Тоқаев тағы бір маңызды құжат — Бюджет кодексіне қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет кодексіне қол қойды деп хабарлады Ақорда сайты сенбі күні. 

«Құжат қаржыны бақылауды күшейту мен тиімділікті арттыруға бағытталған», — деп айтылады.

Жаңа кодекс мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін де арттыруы тиіс. Ақорда хабарламада құжат жеті түрлі бағыттағы реформаларды қамтитынын жазып, әрқайсысына жеке тоқталған. Ресми ақпаратқа қарағанда, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарлама шығыстарының 15 пайызы көлеміндегі қаражатты дербес басқару құқығы берілген. Мемлекеттік органдар биыл жұмсалмаған бюджет қаржысын келесі жылдың қаңтар айынан бастап пайдалана алады. Бұл шығыстарды үздіксіз қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, құжат мемлекет қаржысын бақылаудағы парламенттің өкілетін күшейтеді. Құжат елде бюджет тапшылығы артып, оны Ұлттық қор есебінен жабу құбылысы жиілеген шақта қабылданып отыр. Үкімет Ұлттық қордағы активті 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткіземіз деп жоспарлаған. 2024 жылдың желтоқсан айында қордағы ақша 60,8 млрд болды. Былтыр Ұлттық қордан мемлекеттік бюджетке алынған қаржы шикізат сатудан түскен ақшадан асып түсті.

  1.  Кодекстің бірінші блогы мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған.
  2.  Екінші блок мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджет процесін оңтайландырды. Бюджет процестерінің мерзімдері мен кезеңдері қысқартылды.
  3. Үшінші блок бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейту есебінен блоктық бюджет элементтері енгізілді. Блок парламенттік бақылауды күшейтуге арналған. Мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін, үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органдар борышын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз лимитін Парламент қарастырып, бюджет туралы заңмен бекітеді.
  4. Төртінші блок бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын арттыру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды көздейді. Кодексте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты мемлекеттік дивиденд саясатының негізгі ережелері белгіленген.
  5. Бесінші блок жинақ функциясына баса назар аудара отырып, Ұлттық қорды пайдалану шарттарын белгілейді. Ұлттық қорды пайдалану Президент бекіткен мақсатты бағдарлармен шектеледі. Қордың қаражатын ішкі қаржы құралдарына салуға рұқсат етілмейді. Бұл ақшаны бюджеттен тыс пайдалануға жол бермейді. Ұлттық қордың нысаналы трансферті тек жалпыхалықтық маңызы бар нысандар мен жобаларды қаржыландыруға ғана пайдаланылады. Ол үшін тиісті критерийлер енгізілді.
  6. Алтыншы блок квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын қоса алғанда, мемлекеттің қарыз саясатына бақылауды кеңейтуге бағытталды. Уәкілетті органдар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелеріне болжау, мониторинг және бағалау жүргізу шараларын жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимиті республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.
  7. Түзетулердің жетінші блогы бюджетаралық қатынастарды жетілдіре түсті. Азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі заңнамалық негізде бекітілген.
Продолжая тему:
#Бюджетный кодекс #Деньги #Казахстан #Касым-Жомарт Токаев
Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках 22 августа 2025 года
22 августа 2025 в 08:04
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
В Казахстане до конца этого года в школах откроются 195 стоматологических кабинетов
21 августа 2025 в 21:57
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
В Туркестане построят новые заводы и производственные мощности
21 августа 2025 в 21:41
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
В Астане часть районов останется без электричества 22 августа
21 августа 2025 в 21:23
Подключение от 200 до 220 тысяч тенге: в каких микрорайонах Конаева скоро появится газ
19 августа 2025 в 16:00
Правительственные рабочие группы проинспектировали подготовку к отопительному сезону в Костанайской и Атырауской областях
21 августа 2025 в 20:52
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Новая насосно-фильтровальная станция — 4 обеспечит столицу водой до 2035 года
21 августа 2025 в 20:34
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
Актуальные тренды и вызовы страхового рынка обсудили на ежегодном страховом форуме
21 августа 2025 в 20:18
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Кыргызскую Республику
21 августа 2025 в 20:02
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Онкологиялық статистика алаңдатарлық трендтерді алға шығарды
21 августа 2025 в 19:47
Основатель inDrive предъявил обвинение Яндекс.Такси в искусственном занижении цен
20 августа 2025 в 22:10
В Бостандыкском районе Алматы на некоторых улицах вводятся временные ограничения для движения транспорта
21 августа 2025 в 19:37
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Правительство уточнило, кому из иностранцев можно работать в Казахстане без разрешений
21 августа 2025 в 19:22
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
Ограничение на выезд снято незаконно – должник скрылся за границей
21 августа 2025 в 19:05
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17