Банктердің мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын қайтаруы ынталандырылады

 ҚНДРА мен Ұлттық банк банктерді мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын қайтаруға одан әрі ынталандыру бойынша қосымша шаралар әзірлеуде. Ынталандырудың сипатының қандай болатыны жайлы әзірге белгісіз.   

Банк секторының 2025 жылға арналған қадағалау саясатында екінші деңгейдегі бес банктің теңгерімінде 1,45 трлн теңге мемлекеттік көмек сақталатыны айтылған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылдан 2020 жылға дейін банктер мемлекеттік көмек алғанын еске салды: «Бір кездері сізге көмектескен, енді сіз де өзара жауап беріңіз».

Қазір  бес қазақстандық банк мемлекет алдында 1,5 трлн теңге қарыз. 

Бұған дейін банктердің біразы қарызын бірден жауып тастады, енді бірі бөліп-бөліп өтеп жатыр.  

Мемлекетке қарызы бар банктер 

1.  Bank RBK

Алған сомасы: 244 млрд теңге;
Қайтарғаны: 30 млрд теңге (екі траншпен);
Қалған қарызы: 214 млрд теңге;
Қарызды мерзімінен бұрын қайтару банк акционерлеріне дивиденд төлеу шарттарына байланысты.

2. Банк ЦентрКредит (БЦК)

Алған сомасы: 60 млрд теңге;
Қайтарғаны: 20 млрд теңге (2024 жылдың желтоқсанында);
Қалған қарызы: 40 млрд теңге: Мемлекетке қарызды толық қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бірақ жаңа салық заңнамасына байланысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

3. Еуразиялық банк

Алған сомасы: 150 млрд теңге;
Қайтарғаны: 0 млрд теңге;
Қалған қарызы: 150 млрд теңге;
Жоспары: Қарызды алдын ала қайтару жоспарда жоқ, келісімшарт бойынша белгіленген мерзімге дейін төленеді.

4. «Нұрбанк«

Алған сомасы: 30 млрд теңге;

Қайтарғаны: 0 млрд теңге:
Қалған қарызы: 30 млрд теңге;
Жоспары: Қарызды толық өтеу мерзімі аяқталғанда ғана қайтаруды жоспарлап отыр.
5. Jusan Bank – ең көп көмек алған банк

Jusan Bank басқа банктермен салыстырғанда жағдайы ерекше болып тұр. Қаржы институты Банк секторын тұрақтандыру бағдарламасы  ғана емес, қосымша бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған. Осы бағдарлама шеңберінде  «Цеснабанк» пен АТФБанк алған қарыздар кейін Jusan Bank иелігіне өтті. 

Мемлекет «Цеснабанктің» проблемалық несиелерін сатып алу арқылы оған 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлген. Сарапшылар бұл  сатып алу-сату мәмілесі болғандықтан, бұл қаражаттың қайтарылуына аса қатты сене қоймайды

Сонымен қатар Jusan Bank-тің балансында 859 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау қаражаты бар, оны банк 2045 жылға дейін пайдалануға құқылы. Дегенмен баланста көрсетілген қарыз көлемі дисконттауға байланысты едәуір төмен.

Jusan Bank бұл қаржыны мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отырған жоқ. Банк өкілдері  БАҚ өкілдеріне    «мемлекет алдындағы барлық міндеттеме жасалған келісімдерге сәйкес толық орындалып жатқанын»  айтқан.  

Соңғы күндердегі басты оқиғасы – Қазақстанның ең ауқатты кәсіпкерлерінің бірі Вячеслав Кимнің Jusan Bank-ті сатып алуға қызығып  жүр. Сарапшылар екі тараптың мәмілесі аса тартысты жағдайда өтетінін айтып жатыр. Банктерден қарызды қайтарып алуға мүдделі болып отырған алдымен қарызды қайтар деп талап қоюы мүмкін.   

Жалпы, банктер бұл қаражатты 15 жылға 4% жылдық мөлшерлемемен алған. Бірақ олардың кейбірі несиенің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтарып жатыр, ал кейбірі толық өтеу мерзіміне дейін ұстап қалуды жөн көріп отыр.

Сарапшылар халықаралық тәжірибеде банктердің мемлекеттен қарыз алу өте сирек кездесетінін айтады.  Нарық заңы бойынша банкротка тап болған банктер шағын қаржы ұйымдарына айналады. 

Әлемдік тәжірибеде бұл қалыпты жағдай. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге мемлекет енді көмектеспейтінін мәлімдеді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша,  бұл дұрыс   шешім. «Енді банктер мемлекеттен алған қаржыны қайтарды ма, соны тексеру керек. Ол үшін мемлекетке де қаржы саласында нақты қадамдарға бару керек. Инфляция деңгейін бақылауға алу керек. Сонымен бірге банктердің мемлекеттік қаржы саласындағы, экономикадағы қан жүгіртуші организм екенін есте сақтау қажет. Біздің банктер адамдарды «кредит инесіне» отырғызып, солардың қаржысын, жүйке жүйесін соруға бейімделген. Банк жұмысын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағыттау керек. Мемлекетке, елге көмегі тисін. Әділеттілік, теңдік принциптері қаржы саласына да тиісті, – дейді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.      

Основатель inDrive предъявил обвинение Яндекс.Такси в искусственном занижении цен
20 августа 2025 в 22:10
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Минцифры Казахстана опровергло слухи о блокировке мессенджеров
20 августа 2025 в 20:43
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
Когда роскошь сменяется тюремным заключением
20 августа 2025 в 20:16
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
В Алматинской области начался громкий суд по делу Хасана Касымбаева
20 августа 2025 в 19:05
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Мобильді аударымға қатысты талапқа өзгеріс енді: Салық органдары енді кімдерді нысанаға алады
20 августа 2025 в 18:05
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
Сәрсенбі теңгеге дем берді
20 августа 2025 в 18:02
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Нацбанк Казахстана предупредил о росте интернет-мошенничества
20 августа 2025 в 17:58
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
В Астане выявлены факты незаконного вовлечения детей в сбор средств
20 августа 2025 в 17:37
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
В Казахстане ответили на идею «продать» название АЭС
20 августа 2025 в 17:02
На счетах у казахстанцев накопилось свыше 25 триллионов тенге
18 августа 2025 в 17:25
Суд в столице не принял иск «Радио Азаттык» к МИД Казахстана
20 августа 2025 в 16:39
«777» или «999» : во Freedom Credit можно взять микрокредит на госномер
19 августа 2025 в 15:15
Посольство США дало важное разъяснение для казахстанцев
20 августа 2025 в 16:09
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46