Президент айтты, сең қозғалды

2025 жылғы 7 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі жөніндегі мәселені қосымша пысықтауды тапсырды. Мемлекет басшысы айтып өткендей, кез келген жаңашылдық жан-жақты талдау мен ойластырылған стратегия негізінде жүргізілуі тиіс. 

Мемлекет басшысы экономика салаларының ерекшеліктерін ескеретін түрлі нұсқаларды пысықтау қажет деп санайды.

Экономист Алмас Чукиннің айтуынша, мәселе ҚҚС-ты 20% -ға дейін көтеру мүмкіндігінде ғана емес, салық жүйесінің әділетсіздігінде.

«Бүгінде Қазақстанда тиімсіз салық моделі қалыптасты: ҚҚС, КТС және ЖТС төмен мөлшерлемелері, бірақ бұл ретте жалақыға салынатын салықтың жоғары болуы. Нәтижесінде ірі бизнес ҚҚС әлемінде, ал шағын бизнес жеңілдетілген жүйеде өмір сүреді «, — деп түсіндірді Чукин.

ҚҚС ережелерінен босатылған қызмет шегін жылына 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынысы ШОБ-тың 30% -ға жуығын қамтиды. Бұдан басқа, бүгінде жеңілдетілген әдістерге құқығы бар 300-ден астам қызмет түрінің тек 50-ден азын ғана қалдыру ұсынылады. Бұл жерде экономикалық реформаның тамыры жатыр. Бүгінде салық салудың баламалы әдістерін пайдаланатындар ҚҚС есепке алмайды және төлемейді. Оларға жаңа мөлшерлеме қандай болатыны бәрібір. Олар ескі торда қалдыруды сұрайды, деп жазады сарапшы.

Шағын және ірі бизнес арасындағы алшақтық неге қауіпті?

Чукин қарапайым мысал келтіреді. Егер екі наубайхана бөлке сатса, біреуі жеңілдетілген жүйемен жұмыс істесе, екіншісі ҚҚС төлесе, біріншісінің бағасы төмен, ал екіншісінің бағасы жоғары болады.

Чукиннің пікірінше, негізгі проблема ҚҚС мөлшерлемесі ғана емес, біркелкі емес салық ауыртпалығаға байланысты. 

Егер бизнес үшін әр түрлі шарттарды қалдырсақ, онда алшақтық тек қана өседі, ал ақыр соңында барлығы салықтан қашу үшін бизнесті ұсақ компанияларға бөліп, кемшіліктерді іздейді. Чукиннің пікірінше, билік шағын бизнестен бастап ірі корпорацияларға дейінгі барлық ойыншылардың мүдделерін ескере отырып, шұғыл кешенді шаралар қабылдауы тиіс. Бірақ басты мақсат — ашық және әділ салық жүйесін құру, онда барлығы бірыңғай ереже бойынша салық төлейді.

Үкіметке берілген  «карт-бланштың» кеңістігі тарылды   

 «Салық жүйесінің реформасы бұрыннан пісіп-жетілген, мәселе 12, 16 немесе 20% емес. Мөлшерлемелер — бизнестің өзегі, бұл жерде популизмге жол берілмейді» деп қорытындылады сарапшы.

NAC Analytica (NU) корпоративтік қорының басқарма төрағасы Расул Рысмамбетовтың пікірінше, президент азаматтардың реакциясын бағалап, процеске араласты.

«Оған қоса, оның баламалы есептеулері болды деп ойлаймын, ол мәселені зерттеді», — дейді сарапшы.

Рысмамбетов экономика министрлігінің көзқарасын түсінетінін де айтып өтті. «Ұлттық қорды сақтап қалу», оның қаражатына тиіспеу осы министрлікке  тапсырылды:

«Ұлттық қорға тиіспей, барлық ірі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды қалай жалғастыруға болады?» деген мәселе үкімет үшін № 1 стратегиялық міндет.  Осыған дейін тек қана  салық жинау қалғандай көзқарас қалыптасты.  Олар ҚҚС мөлшерлемесін 12% -дан 20% -ға дейін көтеруді ұсынды. Енді  үкіметке берілген  «карт-бланштың» кеңістігі тарылды. Рысмамбетов президенттің мәлімдемесінен кейін Экономика министрлігі кәсіпкерлермен,  мамандармен мәселені талқылау үшін өңірлерге баратынын айтты.

«Қазір ең бастысы — мемлекеттік шығыстарды қысқартуға  дайындалу. Тайм-аут алу керек, мемлекеттік емес, бизнес өкілдерінен тұратын экономист-қоғам өкілдерінен үлкен комиссия құрып, жағдайды байыппен қарауға болады. Мен, айталық, соңғы 10 жылдағы бюджетті жинап, оны ашық түрде көрсетуді ұсынар едім, және тиісті біліктілігі бар әрбір адам өз нұсқаларын ұсынсын. Нәтижеге бірлесіп қол жеткізуге болады» дейді қаржыгер. 

 2025 жылғы 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажеттігін мәлімдеді.

Кейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бұл шара қазір үкіметте сарапшылармен талқыланып жатқанын хабарлады.

5 ақпанда депутат Берік Бейсенғалиев Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Олжас Бектеновке салық жүйесіндегі жоспарланған өзгерістерге қатысты сұрақ жолдады. Үкіметтің ҚҚС-ты бір мезгілде 20% -ға дейін көтеру ұсынысы туралы айта келе, ол бұл санды кім анықтап, жүйелі түрде есептеуді жүргізді деген сұрақ қойды.

Енді пәтер сатып алғандардың да дерегі бақыланады
25 августа 2025 в 21:54
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
В акимате Алматы сообщили, когда откроют перекрытые улицы
25 августа 2025 в 21:43
В Казахстане появился новый депозит на месяц
22 августа 2025 в 14:42
Семье Шерзата Полата строят новый дом
25 августа 2025 в 21:29
Казахстанцы массово жалуются на интернет от Beeline: платишь больше — получаешь хуже
20 августа 2025 в 17:07
Тауар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу мәселесі тағы да талқыланды
25 августа 2025 в 21:15
В Казахстане с 2026 года изменится цена автостраховки
22 августа 2025 в 14:37
В Алматы с 26 августа по 30 августа ограничат движение на одном из участков по улице Пушкина
25 августа 2025 в 21:07
Мини-отпуск в конце лета: как отдыхаем на День Конституции
22 августа 2025 в 14:34
Сезон сельскохозяйственных ярмарок в столице откроют аграрии Туркестанской области
25 августа 2025 в 20:52
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Ұлттық қор «айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отауға» айналып барады
25 августа 2025 в 20:39
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Президент принял министра здравоохранения Акмарал Альназарову
25 августа 2025 в 20:31
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
В сфере энергогенерации в Казахстане планируется реализовать 29 проектов общей мощностью около 7,3 ГВт.
25 августа 2025 в 20:16
С осени в Казахстане вводят новые правила по пенсиям
22 августа 2025 в 14:07
В Астане ликвидировали 207 свалок, штрафы за сброс отходов выросли до 7 млн тенге
25 августа 2025 в 19:59
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
За продажу маковой соломки осуждены пятеро жителей области Улытау
25 августа 2025 в 19:44
Где в Астане купить уголь и сколько он стоит
22 августа 2025 в 16:38
Ко Дню Конституции в 4 селах приграничного района области Жетісу ввели новые медицинские объекты
25 августа 2025 в 19:29
Рейтинг банков Казахстана по активами и чистой прибыли вместе с новыми KMF и «БиЭнКей»
19 августа 2025 в 16:40