Қазақстан мен Ресейдің энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейтін болды

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірыңғай энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойғаны белгілі болды.

Келісімге сәйкес тараптар жыл сайын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі арқылы Ресейден тасымалдауға жоспарланған электр энергиясы көлемін келісуге міндетті болады. Бұл ретте электр энергиясын беру қызметтерінің ақысы Қазақстанның тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тариф бойынша жүзеге асырылады. Ол Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы қажет. 

Келісімді ратификациялау Ресеймен шекарадағы электр энергиясы ағынының мемлекетаралық теңгерімінің ауытқуын барынша азайтады. Сондай-ақ оны Ресейдің энергетикалық жүйесінен жоспарлы сатып алуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте мемлекетаралық ағындар үшін электр энергиясын сатып алу-сату бағасын қалыптастыру қағидаттары айқындалды.

 Келісімге сәйкес, Ресейдің  Қазақстанға сататын электр энергиясының көлемі жыл сайын келісіліп, түзетілетін болады. Құжатта қазақстандық энергия өндіруші ұйымдар өтемейтін Қазақстандағы жоспарлы тұтыну көлемін жабу үшін Ресейден берілетін электр энергиясын сатып алуды коммерциялық негізде жүзеге асыру жоспарланып отырғаны көрсетілген.

KEGOC және «Интер РАО БЭЖ» арасында жасалған шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу және сату құны анықталды.

Құжатта сондай-ақ Ресейдің энергетикалық жүйесі өндіріс пен тұтыну арасындағы сағаттық ауытқулардың орнын толтыра отырып, Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінде (БЭЖ) рұқсат етілген шекте жиілік пен кернеуді қолдайтыны ескерілген.

 Бұған дейін құжат Қазақстан парламентінде қызу талқыланған болатын. уразиялық экономикалық одақтың әрбір елінің энергетика секторында өзіндік ерекшеліктері бар, алайда барлық елдер елеулі энергетикалық әлеуетке ие. Ресей мұнайдың, табиғи газдың және көмірдің орасан зор қорына ие жетекші энергетикалық держава болып табылады. Ол өңірдегі энергия тасымалдаушылардың ірі экспорттаушысы болып табылады. Қазақстан мұнай, көмір және табиғи газ өндірісінде және экспортында маңызды орын алады. Еліміз сондай-ақ күн және жел сияқты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жобаларды белсенді дамытуда. Беларусь мұнай мен газдың едәуір қорына ие болмаса да, дамыған энергетикалық инфрақұрылымға, оның ішінде энергия тасығыштардың импортына тәуелділікті төмендетуге ықпал ететін атом электр станциясына ие.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осыған дейін журналистермен кездескен кезде энергетикалық әлеуетіміз ішкі сұранысты жабуға жететінін айтқан. Энергия көздеріне қажеттілік деңгейі жоғарылап кеткен кезде, кешке немесе күн күрт салқындаған кездегі тапшылықты  Ресейдің импорты есебінен жауып отыр. Бірақ, министрдің мәліметінше біз энергия көздерін сатқаннан гөрі әлдеқайда көп сатып аламыз. 2023 жылы энергияны сатып, Қазақстанға 60 миллион доллар пайда тапқан.  Ал өткен жылы жылы Ресейден 100 млрд теңгеге электр энергиясын  сатып алыппыз.

Келісімнің қажет екенін Алмасадам Сәтқалиев депутаттарға Ресеймен келісімде делдалдар жоқ деген дәлелмен қорғап шықты. Оның айтуынша,  бізге ол жақтан электр энергиясын экспорттау-импорттаудың бірыңғай операторы «Интер РАО» компаниясы сатады. «Алайда KEGOC (электр желілерін басқару жөніндегі мемлекеттік компания) компаниясының экс-президенті Әсет Наурызбаев соның өзін делдал деп санайды».

ЕЭО-ын құру шарттың жобасында энергетика саласына 15-ші тарау бар.  Ондағы төрт бап электр энергетикасы, мұнай, газ және мұнай өнімдері мәселелерін реттеуге бағытталып, жұмыс топтары оның бірнеше нұсқаларын ұсынған.

 Бірінші нұсқасы – ортақ нарыққа интеграциялану, яғни, мүше-елдердің бірінің ұлттық нарығының моделін пайдалану және басқарушы компанияларға Кеден одағы мен БЭК-ке мүше-елдердің бәрінің шаруашылық субъектілерін енгізу.

Екінші нұсқа – спот-биржамен бірге өңірлік субнарықтарды құру және сауданы жүргізетін оператор енгізу.

Үшінші нұсқа – ұлттық нарықтарды үйлестіру. Яғни, үш елдің ұлттық нарығын құрылымдық жағынан жақындастырып, нормативтік-құқықтық актілерін үйлестіріп, ортақ сауда алаңын құру.

Энергетика саласы сарапшысы Әсет Наурызбаевтың айтуынша, Ресей сағаттық нарық жүйеде жұмыс істегендіктен,  біз бұл энергияны нарық жағдайында сатып ала аламыз. Барлық уақытта емес,  электр қуаты жетіспейтін сағаттарда Ресейдің  ішкі электр энергиясын сататын бағамен сатып ала аламыз. Сауда-саттыққа Ресей нарығы мен біздің бірыңғай сатып алушымыз арасында түсініксіз бағаны делдалдардан қорғану тетіктері әлсіз.

Әсет Наурызбаевтың айтуынша, біздің ел энергетикалық тәуелділіктен жеңілдей бастады. Оңтүстік аймақтарда газ турбиналық станциялар салынып жатыр, олардың кейбірі  аяқталу сатысында тұр. Жасыл энергия біз қалағандай деңгейде болмаса да оң  әсерін сезетін боламыз. 

Продолжая тему:
#Казахстан #Россия #Системы энергетики #Электроэнергия #Энергетика
Разбитый асфальт и дорожные проблемы в Туркестанской области
30 июля 2025 в 22:31
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
В Шымкенте рассказали, что будет с госслужащими, игравшими в азартные игры
30 июля 2025 в 21:01
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
Алматинцам предлагают закрыть долги без штрафов
30 июля 2025 в 19:45
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Казахстане повысят цены на паспорта и визы в рублях с 9 августа
30 июля 2025 в 18:53
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
В Алматы временно перекроют участок улицы Жубанова
30 июля 2025 в 18:08
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Кибермошенничество в Казахстане: как защитить себя в цифровом мире
30 июля 2025 в 17:32
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Новое производство в Атырау: теперь здесь делают вагонные колесные пары
30 июля 2025 в 17:29
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Пенсионерка через суд восстановила 13 лет трудового стажа
30 июля 2025 в 17:02
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Никогда не произносите эти слова в аэропортах: вас оштрафуют или посадят в тюрьму
30 июля 2025 в 16:54
Прокуратура Казахстана пресекла ввоз в страну подержанных шин
29 июля 2025 в 11:14
Обман под видом инвестиций: мужчина получил 6 лет за мошенничество
30 июля 2025 в 16:41
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
В Астане осужден мошенник, похитивший более 100 млн тенге
30 июля 2025 в 16:36
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Интервенция басталды
30 июля 2025 в 16:03
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20