Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алматыға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты.

«Бұл – бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмысты іскерлік сипатта тағы бір талқылауға орайлы сәт. Біз – одақтас елдерміз. Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азия өңіріндегі жағдайға тікелей әсер етеді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бауырлас халықтарды жақындастыруға, аймақтың орнықты және қауіпсіз дамуындағы ортақ мақсаттарды ілгерілетуге Шавкат Мирзиёевтің зор үлес қосқанын атап өтті.

Өзбекстан Президенті екіжақты байланыстарды нығайтуды көздейтін бүгінгі кездесудің маңызына тоқталды: «Мені өзіңіздің туған жеріңіз, атап айтқанда, Алматы қаласында достық пейілмен, екі халықтың дәстүріне сай ілтипатпен қарсы алып жатқаныңызға рақмет. Өзімнің және халқымның атынан ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылдары қарым-қатынасымыз мүлдем жаңа деңгейге көтерілді. Біз – одақтаспыз. Өзара сыйластығымыздың арқасында көптеген мәселе шешімін тауып келеді, екеуара уағдаластықтардың барлығы іске асырылып жатыр. Нақты нәтижелер бар. Сізді Қазақстанның зор табыстарға жетуімен құттықтаймын. Экономикаларыңыз дамып келеді, жетістіктеріңіз жоғары. Бірінші тоқсанды 5,4 пайызбен қорытындылап отырсыздар. Бүгінгі кездесуіміздің сипаты ресми болмаса да, мен үлкен құраммен келдім. Дегенмен әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді», – деді Шавкат Мирзиёев.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, энергетикалық, су шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықтың перспективасын жан-жақты талқылады.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.

Кездесу соңында президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.

Продолжая тему:
В Казахстане до конца этого года в школах откроются 195 стоматологических кабинетов
21 августа 2025 в 21:57
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
В Туркестане построят новые заводы и производственные мощности
21 августа 2025 в 21:41
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
В Астане часть районов останется без электричества 22 августа
21 августа 2025 в 21:23
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Правительственные рабочие группы проинспектировали подготовку к отопительному сезону в Костанайской и Атырауской областях
21 августа 2025 в 20:52
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Новая насосно-фильтровальная станция — 4 обеспечит столицу водой до 2035 года
21 августа 2025 в 20:34
Подключение от 200 до 220 тысяч тенге: в каких микрорайонах Конаева скоро появится газ
19 августа 2025 в 16:00
Актуальные тренды и вызовы страхового рынка обсудили на ежегодном страховом форуме
21 августа 2025 в 20:18
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Кыргызскую Республику
21 августа 2025 в 20:02
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Онкологиялық статистика алаңдатарлық трендтерді алға шығарды
21 августа 2025 в 19:47
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
В Бостандыкском районе Алматы на некоторых улицах вводятся временные ограничения для движения транспорта
21 августа 2025 в 19:37
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Правительство уточнило, кому из иностранцев можно работать в Казахстане без разрешений
21 августа 2025 в 19:22
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
Ограничение на выезд снято незаконно – должник скрылся за границей
21 августа 2025 в 19:05
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
Год рабочих профессий в Алматы сопровождается инвестициями в укрепление профобразования
21 августа 2025 в 18:52
«777» или «999» : во Freedom Credit можно взять микрокредит на госномер
19 августа 2025 в 15:15