Президент Тоқаев «тариф майданының» Қазақстанды айналып өтпейтінін айтты

Ғалымдарды марапаттау рәсімінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «тариф майданының» салқыны барлық елге әсер ететінін және Қазақстанды да айналып өтпейтінін айтты.

«Көптеген сарапшылар дүние жүзі кейінгі ондаған жылда болмаған ең ауыр дағдарыстың табалдырығында тұрғанын мәлімдеді. Алпауыт мемлекеттер бір-біріне қарсы «тариф майданын» ашқан соң өндіріс пен сауда тізбегінің бұзылғаны, нарықтардың құлдырап, шикізат бағамының тұрақсыздана бастағаны байқалады. Бұл барлық елге, соның ішінде Қазақстанға әсер ететіні сөзсіз», – деді президент.

Сонымен бірге Тоқаев қазір жоғары тарифтер енгізуге 90 күндік мораторий жарияланғанын, алайда нарықтағы жағдайдың өте тұрақсыз екенін айтты. Осы орайда Қазақстанның осы экономикалық дүрбелеңнің ел экономикасына тигізетін салдарын жоюмен айналысатынын мәлімдеп, қазақстандықтарды дүрлікпеуге шақырды.

«Дүрлігуге себеп жоқ екеніне сенімдімін. Біз сын-қатерлердің бәрін әрдайым өзіміздің басым бағыттарымызды басшылыққа ала отырып еңсеріп келеміз. Сыртқы қолайсыз факторлардың ықпалына қарамастан дамудың даңғыл жолын жалғастыра береміз. Негізгі инфрақұрылымдық жобалар мен басқа да бастамалар толығымен орындалады», – деді Тоқаев.

Президент әлемде болып жатқан жайсыз оқиғаларды негізге ала отырып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға қажетті іс-қимыл жоспарын шұғыл аяқтауды тапсырған. Сондай-ақ өсім қарқыны мен инвестиция көлемін төмендетпеуді нақтылаған. Себебі осындай аумалы-төкпелі заманда елге инвестиция тарту маңызды.

«Бүгінде инвестиция үшін күрес үдеді. Сондықтан әбжіл қимылдауға тиіспіз. Біз барлық сын-қатерге дайын болғанымыз жөн. Жұмыстың бәрін байыппен әрі сенімді түрде атқару керек. Өздеріңізге белгілі, дағдарыстың да өз қайыры бар. Ол басшылық қызметтегі азаматтардың іскерлік қабілетінің бар-жоғын айқындап береді. Сондай-ақ жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сыртқы ахуал түбегейлі өзгерген кезеңде ұлттық экономиканың орнықтылығы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін мұның маңызы зор», – деді мемлекет басшысы.

Продолжая тему:
Halyk Bank «засветил» кружку пива в Instagram? В Казахстане запрещена реклама алкоголя
21 августа 2025 в 12:56
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Названа средняя цена за литр подсолнечного масла в Казахстане
21 августа 2025 в 12:38
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
Чемпионат мира Gran Fondo в Алматы: какие улицы перекроют
21 августа 2025 в 12:25
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Запущено прямое авиасообщение между Шымкентом и Бангкоком
21 августа 2025 в 12:05
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Автокредит под 2% и без взноса? Минпром назвал объявление фейком
21 августа 2025 в 11:54
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
В Актобе суд вынес приговор мужчине за побои жены
21 августа 2025 в 11:48
Подключение от 200 до 220 тысяч тенге: в каких микрорайонах Конаева скоро появится газ
19 августа 2025 в 16:00
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Нурбанк первым в Казахстане запустил сервис отправки переводов по системе Ria Money Transfer в приложении Nur24.kz
21 августа 2025 в 11:17
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Ярчайшие маркетинговые кампании футбольных клубов Казахстана: синергия футбола и бизнеса
21 августа 2025 в 11:15
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
Состоялись масштабные учения «Қалқан-2025»
21 августа 2025 в 10:53
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
Идет проверка готовности регионов Казахстана к отопительному сезону
21 августа 2025 в 09:47
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках 21 августа 2025 года
21 августа 2025 в 08:06
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04