Қазақстанның салық консультанттары қауымдастығы салық кодексіне енгізілетін өзгерістермен келіспейтінін мәлімдеді

Қауымдастық корпоративтік табыс салығы (КТС) мен қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемелерін көбейтуді қолдамайтынын тағы да мәлімдеді. Олар бұл шешім экономика мен  бизнеске ғана емес,  тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының өсуіне, инфляциялық процестердің күшеюіне және халықтың сатып алу қабілетінің төмендетіп,  ішкі тұтыну нарығына кері  әсер ететінін ескертеді.  Ресми мәлімдемелерде  салық ауыртпалығын арттыру арқылы Еңбекақы қорына түсетін жүкті жеңілдетуге басымдық берілетіні айтылғанмен, бұл шешім, шынтуайтында, шығынды азайту орнына экономиканы «көлеңкеге» итермелейді. Қысқасы, қауымдастық бұл шешім тек ішкі нарыққа емес,  шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы бәсеңдеп, елдің экономикалық даму қарқыны тежелуі мүмкін деп алаңдап отыр. 

  1. Жеке табыс салығына (ЖТС) прогрессивті шкаланы енгізу білікті мамандарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ кәсіпкерлерге салықтық ауыртпалықты арттырады. Бұл көлеңкелі жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне және жалақыны «конвертпен» төлеудің көбеюінеа әкелуі мүмкін, салдарынан салықтық тұрақтылық пен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы әлсірейді.
  2. Арнайы салық режимдерінің санын азайту шағын бизнесті жалпыға бірдей салық салу режиміне көшуге мәжбүрлейді. Бұл салықтық төлемдердің артуына және шығындардың өсуіне алып келеді. Соның салдарынан кәсіпкерлер үшін нарыққа шығу қиынға соғады, микро-кәсіпорындардың жабылу қаупі жоғарылайды және бизнестің көлеңкелі секторға кетуі күшейеді.
  3. ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу шегін төмендету кәсіпкерлер мен салық органдарына әкімшілік жүктемені арттырады. Фискалдық тиімділіктің орнына формалды кедергілер көбейіп, заңды қызмет жүргізуге деген ынта төмендейді.
  4. Шағын бизнесті B2B сегментіндегі арнайы режимдер жүйесінен шығару нарықтық бәсекелестік пен іскерлік ортаны әлсіретеді. Бұл бизнестің дамуына кедергі келтіріп, қалыптасқан серіктестік байланыстарды бұзады және кәсіпкерлік бастамалардың қарқынын төмендетеді.
  5. Медицина саласына, оның ішінде ҚҚС енгізу арқылы салықтық ауыртпалықты арттыру – медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей қауіп төндіреді. Қауымдастықтың пікірінше, реформалар адамның негізгі құқығы – денсаулық сақтау құқығына қайшы келмеуі тиіс.

ҰСЫНЫСТАР

  1.  Салықтық ауыртпалықты арттыру емес, бюджет шығындарын оңтайландыру мен тиімділігін арттыруға басымдық беру.
  2.   Бизнесті қысымға алмай, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шараларын күшейту.
  3.  Жекелеген «арам» ойыншылардың әрекетінен туындаған салық ауыртпалығын заңды жұмыс істеп отырған кәсіпкерлерге ауыртпалық жасамау.
  4.  Салық реформасын ашықтық, айқындық және бизнес-қауымдастыққа құрмет көрсету қағидаттарына негіздеу.
  5.  Жаңа салық кодексінің негізгі ережелерін әзірлеу кезінде бизнес өкілдерімен, сарапшылармен және азаматтық сектормен толыққанды диалог орнату.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанға салықтық қысымды күшейту емес, экономиканың тұрақты дамуына және бизнес пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған ұтымды әрі теңгерімді реформалар қажет.

Продолжая тему:
В Алматинской области начался громкий суд по делу Хасана Касымбаева
20 августа 2025 в 19:05
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Мобильді аударымға қатысты талапқа өзгеріс енді: Салық органдары енді кімдерді нысанаға алады
20 августа 2025 в 18:05
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Сәрсенбі теңгеге дем берді
20 августа 2025 в 18:02
Назван возраст, когда похудеть становится почти невозможно
15 августа 2025 в 12:31
Нацбанк Казахстана предупредил о росте интернет-мошенничества
20 августа 2025 в 17:58
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Астане выявлены факты незаконного вовлечения детей в сбор средств
20 августа 2025 в 17:37
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
В Казахстане ответили на идею «продать» название АЭС
20 августа 2025 в 17:02
Курица «взлетела»: почему цены в Казахстане резко пошли вверх?
15 августа 2025 в 11:04
Суд в столице не принял иск «Радио Азаттык» к МИД Казахстана
20 августа 2025 в 16:39
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
Посольство США дало важное разъяснение для казахстанцев
20 августа 2025 в 16:09
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
АЗРК продолжает работу по развитию конкуренции на рынке электронного документооборота
20 августа 2025 в 15:52
На счетах у казахстанцев накопилось свыше 25 триллионов тенге
18 августа 2025 в 17:25
Доллар дешевеет третий день подряд на KASE. Каким будет курс тенге 21 августа?
20 августа 2025 в 15:36
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
В Туркестанской области задержан иностранец, подозреваемый в пособничестве интернет-мошенничеству
20 августа 2025 в 15:29
Разъяснены правила введения платного въезда в экологические зоны
18 августа 2025 в 17:04