2025 жылы Қазақстан 150 мыңға жуық автомобиль шығарылады

Бұл туралы  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді. 

Министрліктің мәліметінше, биыл республиканың автокөлік өндірісі 5%-ға артып, 149 мың жеңіл көлік шығарылады.

Екі автомобиль зауыты іске қосылады

2025-2035 жылдары министрлік металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында 9 ірі жобаны жүзеге асырады. Олар жобалық қуатына жеткенде өндірілетін өнім көлемі шамамен 7,3 млрд доллар болады деп болжанды.

Тоғыз жобаның екеуі 2025 жылы іске қосылады:  

  1. Қостанай облысында 1500 жұмыс орнын қамтамасыз ететін KIA автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады. Зауытта жылына 70 мың автокөлік өндіреді.
  2. Алматы қаласындағы Changan, Chery және Haval маркаларының автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт 3600 жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндігі бар.

«Автомобиль шығаратын зауыттар, ыстық брикеттелген темір шығаратын зауыттар, мыс балқыту зауыты, аммиак-карбамид кешені, калий тұздарын өндіретін байыту-өндірістік кешен, гидрометаллургия зауыты сияқты маңызды жобалар іске қосылады.

Бұл кәсіпорындар машина жасау және автомобиль жасау кәсіпорындары үшін жаңа өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін айтарлықтай нығайтады», дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Машина жасау шамамен 10%-ға ұлғайды

Министрлік мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда кейінгі бес жылдағы ең көп индустриалдық жоба жүзеге асырылмақ. Республикада жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылып, 20 мыңнан аса жаңа жаңа жұмыс орны ашылады. Осы жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп болжанған.

Қазақстанда кейінгі бес жылда алғаш рет өңдеу өнеркәсібінде 5,9% өсім тіркелді. Өсім көрсеткіші негізінен металлургия (+6,9%), автомобиль (+9,7%), химия өнеркәсібі (+7,7%) және басқа салалардағы өндіріс көлемінің артуына байланысты болып отыр. Жалпы өндіріс көлемі 24,5 трлн теңгеге жетті.

Бұған дейін Алматыда жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауыты биыл жазға дейін іске қосылатынын жазғанбыз.  

Онда Changan, Chery және GWM (Haval мен Tank) секілді қытай автокөліктері құрастырылады.

Қазақстан отандық автомобиль нарығын қолдау мақсатында автонесие рәсімдеу шарттарын 2026 жылдың аяғына дейін жеңілдеткенін осыған дейін  жазғанбыз.  Қазақстанда 20 ақпаннан бастап отандық көлік алу үшін автонесие рәсімдеу жеңілдеді. Бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті қаулысы күшіне енді.

Қаулыға сәйкес, отандық автомобиль үшін несие алу кезінде азаматтың қаржы мекемелері алдындағы басқа да борышы ескерілмейді. Бұған қоса, автонесиені 4% мөлшерлемемен ала аласыз.

Қаулы күші 2027 жылға дейін ғана жарамды.

Қаржы нарығын дамыту агенттігінің хабарлауынша, құжат отандық автомобиль өндірісін қолдау мақсатында қабылданды.

Отандық автоөндіріс туралы

  1. 2024 жылы Қазақстанда шамамен 147 мың, ал 2023 жылы 149 мыңнан аса автомобиль шығарылған.
  2. 2025 жылдың жазына дейін Алматы қаласында жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауыты іске қосылады. Онда Changan, Chery және GWM (Haval мен Tank) секілді Қытай автокөліктері құрастырылады.

Жергілікті автоөндірісті дамыту импортқа тәуелді болып қалудан сақтайды, бұған қоса көпшілік сұранысына ие көліктерді жеткізу мерзімі қысқаруы мүмкін. Жергілікті өндіріс Қытай автокөліктерінің бағасына да әсер етеді деген болжам бар. 

• Geely (+ 126,5 пайыз);

• JAC (+ 56,7 пайыз);

• Haval (+ 45,3 пайыз);

• ZEEKR (+ 2211 пайыз).

Сарапшылар бұл өсімді қолжетімді бағалармен, модельдердің кеңейтілген желісімен және автокөліктердің жергілікті жағдайларға бейімделуімен байланыстырады.

Сарапшылар 2025 жылы Қазақстан нарығы өзгеруін жалғастырады деп есептейді. Гибридті автомобильдердің позициясын күшейту, цифрлық шешімдердің одан әрі енуі және сервис деңгейін арттыру күтілуде.

Основатель inDrive предъявил обвинение Яндекс.Такси в искусственном занижении цен
20 августа 2025 в 22:10
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Минцифры Казахстана опровергло слухи о блокировке мессенджеров
20 августа 2025 в 20:43
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
Когда роскошь сменяется тюремным заключением
20 августа 2025 в 20:16
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
В Алматинской области начался громкий суд по делу Хасана Касымбаева
20 августа 2025 в 19:05
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Мобильді аударымға қатысты талапқа өзгеріс енді: Салық органдары енді кімдерді нысанаға алады
20 августа 2025 в 18:05
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
Сәрсенбі теңгеге дем берді
20 августа 2025 в 18:02
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Нацбанк Казахстана предупредил о росте интернет-мошенничества
20 августа 2025 в 17:58
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
В Астане выявлены факты незаконного вовлечения детей в сбор средств
20 августа 2025 в 17:37
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
В Казахстане ответили на идею «продать» название АЭС
20 августа 2025 в 17:02
На счетах у казахстанцев накопилось свыше 25 триллионов тенге
18 августа 2025 в 17:25
Суд в столице не принял иск «Радио Азаттык» к МИД Казахстана
20 августа 2025 в 16:39
«777» или «999» : во Freedom Credit можно взять микрокредит на госномер
19 августа 2025 в 15:15
Посольство США дало важное разъяснение для казахстанцев
20 августа 2025 в 16:09
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46