Ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендетіледі: Сарапшылар не дейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНДРА) ипотека бойынша шекті мөлшерлемені 25% -дан 20% -ға дейін төмендеткені банк секторы, оның ішінде ипотека сегментіне ашық күнде найзағай ойнағандай әсер етті. 

Бұған дейін ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25% болған.

Мамандардың айтуынша, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне пайыз ғана емес, комиссия, сақтандыру және өзге де төлемдер де кіреді. Жаңа талап артық төлем сомасының азаюына және ай сайынғы төлемдердің төмендеуіне себеп болып, ипотекалық тұрғын үй несиелердің қолжетімділігін арттырады. ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Олжас Рамазанов 24.kz/kz тілшісіне сыйақы мөлшерлемесінің белгіленген шекті көлемі бұзылған болса, тұтынушы өз құқықтарын қорғау мақсатында реттеуші органға, агенттікке жүгіне алатынын айтыпты. Демек банк реттеуші нұсқамасына сәйкес, банк қарыз шартын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге міндетті. Егер банк реттеушінің нұсқамасын орындамаса, қадағалау шаралары қолданылып, айыппұл салуға дейінгі санкциялар қарастырылған. Сонымен қатар егер мұндай жағдай орын алатын болса, жасалған қарыз шарты жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Сарапшылар арасында шекті мөлшерлемені ҰБ немесе ҚНДРА емес, сұраныс пен ұсыныс анықтайды, рететуші ұйымдар тағы  да белден  басып, нарыққа араласып отыр деген пікір басым.  

 Белгілі экономист Ғалым Хұсайыновтың пікірінше, ҚНДРА бұл шешімді орындатса,  банктер   ипотекалық несиелендіруге аса ықыласты бола қоймайды.

«Тек еркін нарық ғана нарықтық бағаны анықтай алады, егер бағаны шектесек, бұл тауардың тапшылығына әкеледі, ал бағаны реттеуді босатқаннан кейін тауар құнының өсуіне әкеледі, себебі тауар ұсынысы қысқарады», — деп жазды Хусаинов өзінің Telegram-арнасында.

Осыған дейін не болды

Ол Қазақстанда ақшаның құны бұрмаланған деп есептейді:

«Сәйкесінше, біз ақша тартуда да, оларды сатуда да мөлшерлемелерді шектеу нарықтың орасан бұрмалануына және орасан теңгерімсіздіктің пайда болуына алып келетінін көріп отырмыз және одан елдегі басқа да салалар зардап шегуде. Сондықтан елімізде баға белгілеуде нарықтық тетіктердің болуы өте маңызды», — дейді Хусаинов.

 Бұған Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы Қазақстанда ипотека беру азайғанына назар аударған болатын.

Мақұлданған өтініштердің үлесі 31% -дан 24% -ға дейін төмендеді. Бұл дегеніңіз банктер әрбір төртінші өтінімді ғана мақұлдайды деген сөз. ҚҚҚ пікірінше, бұл қазақстандықтардың қатаң талаптары бар бағдарламаларға өтінім беруімен байланысты.

Біздің байлам

ҚНДРА-ның ипотека бойынша шекті мөлшерлеме туралы кезекті шешімін аспаннан алған жоқ, осы күнге дейінгі ұстанымдарының заңды жалғасы. Барлық проблема күні бүгінге дейінгі қолданыста болған заңдардың  бірінші кезекте халықтың емес, банктің құқын қорғауға басымдық беруге байланысты.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, банкке бизнес емес, пайда көзі ретінде қарап келдік. Енді ЕДБ ға жаңа заңға бейімделуден өзге жол жоқ. Банк үшін де, мемлекет үшін де тұтынушының  құқы басым бағыт болуы керек.

Продолжая тему:
#АРРФР РК #ГЭСВ #Деньги #Ипотека #Казахстан #Ставка по ипотеке
До 30% пропускной способности железных дорог теряет Казахстан
25 августа 2025 в 10:49
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
Власти внедряют новые правила для справедливых цен на товары
25 августа 2025 в 10:47
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Министр просвещения Гани Бейсембаев посетил Шымкент
25 августа 2025 в 10:18
В Казахстане появился новый депозит на месяц
22 августа 2025 в 14:42
Возвращение домой: более 8 тысяч этнических казахов стали кандасами в 2025 году
25 августа 2025 в 09:54
В Казахстане с 2026 года изменится цена автостраховки
22 августа 2025 в 14:37
Алаколь меняется: что изменилось после поручения Президента
24 августа 2025 в 16:57
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Работники КЖД обратились с жалобами рабочие нормы
24 августа 2025 в 15:54
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Шестерых туристов спасли в горах Туркестанской области
24 августа 2025 в 15:01
Мини-отпуск в конце лета: как отдыхаем на День Конституции
22 августа 2025 в 14:34
В Конаеве молодёжная встреча переросла в драку с наездами на людей
24 августа 2025 в 13:46
С осени в Казахстане вводят новые правила по пенсиям
22 августа 2025 в 14:07
ForteBank с сентября поднимает тарифы на переводы в рублях
24 августа 2025 в 11:58
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
В Казахстане отменят штрафы за досрочное закрытие кредитов для граждан
24 августа 2025 в 11:38
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
Bank RBK выкупит ценные бумаги на большую сумму
24 августа 2025 в 10:29
Где в Астане купить уголь и сколько он стоит
22 августа 2025 в 16:38
Президент Казахстана расширил полномочия АЗРК
23 августа 2025 в 15:51
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40