Ұлттық қордың 1 млрд доллары АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына (бағалы қағаздарына) салынатын болды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың сөзінше, сатып алынған TIPS Қазақстанның Ұлттық қорына енгізіледі. Осы арқылы  мемлекеттік облигациялары нақты табысымызды сақтаймыз,  активтердің құнсыздануына қарсы тұрамыз деген үміт бар.

 Қазір ТIPS-тің активтері 59 млрд долларды құрайды, оның 54 млрд доллары жоғары кіріс беріп келген.

Жалпы, осы уақытқа Ұлт­тық қорды көбейтудің екі жолына  басымдық берілді. 

  1. Мұнайдан түскен түсім. Бұл жолда қаржы ең әуелі Ұлттық қорға түседі. Содан кейін барып трансферт арқылы бюджетке кетеді. 
  2. Ин­вестициялық кірісті арттыру. Бұған дейін біз осы бағытты дамытуда 80/20 пайыз межесін ұстандық. Яғни Ұлттық қордағы қаражаттың 80 пайызы облигацияларға, қалған 20 пайызы акцияларға салынды. 2023 жылдан бері үкіметке Ұлттық қор­ды бас­қару параметрін өзгерту тапсырылды. 

Енді Ұлттық қордың қаражатының 60 пайызы облигацияға, 30 пайызы акцияға, 5 пайызы алтынмен сақталып, қалған 5 пайыз баламалы қаржылық құралдарына бөлінбек. Бұл – Ұлт­тық қордың инвестициялық кірісін одан әрі өсіру үшін жасалған қадам. Салалық  сарапшылар бұл шешімді Ұлттық қорға уақытша ғана дем беретін құбылыс деп баға беріп отыр.

Экономикалық саясат институтының директоры, экономист-ғалым Қайырбек Арыстанбеков Ұлттық қордың екі стратегиялық функциясы бар екенін айтады.  

  1. Қысылтаяң заманда тұрақтандыру үшін пайдалану. 
  2.  Екіншісі – келер ұрпақтың игілігіне қаражат жинақтау.

«Ұлттық қордың қаражатын тұрақтандырғымыз келсе, бізге бірінші кезекте банк секторының жұмысын реттеу керек. Банктерге отандық экономиканы қаржыландыру туралы қатаң талаптар қойылуы қажет. 

  1.  Ұлттық қордан алынған қаражат көлеңкелі экономикаға да кетіп қалып жатыр. Бүгінде көлеңкелі экономика жалпы ішкі өнімнің 25-30 пайызына дейінгі үлесті құрап отыр. Бұл көлеңкелі экономикада тиісті салықтар алынбай жатқанын көрсетеді. 
  2.  Ұлттық қор қаражатының белгілі бір бөлігі шетелдік құнды қағаздар сатып алуға, акциялар мен облигацияларға салынады. Қордағы қаражатты құр жатқызбай шетелдік облигацияларға салу әлемдік тәжірибеде бар. 

Сарапшылар бұл әдісті экономикасы дамыған, өндірісі бекем, инвестициясы жолға қойылған елдер қолданатынын айтады. Бұл тәсіл  қор қаражатының шетелдік облигацияларға салынуы біздің сыртқы имиджімізге де әсер етеді. Сырттан қарыз алу, ірі келісімдер жасау мәселесіне келгенде де тиімділіктер беруі мүмкін. Әйтсе де қор қаражатын шетелдік компанияларға, облигацияларға салуды мен аса тиімді дей алмаймын. Себебі акциялар мен облигациялардың құны бірде түседі, бірде көтеріледі. «Ондайда пайызы төмен болады. Ұлттық қор ақшасына қай шетелдік компанияның акциясын сатып алсақ, соларды байытып отырмыз деуге болады. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Қор ақшасын тек өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларға ғана бөлу керек. Бірақ ол қаражаттар валюта нарығына түспеуі керек, яғни бағаның көтерілуіне жол ашпауы қажет», – дейді Қайырбек Арыстанбеков.

Сарапшылардың пайымынша  Ұлттық қорды 100 млрд долларға жеткізетін үш бағыт бар. 

  1.  2030 жылға дейін мұнай өндіру көлемін 105 млн тоннаға жеткізу. 
  2. Дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алып инвестициялық табысты арттыру. 
  3. 2026 жылдан бастап қордан алынатын қаражатты 5 млрд долларға дейін шектеу. 

Алдыңғы екі аспектіні осы уақытқа дейін де ұстанып келгенбіз. Нәтижесі қазіргідей. Ал қордан қаражат алуды шектеу керек деп осыдан 10 жыл бұрын да айтып жүргенбіз…

Продолжая тему:
В Туркестанской области на возвращенные активы обеспечивают села качественным водоснабжением
30 июля 2025 в 13:00
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
Распространенные схемы интернет-мошенничества назвали в МВД
30 июля 2025 в 12:50
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
Минобороны: Поиски вертолёта EC-145 затруднены видимостью на дне озера Сорбулак
30 июля 2025 в 12:46
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Брат Бишимбаева выйдет пораньше: суд сократил срок по амнистии
30 июля 2025 в 12:31
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
Казгидромет: В Казахстане резко похолодает
30 июля 2025 в 12:30
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Чтение в 90 — и мозг меняется: ученый рассказал, как это работает
30 июля 2025 в 12:26
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан көмірін Ресей арқылы Еуропаға қайта тасымалдау туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді
30 июля 2025 в 12:18
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20
Из дороги — в аллею: часть улицы Пушкина станет пешеходной зоной
30 июля 2025 в 12:17
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Скорая, операции, реабилитация: что входит в медстраховку и как ею пользоваться
30 июля 2025 в 12:11
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Кафе и рестораны дорожают: рейтинг регионов по расходам
30 июля 2025 в 11:59
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Forbes Kazakhstan представил рейтинг казахстанских банков по итогам 2024 года
30 июля 2025 в 11:57
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
Прокуратура предупреждает: Принуждение ко вступлению в брак — нарушение прав человека
30 июля 2025 в 11:54
В Алматинской области начинается масштабная перезагрузка туризма
25 июля 2025 в 17:13