Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған үкіметтің экономикалық блогы қосымша құн салығын көтеруден басқа ештеңе айта алмай отыр

 Демек, үкіметтің көзімен қарағанда бюджет жағдайы тым қиын, сондықтан басқа баламаларды көрмей отыр.

Биылғы жылдың беталысының қандай болатыны өткен жылдың екінші жартысында белгілі болып қалған еді. 

Тәуелсіз сарапшы Айбар Олжаев айтқандай, «2025 жарық пен суды үнемдеуге көшеміз. ҚҚС-мен   сататын супермаркет емес, ҚҚС  төлемейтін кәсіпкерден тамақ алуға үйренеміз. Автобусқа мініп, Оңай картасымен танысамыз. Басында ашуланамыз, түбі қабылдаймыз. Бұдан кейін социализмге біржолата оралмайтын боламыз».

Салықты көтеру ешкімге ұнамайтыны түсінікті. Бірақ мемлекеттік қаржының тұрақсыздануы елдің өмір сүруіне қауіп төндіріп, бюджет тәртібінің құлдырауы бюджеттен төлем жасамауға, теңге девальвациясы мен инфляцияға алып келеді.  

Visor Kazakhstan инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі экономист Алмаз Чукиннің айтуынша, қазақ үкіметі — қаржы және бюджет саласындағы күрделі проблемаларды түсініп, іс-қимылға кірісіп отыр. Оның айтуынша, реформалардың басталуы деп санауға болады. 2025 жылдың  шығыны 25 трлн теңге. Ал кіріс 15-16 трлн. 9-10 трлн теңге тапшылықты Ұлттық қор бере алмайды. «Біз мұны ҚҚС -20 пайызға көтеру арқылы ғана шеше аламыз. Сарапшының айтуынша, жағдай күрделі. Бірінші кезекте – шығынды қысқартуға,  экономиканың өсімі үшін ағзасын сауықтыруға басымдық беру керек. Ол үшін салықтың деңгейін көтеру керек.

«Бізде бюджеттің шығыс бөлігінің 70 пайызы әлеуметтік төлемдер. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын немесе зейнеткерлердің зейнетақысын қысқарта алмаймыз» дейді сарапшы.

Сондықтан, Чукиннің пікірінше, 20 пайыздық деңгей бізге  дағдарыстан алып шығатын көпір ретінде қабылдану керек. Себебі біздің бюджет қосымша құн салығы (ҚҚС), жеке табыс салығы (ЖТС) және  корпоративтік табыс салығын (КТС). 

«КТС (корпоративтік табыс салығын) да көтеруге болмайды, өйткені бұл кәсіпорынды дамыту үшін ең басты ресурс және негізінен барлық тапқан ақшаны дивидендтерге емес, одан әрі дамытуға жұмсайды. «Ал ҚҚС (қосылған құн салаығы) экономика тұрғысынан өте зиянды емес. Бірақ халыққа ауыр тиеді, бірақ мұны экономика үшін жасау керек. Бұл ақша бюджет арқылы экономикаға әлеуметтік қорғалмағандарға қамқорлық көрсету, мектептер, ауруханалар, қорғаныс саласына жұмсалған қаржы арқылы экономикаға қайта оралады.  Дәл осы шара жалпы экономикалық дамуға ең аз зиянды әсерін тигізеді», дейді   Алмаз Чукин.

Оның айтуынша, мұндай маңызды шешімдерді тезірек қабылдау керек. Себебі қоғамда «бұдан әрі не болады» деген алаң көңіл бар.

«Экономика осындай елеулі қайта құруға дайын болуы тиіс. Бухгалтерлерге, бизнесмендерге, қаржыгерлерге, экономистерге біздің қалай өмір сүретінімізді есептеу үшін кем дегенде жарты жыл керек. Бүкіл экономикалық база өзгереді, баға да өзгереді. Бұл шынымен де үлкен реформа» дейді Чукин.

Келесі сарапшы Олжас Мамадәлінің айтуынша, дәл қазір ҚҚС деңгейін 20 пайыздан төмендетуді қолдап, ұпай жиятын кез емес. Бірақ ішкі нарықта жағдай қосарланған бухгалтерияға ұқсап кетті. Соңғы оншақты жылда салықтан жалтару процесі тереңдеп кеткенін бәріміз көріп жүрміз. Сарапшының айтуынша,  салық реформасынан кейін ШОБ-тың қанша пайызы заңды түрде жұмысын жалғастырады деген сұраққа жауап іздеу маңызды.  «20 пайыздық салық деңгейі экономикаға қалай әсер етеді?» деген сауалдың жауабы ашық айтылуы керек. Қоғам осыны күтіп отыр.

«Біз «а» жоспарын айтқанда «б» жоспарынада дайын болуымыз керек. Қазір елдегі бизнестің кемі  40 пайызы Алматыда. ҚҚС-тың 20 пайыздық көрсеткіші  Алматы бизнесіне жеңіл тимейтінін өз тәжірибемізден білеміз. 20% ҚҚС-пен  7.5 трлн теңгені жиып ала алмаймыз. Мұндай жағдайда бизнес бөлшектенеді не көлеңкеге кетеді», дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, «Бизнесті ірлендіру арқылы ұлттық инвесторды қалыптастыру керек» деген мемлекет басшысының  тапсырмасы  тағы  да орындалмай қалады.

