Ұлттық қорды кім бақылайтыны белгілі болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.Құжат жаңа Бюджет кодексінің күшіне енуіне байланысты қабылданды және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің рөлін күшейтуге бағытталған.

Ақорда сайтында көрсетілгендей, «кеңес президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Ұлттық қордың қаражатын пайдалану және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеумен айналысады».Жарлыққа сәйкес кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

• қаржыландырудың өзге көздері болмаған кезде аса маңызды объектілер мен жалпы елдік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға қордан бөлінетін нысаналы трансферттердің көлемі мен бағыттарын қарау;

• Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы қор қаражаты есебінен жобаларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру;

• қор қаражатын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау;

• БЖЗҚ зейнетақы активтерін тиімді басқару жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

• зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын, сондай-ақ сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін қарау;

• БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есепті талдау және талқылау.

«Кеңестің жұмысын Қазақстан Республикасының президенті болып табылатын төраға басқарады. Төраға отырыстарды өткізу орны мен уақытын анықтайды, оларды өткізуге басшылық жасайды, сондай-ақ кеңес мүшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар береді «, — делінген жарлықта.

Кеңес мүшелері отырыстардың күн тәртібін дайындауға және талқылауға қатысады, ұсыныстар енгізеді және шешімдер қабылдауға қатысады.

 Отырыстар жылына кемінде бір рет күндізгі немесе сырттай нысанда өткізіледі. Шешімдер қатысушылар санының жай көпшілік даусымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

Кеңестің жұмыс органы президент әкімшілігі болып белгіленді.

Кеңес құрамына:

• ҚР президенті (кеңес төрағасы);

• ҚР премьер-министрі;

• ҚР Парламенті Сенатының төрағасы (келісім бойынша);

• ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша);

• Президент Әкімшілігінің басшысы;

• Ұлттық банк төрағасы;

• премьер-министрдің бірінші орынбасары;

• Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы;

• Қаржы министрі;

• Ұлттық экономика министрі.

Жарлық 2025 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енді

.

Продолжая тему:
Нурбанк зарегистрировал семь новых доменов: возможна смена названия
3 августа 2025 в 14:26
Доллар за 552 тенге: в правительстве сделали заявление
31 июля 2025 в 12:04
В Казахстане число штрафов стало рекордно большим
3 августа 2025 в 12:55
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Ключевая сфера отечественной экономики
3 августа 2025 в 12:26
Льготных автокредитов больше не будет — правительство Казахстана
31 июля 2025 в 17:34
Қазақстандықтардың депозиті жыл басыменсалыстырғанда 3,55% -ға өсті
3 августа 2025 в 11:55
Бензин подорожает? Роман Скляр сделал заявление
31 июля 2025 в 14:22
На одной из улиц Астаны на некоторое время изменили движение из-за ремонта
3 августа 2025 в 11:52
Эти три продукта помогут уснуть без таблеток — совет врача
1 августа 2025 в 13:29
Таксистов у аэропорта Шымкента начнут штрафовать за навязчивость
3 августа 2025 в 10:52
Казахстан обогнал всех: у нас легковушки дорожают быстрее, чем в ЕАЭС
30 июля 2025 в 15:01
Некоторые счета начнут закрывать с 1 августа
3 августа 2025 в 09:55
Что происходит с банками Казахстана к середине года
1 августа 2025 в 12:54
В СКО продолжается реализация программы реновации
2 августа 2025 в 18:50
Доллар почти добрался до 450 тенге: официальный курс на 31 июля
30 июля 2025 в 15:36
Казахстан увеличил экспорт зерна и муки
2 августа 2025 в 18:45
Свет по новым ценам: с 1 августа электроэнергия снова подорожает
31 июля 2025 в 10:54
Общегородской субботник в рамках проекта «Таза Қазақстан» провели в районах города
2 августа 2025 в 18:13
Тенге укрепился на 11 пунктов после интервенций Нацбанка
31 июля 2025 в 15:27
В Жетысуской области закрыли нелегальный полигон ТБО
2 августа 2025 в 16:40
Вы можете так делать: неочевидные привычки, которые портят зрение
31 июля 2025 в 12:29
В Таразе женщина с поддельными документами получила квартиру
2 августа 2025 в 15:15
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27