Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті

Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті

Жоспарды жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 3,7 трлн теңгеден астам қаражат бөлу көзделіп отыр.

Неге үкімет батыс өңірге көңіл бөліп отыр?

Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 шақырым Ресеймен шек­араласады. Ал рес­пуб­ликаның Алтайдан Тянь-Шаньға дейінгі 1782 шақырымға созылып жатқан шығыс шекарасын Қытай Халық Рес­публикасымен арадағы ала бағандар бөліп тұр. Оңтүстігінде Түрікменстанмен – 426 шақырым, Өзбекстанмен – 2354 шақы­рым, Қырғызстанмен 1241 шақырым шек­теседі.

Елдің алаң көңілі солтүстік об­лыстарға бағытталып тұрған еді.

Сарапшы Нұрсұлтан Ерболатұлы Үкіметтің 2025-2027 жылдарға арналған шұғыл даму жоспарының дәл Батыс Қазақстан облыстарына бағытталуы бірнеше маңызды себептерге байланысты екенін айтады.

1. Бұл өңірлер Қазақстанның негізгі мұнай-газ өндіру орталықтары, яғни ел экономикасының маңызды қозғаушы күші. Алайда, мұнай-газ секторының басым болуы экономиканы тұрақсыз етеді, сондықтан өндірісті әртараптандыру, жаңа кәсіпорындар ашу және жергілікті бизнесті қолдау қажеттілігі туындайды.

 2. Аймақта  инфрақұрылымдық мәселелер өзекті, көлік желілеріне жоғары жүктеме түсіп, жолдар мен теміржолдар тозып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектептер мен ауруханалардың тапшылығы байқалады.

3. Батыс Қазақстан аймағы Орталық Азия, Еуропа және Ресей арасындағы маңызды транзиттік дәліз рөлін атқарады, сондықтан көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру басты міндеттердің бірі болып отыр.

4. Аймақтағы  өңірдегі экологиялық проблемалар да үлкен алаңдаушылық тудырады, соның ішінде ілеспе газдың жағылуы, ауыз су тапшылығы, өндірістік қалдықтардың көптігі және Жайық өзенінің тартылуы бар. Сондықтан үкімет газ өңдеу зауыттарын салу, суды тұщыландыру жобаларын іске асыру және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту шараларын қабылдауда.

5. Бұл өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысы, жаңа мектептер мен ауруханалар салу, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты шаралар қарастырылған.

6. Инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, мұнай-газ саласына қажетті жабдықтар өндірісін жолға қою, жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланып отыр. Осы шаралардың барлығы өңірдің ғана емес, жалпы елдің экономикалық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді. 

Шекара бойына ел қондыру  Абылай заманынан келе жатқан арман

Келесі сарапшы Бейсенбек Зиябеков шекаралық аймақтарға көңіл бөлу геоосаяси жағынан стратегиялық ұтымды шешім екенін айтады. Мұндай шешім шекаралық аймақтар бойынша кезең-кезеңімен қабылдану керек. Бұл мәселе осыған дейін де талай рет айтылды. Мысалы, Қорғас бекеті Қазақстанның шекаралас аймақтарына қорған бола алмайды. Шекаралық аймақтарды дамытуға белсенді азамат­тар­ әрекетінің де, мемлекеттік бағ­дар­ламаның да шамасы жетпейтіні осыған дейін талай рет айтылған. Бұл мәселе заңмен шешілу керек. Шекаралық аудандардың құ­қықтық мәртебесі туралы тұжырымдар қолданыстағы заңдарда, мемлекеттік бағдарламаларда жеке-жеке тармақ болып шашылып жүр. Заң жобасы талқыланған кезде олардың бәрі қаперге алынуға тиіс..

Түркістан облысының орталығының Шымкенттен Түркістанға көшірілуі облыстың шалғай аймақтары Жетісай мен Сарыағашты  Өзбекстанмен шекарада жалаңаштап қойды

Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғам қайраткері Мырзантай Қожабайұлы Жақып  Түркістан облысын екіге бөлу, Сарыағаш немесе Жетісай қалаларына облыс орталығы мәртебесін беру қажеттігін айтқан болатын.  Кейбір деректер бойынша халқының саны 500 мың адамнан асып жығылатын Мырзашөл өңіріндегі қазіргі Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінен Шымкентке дейінгі қашықтық – 250 шақырым. Ал Түркістан қаласы Шымкенттен 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Жергілікті халықтың Мақтаарал және Жетісай аудандарынан Түркістан қаласына Шардара және Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумақтары арқылы барып-келуіне мұндағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарымыз әлі толық дайын емес.

Мырзашөл өңірінде тұрып жатқан жергілікті тұрғындарды Сарыағаштан Түркістанға апаратын темір жол қатынасы, жолаушыларды тасымалдайтын пойыздардың жүру жағдайы жасалмаған.

— Мақтаарал ауданы – халқы 131 781 адам;

— Жетісай ауданы – халқы 172 903 адам;

— Шардара ауданы – халқы 78 621 адам;

— Сарыағаш ауданы – халқы 191 096 адам;

— Келес ауданы – халқы 136 000 адам.

«Сонда Мырзашөлдегі жаңа 15-ші облыс халқының саны – 710 401 адам болады» дейді М. Жақып.

Қазір Өзбекстанның АЭС құрылысы Жызақ облысындағы Тузкан көлінің маңында салынатыны айтылып жатыр. Жызақ Қазақстанның Жетісайымен  шекаралас жатқан өңір. 

Сол себепті мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Өзбекстанмен шекаралас 2354 шақы­рым бойында орналасқан аймақтарға да көңіл бөлетін кез келді.   

Продолжая тему:
Halyk Bank «засветил» кружку пива в Instagram? В Казахстане запрещена реклама алкоголя
21 августа 2025 в 12:56
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Названа средняя цена за литр подсолнечного масла в Казахстане
21 августа 2025 в 12:38
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
Чемпионат мира Gran Fondo в Алматы: какие улицы перекроют
21 августа 2025 в 12:25
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Запущено прямое авиасообщение между Шымкентом и Бангкоком
21 августа 2025 в 12:05
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Автокредит под 2% и без взноса? Минпром назвал объявление фейком
21 августа 2025 в 11:54
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
В Актобе суд вынес приговор мужчине за побои жены
21 августа 2025 в 11:48
Подключение от 200 до 220 тысяч тенге: в каких микрорайонах Конаева скоро появится газ
19 августа 2025 в 16:00
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Нурбанк первым в Казахстане запустил сервис отправки переводов по системе Ria Money Transfer в приложении Nur24.kz
21 августа 2025 в 11:17
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Ярчайшие маркетинговые кампании футбольных клубов Казахстана: синергия футбола и бизнеса
21 августа 2025 в 11:15
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
Состоялись масштабные учения «Қалқан-2025»
21 августа 2025 в 10:53
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
Идет проверка готовности регионов Казахстана к отопительному сезону
21 августа 2025 в 09:47
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках 21 августа 2025 года
21 августа 2025 в 08:06
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04