«Қазір сарапшылардың басым көпшілігі 20 пайыздық деңгейге келісіп отыр. Бірақ бұл мәселе талқыланған кезде бірден 8 пайызға көтермей,  кезең-кезеңмен арттыруды қарастыруға бизнес қарсы болмайды. Бұл бизнестің жаңа жағдайға бейімделуіне мүмкіндік береді», дейді Олжас Мамадәлі.     

Осы тұста сарапшы үкіметте өткен кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Самұрық-Қазына» қорын қайта құрылымдау қажеттігін  ескерткенін де еске түсіріп өтті. Бұл мәселені, мемлекет басшысы осыған дейін бірнеше рет айтса да үкімет қаперге алмай келеді.  

«2025 жылдың әңгімесі ҚҚС болғалы тұрғанын бәріміз білеміз. Басқа амал жоқ екенін де түсініп отырмыз. Бірақ квазисектордың шығыны немесе өздерін үкімет құраушы деп есепелетін кейбір компанияларды салық жеңілдіктерін жою арқылы да 20 пайыздық салықты 18-16 пайызға түсіруге болады.  Үкімет пікіріне назар аударатын сарапшылар осы мәселеге  назар аударса екен» деп сөзін түйіндеді О. Мамадәлі.

Экономикадағы  «шикізат таңбасы» 1997 жылдан бері ізімізден қалмай келеді. Мұнай жақсы түсім беріп тұрған кезде экономиканы өзгертеміз, индустрияландыра аламыз деген үміт басым болатын.  Бірақ жағдай өзгермегенін көріп отырмыз.

«Салық кодексін өзгерту керек. Бірақ  бюджеттің барлық баптарын қайта қарап, кейбір  ережелердің күшін жою керек.  Бұл мәселе  бірінші кезекте  бизнеспен талқылауы тиіс. Үкімет салық реформасын бұрынғы әдіспен жүргізсе,   нарықтың жаңа өз­геріс­терге  бейімделу мүмкіндігі шектеліп қалады. Салықтағы  күрделі проблемаларды реформалар арқылы шешуге назар аудармады. Қазір сол кемшілікті тағы қайталасақ, бұл бағытта өзгеріс болмайды» дейді О. Мамадәлі. 

Продолжая тему:
Қазақстанның иелігіне өткен Ыстықкөлдегі төрт пансионат: Міндеттеріміз қандай өзгерістермен жаңарды
20 апреля 2025 в 15:54
Kaspi обновил условия по Накопительному депозиту: до 18% годовых и удобное пополнение
18 апреля 2025 в 14:14
Сельчане Павлодарской области отказываются от алкоголя
20 апреля 2025 в 15:52
Halyk Bank меняет тарифы: что это значит для предпринимателей
18 апреля 2025 в 13:39
Трагедия на полумарафоне в Алматы: скончались два участника — 84-летний и 21-летний бегуны
20 апреля 2025 в 15:12
Бизнес массово выводит деньги из банков: уже больше 214 млрд тенге
18 апреля 2025 в 13:55
В Кыргызстане ужесточили правила для машин с иностранными номерами
20 апреля 2025 в 14:40
В ДТП под Степногорском погибли четыре человека
24 марта 2025 в 15:50
Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған үкіметтің экономикалық блогы қосымша құн салығын көтеруден басқа ештеңе айта алмай отыр
20 апреля 2025 в 14:06
Осторожно: в эту любовную ловушку легко попасть. Ее описал еще Платон
16 апреля 2025 в 16:51
В Астане ограничат движение из-за строительства LRT
20 апреля 2025 в 13:38
С начала месяца тенге ослабел: как хранить деньги
18 апреля 2025 в 16:41
В Шымкенте появится канатная дорога: кто и зачем её строит?
20 апреля 2025 в 13:27
Jusan Bank подготовлен к продаже: Вячеслав Ким подтвердил интерес к покупке
18 апреля 2025 в 20:17
Гвардейцы потушили загоревшийся автомобиль в Павлодаре
20 апреля 2025 в 13:05
Цены на яйца пошли вниз: какие ещё продукты подешевели в Казахстане
19 апреля 2025 в 16:27
В Туркестане пройдёт неформальная встреча Токаева и Бердымухамедова
20 апреля 2025 в 11:52
Home Credit Bank повышает ГЭСВ: вкладчики одного из депозитов получат теперь 17%
18 апреля 2025 в 09:38
2030 жылы еңбек нарығына 300 мың Z толқынының өкілдері шығады: Дайындығымыз қандай?
20 апреля 2025 в 11:35
ForteBank: программа льготного автокредитования, список авто и условия
17 апреля 2025 в 17:40
Казахстан получил в пользование четыре пансионата на Иссык-Куле
20 апреля 2025 в 11:31
Тестовая эксплуатация LRT в Астане планируется в сентябре: уже озвучена стоимость проезда
17 апреля 2025 в 16:51
Президент Токаев поздравил христиан Казахстана с Пасхой
20 апреля 2025 в 10:41
Freedom Bank поднимает ставки по вкладам: вкладчики еще одного депозита получат повышенную ставку ГЭСВ
17 апреля 2025 в 16:47