«Ақшаны көптеп шығарып, тапшылықты шешіп алмаймыз ба?» деген депутат сауалына ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Үкімет пен Ұлттық Банкке ақша массасының эмиссиясын ұлғайту үшін батыл және ерекше шешім қабылдауды, ақшаны көптеп басып шығаратын станектың көмегіне жүгінуді  ұсынған еді. 

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы саласында әлі күнге дейін 296 млрд теңгенің субсидиялары төленбеген, оны фермерлер қарыз алып жапқан. Ал 2025 жылға 110 млрд теңге сомасына тағы қосымша қажеттілік бар.

«Фермерлер өз өтінімдерінің орындалуын 2 жылға дейін күтеді. Мемлекеттен төлемдердің кешігуіне байланысты олар екінші деңгейдегі банктердің қымбат несиелері есебінен шығындарын жабуға мәжбүр, бұл олардың қаржылық жағдайын нашарлатуда», — деп атап өткен депутат Үкімет пен Ұлттық Банкке «ақша жоқ» деудің орнына ақша басып шығаратын станокты іске қосуды ұсынды.

Парламентте, мәжіліс депутаттарының бірінің  «ақшаны көптеп шығарып, тапшылықты шешіп алмаймыз ба? деген сауалына Тимур Сүлейменов жауап қатты.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, Орталық банктің «ақша басып шығарудың» мақсаттары мен көлемдеріне қарамастан экономиканы ынталандыруы – тікелей теріс салдары бар экономикалық шара.

Нарықтағы артық ақша инфляциялық процестер өрістетіп, баға тұрақтылығын сақтауға қайшы келеді

«Көптеген елдің эконометрикалық модельдері мен практикалық тәжірибесі қамсыздандырылмаған эмиссияның экономикалық өсуге теріс әсер ететіндігін айқын көрсетеді. Яғни, «ақшаны басып шығару» Үкімет пен Ұлттық Банктің макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылық жолындағы барлық іс-әрекеті мен қол жеткізген прогресін жойып жіберуі мүмкін», — деді ол. 

Венесуэла мен Зимбабведе бюджет тапшылығын жабу үшін орталық банктер қосымша ақша массасын басып шығарып, салдарынан миллиондаған пайыздық инфляциялар тіркеген еді. 

«Экономиканың кез келген басқа сегменті сияқты ауыл шаруашылығын қаржыландыру үшін ұсынылып отырған нысаналық эмиссия мүмкін емес. Ақша сектор ішінде қалмай, ұсыныс пен өндіріс көлемі арасындағы теңгерімсіздікті тудырып, экономиканың барлық басқа секторына енеді. Бұл өз кезегінде инфляциялық процестердің өсуіне және ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Бұл процестер халықтың ең осал топтарына әсер етеді, өйткені инфляция барлығына ықпал етіп, табыс неғұрлым төмен болса, онымен күресу соғұрлым қиын болады. Сондықтан инфляция «кедейлерге салынатын салық» деп аталады», — деп сөзін нақтылады Тимур Сүлейменов.

Нарықтағы сарапшылар бұл жолы Ұлттық  банк төрағасы Сүлейменовтың жауабына емес, соған қарата қойылған сұрақтың салмағына назар аударды

Қаржыгерлер мұндай экономикалық негіздемесі жоқ сұрақтардың Парламент төрінен айтылғанын  жеңіл күлкімен қарсы алды. Нарықтың сиымдылығы қанша теңгені көтере алатыны, басы артық қаржы инфляцияны қоздырып жіберетіні мәжіліс депутаттарына белгілі болуы керек еді. Қаңтар айында Ұлттық банк қаңтар айында айналымдағы ақша базасын  ақша базасын 4,1%-ға азайтып, 594,3 млрд теңгені жұтып қойды. Реттеуші сайтында жарияланған құжаттан байқағандай, бір ай ішінде ақша базасы 14 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Дәл шешімнен кейін айналымдағы қаржы 14,6 трлн теңгеден 14,0 трлн  теңгеге дейін азайды. Біздің елде  ақша массасының өсу жылдамдығы өнім шығарудың өсу қарқынынан 10 еседен астам озып отыр. Егер, ақша массасын экономикалық ресурстар теңестірмесе, инфляция көтеріледі. Демек  үкіметтің Үкіметтің қолында инфляция деңгейнің кез-келген мөлшерлемесінің ықпалын әлсірететін іс-қимыл жоспары тұруы керек, оны мәжіліс депутаттары білуі керек.

Продолжая тему:
#Денежная масса #Деньги #Депутат Мажилиса #Казахстан #Национальный Банк Казахстана
Енді пәтер сатып алғандардың да дерегі бақыланады
25 августа 2025 в 21:54
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
В акимате Алматы сообщили, когда откроют перекрытые улицы
25 августа 2025 в 21:43
В Казахстане появился новый депозит на месяц
22 августа 2025 в 14:42
Семье Шерзата Полата строят новый дом
25 августа 2025 в 21:29
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Тауар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу мәселесі тағы да талқыланды
25 августа 2025 в 21:15
В Казахстане с 2026 года изменится цена автостраховки
22 августа 2025 в 14:37
В Алматы с 26 августа по 30 августа ограничат движение на одном из участков по улице Пушкина
25 августа 2025 в 21:07
Мини-отпуск в конце лета: как отдыхаем на День Конституции
22 августа 2025 в 14:34
Сезон сельскохозяйственных ярмарок в столице откроют аграрии Туркестанской области
25 августа 2025 в 20:52
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Ұлттық қор «айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отауға» айналып барады
25 августа 2025 в 20:39
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Президент принял министра здравоохранения Акмарал Альназарову
25 августа 2025 в 20:31
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
В сфере энергогенерации в Казахстане планируется реализовать 29 проектов общей мощностью около 7,3 ГВт.
25 августа 2025 в 20:16
С осени в Казахстане вводят новые правила по пенсиям
22 августа 2025 в 14:07
В Астане ликвидировали 207 свалок, штрафы за сброс отходов выросли до 7 млн тенге
25 августа 2025 в 19:59
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
За продажу маковой соломки осуждены пятеро жителей области Улытау
25 августа 2025 в 19:44
Где в Астане купить уголь и сколько он стоит
22 августа 2025 в 16:38
Ко Дню Конституции в 4 селах приграничного района области Жетісу ввели новые медицинские объекты
25 августа 2025 в 19:29
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40