Үміт Шаяхметова журналистердің сұрағына жауап берді

 Алматыда өткен Women in Bussiness форумында Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова қатысып, елдегі банк секторына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

Оның  пікірінше, шетелдік банктердің келгені жақсы. Бірақ олар белгілі бір талаптарды орындауға да дайын болуы тиіс.

 «Қазақстандағы 21 банктің 12-і шетелдік. Банктердің жартысынан көбі – шетелдік. Алайда олардың экономиканы несиелендірудегі үлесі 5%-дан көп емес. Жалпы алғанда, шетелдік банктердің келуі – панацея емес. Шетелдік банктерді әкелу мақсат болмау керек. Олар кредит беруі үшін Қазақстанда болуы міндетті емес, бас кеңсесіндегі баланстан тікелей несие бере алады. Бірақ олар қазақстандық экономиканың, қазақстандық эмитент немесе ұжымдық клиенттердің, жобалардың тәуекелін алуға, елге ақша салуға мүдделі болуы тиіс», — деп түсіндіреді.

Ұлттық рейтинг агенттігі қажет

Жақында Қаржы нарығын реттеу агенттігі елімізде кредиттік рейтинг агенттігі құрылатынын хабарлаған. Шаяхметова пікірінше, бұл агенттік нарықты дамыту жағынан қажет. 

«Банктер әдетте рейтингті Fitch, S&P тәрізді халықаралық агенттіктерден өткізеді. Егер біздің ірі капиталдар нарығына шығу туралы жоспарымыз болса, әлбетте, бірінші халықаралық агенттіктер керек. Бірақ жергілікті қазақстандық агенттіктерді, сараптама және біліктілікті дамыту жағынан бұл (ұлттық рейтинг агенттігі – ред.), әрине, пайдалы болады деп ойлаймын», – дейді ол журналистер сұрағына.

Қарыз қайтарылды

Шаяхметова түсіндіруінше, өткен жылы Халық Банк мемлекеттік көмек ретінде алған 250 млрд теңгені қайтарып берді.

«Біз Қазкоммерцбанкті сатып алғанда капиталы нөлге тең еді. Банктің капитализациясы үшін Халық банк қосымша 750 млн доллар алды», – деп түсіндірді ол.

Банкирдің мәлімдеуінше, қазір мемлекеттен алған қаржы толығымен қайтарылды.

«Банк секторының 50%-дан астамы – экономиканың нақты секторына несие құйған Халық банк портфелі. Біз көп нәрсе жасап жатырмыз. Инфрақұрылымдық жобалары, зауыттар мен фабрикалар, ауыл шаруашылығы, саудаға несие береміз. Банк, жауапкершілігі жоғары банк ретінде Халық Банк өте көп нәрсе жасап жатыр деп есептеймін», – деді ол журналистердің мемлекетке көмегі туралы сұрағына.

Несие беруді қатаңдату – қалыпты тәжірибе

Былтыр жеке тұлғаның несиелік жүктемесі коэффициенті қатаңдатылды. Енді борышкердің қарыз жүктемесі оның табысының 50%-нан асып кетсе, оған несие берілмейді. Үміт Шаяхметованың сөзінше, бұл – әдеттегі тәжірибе. 

«Одан әрі активтердің тәуекел өлшемін қатаңдату және банктердің капитал бойынша талаптарын күшейтті. Бұл да біз үшін қалыпты жағдай. Біз үнемі қатаңдату, реттеу жағдайында өмір сүреміз және оған бейімделіп жатырмыз. Меніңше, халықтың несиелендіруін төмендету бойынша мәселе маңызды және одан әрі жалғастыру керек», – деді банкир.

Қазір салық салу белсенді талқыланып жатыр. Елде инфляция деңгейі артып келеді, ол базалық мөлшерлеме өсіміне де әсер етуі мүмкін. 

«Ол банктер тарапынан несиелендіру және қорландыру көлеміне де әсер етеді. Осы арқылы халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Бұл дегеніміз, мәселен саудамен айналысатын немесе өнім шығаратын кәсіпкер әйел қымбат тауарлар сегментінен орта және эконом деңгейге өтуі қажет. Осыған кеңес беремін», – деп түсіндірді Үміт Шаяхметова.

Оның сөзінше, ҚҚС мөлшерлемесі өссе, ол да міндетті түрде баға өсіміне әсер етеді. Бұл енді келесі жылдан немесе осы жылдың соңынан бастап өзгеруі мүмкін. Яғни кәсіпкерлер мұның барлығы сатып алу қабілеті, маржа, өзіндік құнға ықпал ететінін ескеруі керек. Осыдан кейін қай тауар немесе қызмет түрі маржиналдылықты сақтайтынын анықтап, соған қарай бизнес бағытын таңдауға болады.

Елде инфляция деңгейі артып келеді, ол базалық мөлшерлеме өсіміне де әсер етуі мүмкін.

«Ол банктер тарапынан несиелендіру және қорландыру көлеміне де әсер етеді. Осы арқылы халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Бұл дегеніміз, мәселен саудамен айналысатын немесе өнім шығаратын кәсіпкер әйел қымбат тауарлар сегментінен орта және эконом деңгейге өтуі қажет. Осыған кеңес беремін», – деп түсіндірді Үміт Шаяхметова.

Оның сөзінше, ҚҚС мөлшерлемесі өссе, ол да міндетті түрде баға өсіміне әсер етеді. Бұл енді келесі жылдан немесе осы жылдың соңынан бастап өзгеруі мүмкін. Яғни кәсіпкерлер мұның барлығы сатып алу қабілеті, маржа, өзіндік құнға ықпал ететінін ескеруі керек. Осыдан кейін қай тауар немесе қызмет түрі маржиналдылықты сақтайтынын анықтап, соған қарай бизнес бағытын таңдауға болады.

Продолжая тему:
#Halyk Bank #Women in Business-2025 #Банки #Казахстан #Умут Шаяхметова
Ограничение на выезд снято незаконно – должник скрылся за границей
21 августа 2025 в 19:05
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Год рабочих профессий в Алматы сопровождается инвестициями в укрепление профобразования
21 августа 2025 в 18:52
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
Энергосектордағы мемлекеттің монополиясы бәсекелестікке кедергі келтіреді
21 августа 2025 в 18:36
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Правительстве рассмотрены вопросы обеспечения внутренних потребностей в ГСМ
21 августа 2025 в 18:28
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Қаржылық сауаттылық пәні мектеп бағдарламасына енеді
21 августа 2025 в 18:16
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Комитет национальной безопасности РК продолжает работу по изъятию оружия и боеприпасов
21 августа 2025 в 18:09
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
Введена уголовная ответственность за создание помех воздушным судам лазерными устройствами и БПЛА
21 августа 2025 в 17:56
Подключение от 200 до 220 тысяч тенге: в каких микрорайонах Конаева скоро появится газ
19 августа 2025 в 16:00
За наличку одна цена, с картой — другая. В Минторговли сделали важное заявление
21 августа 2025 в 17:52
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Генеральная прокуратура защитила китайского инвестора и его проект на 7 млрд тенге в СЭЗ «МЦПС Хоргос»
21 августа 2025 в 17:44
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Эксперты ожидают ослабление инфляции в Казахстане до 6,5% лишь в 2027 году
21 августа 2025 в 17:36
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития отрасли редких и редкоземельных металлов
21 августа 2025 в 17:32
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
Анализ состояния конкуренции на рынке электрической мощности
21 августа 2025 в 17:19
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04