Банктердің Ұлттық банктің депозиттері мен ноталарынан еркін табыс табу мүмкіндігі шектеледі

Бұл тақырып тәуелсіз сарапшылар үшін айтыла-айтыла ақжемденіп кеткен тақырыптарының бірі болатын. Ұлттық банк алдағы уақытта  құжаттың жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялайтынын мәлімдеді. Енді банктер резервті капиталының бір бөлігін қаржы буферіне жинауға міндетті болады. Бұл тұтынушылық кредит секторын «салқындату» үшін қажет.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қаржы нарығына қатысушылардың жоспарланған ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТР) арттыруға реакциясы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі уақытта, оның айтуынша, қаржы жүйесінде өтімділіктің тұрақты профициті 8 трлн теңгені құрайды.

«Бұл ақша басқа нарықтарға кетпес үшін біз оны депозиттік аукциондар мен ноталар арқылы стерильдейміз. Банктер осы арқылы табыс тауып келді.  . Енді біз бұл мүмкіндікті шектеймыз.  Жалпы алғанда, 8 трлн теңгенің профицитінен шамамен 3-3,5 трлн теңгені алып тастағымыз келеді. Яғни банктерде басқа құралдарды іске асыру үшін ақша жеткілікті. Біз бұл оларды табыстың басқа тәсілдеріне көшуге мәжбүрлейді деп күтеміз», — деп түсіндірді Т. Сүлейменов.

Ол Қазақстанда ең төменгі резервтік талаптар қалыптасқанын атап өтті.

Бір кездері бұл шешімдер қабылданды, банктерге жақсы жағдай жасалды. Осындай төмен ЕТР кезінде мен экономиканы несиелендірудің күшті өсуін көріп отырған жоқпын, әйтпесе бұл мәселе көтерілмес еді.

“Біз қазір қаржы нарығына қатысушылармен диалог жүргізіп, осындай жаңалықтардың қажеттігін түсіндіреміз. І жартыжылдықтың соңына дейін осы шешімді қабылдағымыз келеді. Ал оның әсерін, менің ойымша, жылдың соңына дейін біз ақша массасының қысқарып, несиелендіру жағына қарай бұрылатынын сезіне бастаймыз «, — деп қосты Ұлттық банк басшысы.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов қазір Қазақстанда теңгедегі айлық есептік көрсеткіш мөлшері 0% -дан 2% -ға дейін, шетел валютасында — 1% және 3% құрайтынын атап өтті.

«Егер өңір елдеріне қарайтын болсақ, олар Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және басқалары, біз Қазақстаннан басқа барлығында осы нормативтер жеткілікті деңгейде екенін көріп отырмыз. Ұлттық валютада олар шамамен 5%, шетелдік валютада негізінен екі таңбалы сандар, шамамен 15%. Біз де салыстырмалы деңгейге көтергіміз келеді. Банктердің мұндай бастамаға онша риза еместігі түсінікті, сондықтан оның төңірегінде су мен ақпараттық шу көп. Бірақ біз қазір жұмысты жүргізіп жатырмыз, аяқталған соң тиісті құжаттың жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялаймыз. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бәрін аяқтауды жоспарлап отырмыз және маусым-шілде айларында жаңа талаптар күшіне енеді «, — деп түйіндеді ол.

Банктерге қандай талап қойылды?

Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, секторда контрциклдің капитал буффері атты шара енгізбекші. Жаңа өзгеріс бойынша, банктер актив көлеміне қарай резервті капиталының 0-6%-ын қор ретінде жинауы керек. Тимур Сүлейменовтің айтуынша,  банктер үшін халықтың қауіпсіздік жастықшасы тәрізді. Оларға резервті капиталының бір бөлігін жинауға міндеттейді. Оның мақсаты – тұтынушылық несиенің қызып кетуінен сақтау және қаржы жүйесін түрлі дағдарыстардан қорғау.

Бұл өзгеріс 2026 жылдың бірінші сәуірінен бастап күшін енеді. Яғни банктерге қажетті резерв жинау үшін 12 ай беріледі.

Сүлейменовтің айтуынша,  жаңа шара банктерге қойылған минималды резервті талаптарға байланысты деп түсіндірді.

Минималды резервті талап (МРТ) – ақша-несие саясатындағы негізгі құралдардың бірі. Бұл талап бойынша, банк елдің орталық банкінде жоғары өтімді актив түрінде міндеттемелерінің ең минималды үлесін сақтауы керек.

МРТ көлемі ТМД елдерінде 4-4,5% түрінде, ал Қазақстанда оның көлемі әлдеқайда төмен (2%,1%,0%).

«Бізде оны нөл деңгейінде десек болады. Маусымына қарай банктерде 7-8 трлн артық өтімді активтер қалады. Артық өтімділік дегеніміз тауар немесе қызметті төлеуге жұмсалмайтын, жай ғана банк секторында тұратын актив. Ұлттық Банк оны депозиттік аукцион, нота деген құралдары арқылы азайтады. Ол үшін банктерге төлейміз яғни банктер табыс табады. Қазіргі МРТ деңгейі тек 700-800 млрд теңге яғни артық өтімді активтің 10%-ын ғана азайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Енді буферлі қор құрылғаннан кейін, артық өтімді активтің тағы да едеуір бөлігін қор үшін Ұлттық банкте сақтайды. Ол нарыққа инфляциялық қысым жасамайды және ол үшін реттеуші де қаражат жұмсамайды

«Экономикада айналымда болмайтын, инфляциялық қысым жасамайтын резерв түрінде тұрады», – деді Сүлейменов.

Ал резервті капиталдың бір бөлігін Ұлттық банкте сақтау туралы талап несиелендіруге әсер етпейді.

Қайта «банктер сол өтімді активті кредиттеуге жұмсау туралы бас ауыртуы керек», – дейді банк төрағасы.

Продолжая тему:
Разбитый асфальт и дорожные проблемы в Туркестанской области
30 июля 2025 в 22:31
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
В Шымкенте рассказали, что будет с госслужащими, игравшими в азартные игры
30 июля 2025 в 21:01
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
Алматинцам предлагают закрыть долги без штрафов
30 июля 2025 в 19:45
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Казахстане повысят цены на паспорта и визы в рублях с 9 августа
30 июля 2025 в 18:53
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
В Алматы временно перекроют участок улицы Жубанова
30 июля 2025 в 18:08
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Кибермошенничество в Казахстане: как защитить себя в цифровом мире
30 июля 2025 в 17:32
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Новое производство в Атырау: теперь здесь делают вагонные колесные пары
30 июля 2025 в 17:29
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Пенсионерка через суд восстановила 13 лет трудового стажа
30 июля 2025 в 17:02
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Никогда не произносите эти слова в аэропортах: вас оштрафуют или посадят в тюрьму
30 июля 2025 в 16:54
Прокуратура Казахстана пресекла ввоз в страну подержанных шин
29 июля 2025 в 11:14
Обман под видом инвестиций: мужчина получил 6 лет за мошенничество
30 июля 2025 в 16:41
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
В Астане осужден мошенник, похитивший более 100 млн тенге
30 июля 2025 в 16:36
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Интервенция басталды
30 июля 2025 в 16:03
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20