Инвесторлар неге кетеді…

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЖІӨ-дегі негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесінің қысқаруына назар аударды. Ол кезде ТШИ таза ағыны көбінесе өндіруші саладағы қолданыстағы жобалардан түсетін кірістерді қайта инвестициялау есебінен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

2024 жылдың тоғыз айында ТШИ көлемі $12,7 млрд құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі салымдардан 36% -ға аз. Шетелдік инвестицияларды тарту қарқынының төмендеуі Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, СҚО, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматыда байқалды.

Сарапшылар инвесторларды ең алдымен институционалдық тәуекелдер мен әкімшілік кедергілер тежейтінін айтып отыр. «Мемлекеттік рәсімдердің ашықтығының жеткіліксіздігі, бюрократиялық жүйенің күрделілігі бизнес үшін айтарлықтай қауіп туғызады. Қосымша жағдайды сыбайлас жемқорлық деңгейі ушықтырып отыр, ол қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шетелдік инвесторлар тарапынан сенімді төмендететін елеулі тежеуші фактор болып қалып отыр» дейді AERC сарапшысы  Ерасыл Серікбай

Е.Серікбайдың айтуынша, мұнай өнімдерінің экспортына айтарлықтай тәуелділік Қазақстанды сыртқы күйзелістерге әлсіз етеді. Бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді инвестициялық перспективаларды шектейді

«Қалыптасқан жағдайды түзету үшін AERC өкілі тұрақты және ашық заңнамалық нормаларды әзірлей отырып, құқықтық ортаны жетілдіру қажет деп есептейді. Әсіресе, бизнесті тіркеу рәсімін жеңілдету, рұқсат беру уақытын қысқарту және салық есептілігін оңтайландыру. Сондай-ақ, оның пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтудің маңызы зор. Оның ішінде мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру және бизнестің билікпен өзара іс-қимылы үшін цифрлық платформаларды енгізу» дейді сарапшы. 

Келесі сарапшы Айбар Олжаев  Салық кодексіндегі өзгерістер анағұрлым тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруда негізгі рөл атқаруы мүмкін екенін айтады. Бірақ мәселе айтылып жатқан пікір немесе салық Кодексіндегі өзгерістер емес,  реформалардың мазмұны мен бағытына байланысты шешіледі. Өзгерістер  салықтық жүктемені азайтуға, фискалдық реттеудің ашықтығы мен тұрақтылығын арттыруға, экономиканың стратегиялық маңызды салаларын қолдауға бағытталса, бұл инвестициялық ахуалға оң әсерін тигізуі мүмкін. 

«Мемлекет басшысы мәселені әбден зерттегені байқалады. Салықты көбейтпесек, бюджет дағдарысы келіп тұр. Салықты үдетіп жіберсек баға қымбаттап, шағын бизнестің айналымдарына зиян келеді» дейді сарапшы. 

20% деп Үкімет кейін саудаласуға орын қалдыру үшін тым асыра сілтеп жіберген болатын. Бірақ ол шок сияқты қабылданды және психологиялық соққысы ауыр болды. Осыны ескерген Қасым-Жомарт Тоқаев мәселені асқан кәсібилікпен барынша жұмсартып берді. Кәсібилік дегенім — тапсырма емес, жеке пікір ретінде келтіріп, аппарат абыройын сақтады және прогрессивті шкала идеясын дән қылып егіп жіберді.

Оның айтуынша, үкімет  қорда мәселенің подшипниктерін жақсылап майлап, сықырлатпай шешуге ниетті. Үкімет артынан ол подшипниктерді тексеріп, сықырлағанға дейін жүргізіп көреді. Салық өседі. Бір демде емес. Асықпай өседі. Әркім үшін әрқалай өседі. Бірақ оған ешкім наразы болмайды. Экономикадағы дипломатияның сиқыры осында жатыр.

«Кәсіпкерлер Үкіметтің диалогқа ашық екендігін көріп отыр. Ең ұтымды баланс қажетін олар да түсінеді. Көрпені өзіне қарай тарта берсе бюджет кризисі басталады. Салық тым ауырласа бизнес зардап шегеді. Сондықтан осы талқылаулар тиімді баланс тауып беруі тиіс. Созып жүретін уақыт жоқ. Осы аптада мәселені реттеу керек. Көп ұзатпай жаңа салық кодексін парламентте талқылап, Президенттің қол қоюына жібермесек, реформаның алтын уақытын өткізіп аламыз. Инвесторлар

Уақыттан ұтылып қалғанымызды кешірмейді» дейді Айбар Олжаев.

В Астане часть районов останется без электричества 22 августа
21 августа 2025 в 21:23
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Правительственные рабочие группы проинспектировали подготовку к отопительному сезону в Костанайской и Атырауской областях
21 августа 2025 в 20:52
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40
Новая насосно-фильтровальная станция — 4 обеспечит столицу водой до 2035 года
21 августа 2025 в 20:34
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Актуальные тренды и вызовы страхового рынка обсудили на ежегодном страховом форуме
21 августа 2025 в 20:18
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Кыргызскую Республику
21 августа 2025 в 20:02
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Онкологиялық статистика алаңдатарлық трендтерді алға шығарды
21 августа 2025 в 19:47
Казахстанцам вернут миллиарды за отопление: в каких городах будет возврат
19 августа 2025 в 10:16
В Бостандыкском районе Алматы на некоторых улицах вводятся временные ограничения для движения транспорта
21 августа 2025 в 19:37
Подключение от 200 до 220 тысяч тенге: в каких микрорайонах Конаева скоро появится газ
19 августа 2025 в 16:00
Правительство уточнило, кому из иностранцев можно работать в Казахстане без разрешений
21 августа 2025 в 19:22
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Ограничение на выезд снято незаконно – должник скрылся за границей
21 августа 2025 в 19:05
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Год рабочих профессий в Алматы сопровождается инвестициями в укрепление профобразования
21 августа 2025 в 18:52
Почему мозг человека стареет быстро? Ученые из США нашли причину
20 августа 2025 в 13:28
Энергосектордағы мемлекеттің монополиясы бәсекелестікке кедергі келтіреді
21 августа 2025 в 18:36
Бизнес жалуется на Market в Halyk Bank: вместо живых денег — обещания
20 августа 2025 в 15:17
В Правительстве рассмотрены вопросы обеспечения внутренних потребностей в ГСМ
21 августа 2025 в 18:28
«777» или «999» : во Freedom Credit можно взять микрокредит на госномер
19 августа 2025 в 15:15