчет
25 августа 2025 в 17:14
Где в Астане купить уголь и сколько он стоит
22 августа 2025 в 16:38
В области Абай прокуратура выявила налоговые нарушения у частных судебных исполнителей
25 августа 2025 в 17:11
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40