Ұлттық қор «айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отауға» айналып барады

Ұлттық қордың шығыстары түсімдерден екі есе асып түсті. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет байқалып  отыр. Түсімдердің қысқаруы мен трансфердің жиілеп кетуі ордың мүмкіндіктерінің шектеулі екенін білдіреді. Егер мұндай динамика сақталса, мемлекетке ағымдағы қажеттіліктер мен стратегиялық мақсат — болашақ үшін жинақтарды сақтау арасындағы теңгерімді ұстап тұру қиынырақ болады.

Экономистер қазіргі үрдістер кезінде Ұлттық қорға жаңа толықтыру көздерін іздеуге немесе тұрақтылықты сақтау үшін шығыстарды қатаң бақылауға тура келетінін ескертеді.

Finprom.kz талдаушыларының айтуынша, мұндай жағдай толық жылда емес, 2025 жылдың қаңтар-шілдесінде қалыптасқан.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде Ұлттық қордан шамамен 3,5 трлн теңге алынды,

Ал қорға небәрі 1,7 трлн теңге түсті.

Бұған дейінгі антирекорд 2024 жылы байқалған, ол кезде шығыстар түсімдерден 1,5 есе көп болған.

Ұлттық қордағы қаражат көлемінің көпжылдық динамикасы 2019 жылдан 2024 жылға дейін олардың 34,7 трлн теңгеге жетіп, 28,4% -ға ұлғайғанын көрсетеді. Өткен жылы алып қою үлесі активтердің жалпы көлемінің 17,1% -ын құрады.

Ағымдағы жылғы шығыстар мен түсімдер арасындағы үлкен айырмашылықтың басты себебін талдаушылар қор кірістерінің күрт қысқаруы деп атайды.

 «Резервтер туралы айтар болсақ, Ұлттық қорға түсімдер шикізат конъюнктурасының әлсіздігі жағдайында айтарлықтай төмендегенін атап өткен жөн, бұл жоғары алулар жағдайында оны жинақтау әлеуетін төмендетеді. Бұл 2029 жылға қарай оның активтерін $100 млрд-қа жеткізу мақсатының орындалуына күмән келтіреді «, — деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары.

Сонымен қатар сарапшылар қорға салықтық емес түсімдер көлемінің едәуір өсуін атап өтті.

Сарапшылар: «Ұлттық қордың 2025 жылғы көрсеткішін теріс инвестициялық кіріс едәуір төмендетті» деп атап өтті. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жиынтық шығынды ескере отырып, минус 584,5 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде қорды басқару бойынша жұмыс қоржынға 464,4 млрд теңге әкелді.

                                      Ұлттық қор туралы заң керек …

Ұлттық қор, бейнелеп айтқанда «айдада ақ отау, аузы мұрны жоқ  отауға көбірек ұқсап барады. Сарапшылардың заң керек деген пікірді қаттырақ  айта бастағанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ұлттық қор қызметінің ашықтығы мен есептілігіне қойылатын талаптар 2023 жылғы тұжырымдамада да, 2025 жылы күшіне енген жаңа Бюджет кодексінде с Қаржы министрлігі ай сайын Ұлттық қордың кірісі пен шығыс туралы мәліметті, сондай-ақ жыл сайын қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есепті жариялап отыруы тиіс екені айтылған. Қаржы министрлігі   2023 жылғы Ұлттық қорды пайдалану жөніндегі толыққанды жылдық есепті өз интернет-ресурсында орналастырмады. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы  есеп жақында 2024   ғана, 22 шілдеде жарияланды.  Қордан бөлінетін қаражат тек республикалық бюджетке трансферт ретінде жұмсалуы тиіс болса да 2015 жылдан бастап  бюджеттен тыс мақсаттарға да жұмсала бастады. Тіпті, банктерді құтқаруға бөлінген қаржы да  қордан бөлінді .

Сарапшылар не дейді

 Сарапшы Сапарбай Жобаевтың айтуынша,  Ұлттық қор инвестициялық табысының төмен болып көрінуін ұлттық валюта бағамының құнсыздану әсерімен байланысты,  «Қор активтері негізінен АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына және өзге дамыған елдердің қаржы құралдарына инвестицияланады. Оның айтуынша, Ұлттық қорды тиімді басқару бойынша барлық заңнамалық база қалыптасты. Республика экономикасына тек қысқа мерзімді оң әсері бар жанама алып қоюларды (ҚМГ акцияларын сатып алу сияқты) болдырмай және бюджеттік ережені мүлтіксіз сақтай отырып, белгіленген қағидаттарды ұстану ғана қалады.

 Ұлттық қордан алынған қаражатқа ұқсас, зейнетақы қаражатын осы жобаларға бағыттау, шын мәнінде, парламенттік бақылаусыз және стандартты бюджеттік рәсімдерсіз мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мүмкіндігі болып табылады. Бұдан басқа, бұл салымшылардың құқықтарын бұзуы мүмкін, себебі БЖЗҚ қаражатының көрсетілген салымдары нарықтық емес сипатта болуы мүмкін «, — деп түйіндеді ол.

Продолжая тему:
Тенге дорожает, доллар дешевеет. Официальный курс на 27 августа
26 августа 2025 в 15:36
Компания Wildberries изменила доставку в Казахстане — подробности
21 августа 2025 в 11:37
Начато структурирование сделки по продаже Home Credit Bank
26 августа 2025 в 15:25
Мини-отпуск в конце лета: как отдыхаем на День Конституции
22 августа 2025 в 14:34
В Казахстане 84% домов подготовлены к зиме — что будет с остальными?
26 августа 2025 в 14:47
В Казахстане появился новый депозит на месяц
22 августа 2025 в 14:42
Цены на лук и картофель в Казахстане могут повыситься к зиме
26 августа 2025 в 14:40
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
Доходность пенсионных накоплений превысила инфляцию
26 августа 2025 в 14:11
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
129,4 млрд тенге направят на ремонт теплосетей в Казахстане
26 августа 2025 в 13:27
В Казахстане с 2026 года изменится цена автостраховки
22 августа 2025 в 14:37
Что происходит с мозгом мужчин, когда они впервые становятся отцами?
26 августа 2025 в 13:24
Деньги умерших в ЕНПФ: кто и как может получить эти миллиарды
25 августа 2025 в 14:55
Все про аналитику соцмедиа на Brand Analytics Conference Kazakhstan: цифры, тренды, ИИ
26 августа 2025 в 13:09
Можно ли вычислить ложь по лицу? Учёные дали ответ
26 августа 2025 в 12:34
Куда уходят деньги «Париматч»?
26 августа 2025 в 13:05
С осени в Казахстане вводят новые правила по пенсиям
22 августа 2025 в 14:07
150 млн тенге за вырубку несуществующих деревьев: прокуратура вмешалась
26 августа 2025 в 12:53
Самая частая зарплата казахстанцев — 97 тысяч тенге в месяц?
25 августа 2025 в 17:48
Как IT-решения могут облегчить жизнь казахстанцев
26 августа 2025 в 12:47
Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Кыргызскую Республику
21 августа 2025 в 20:02
Безопасность детей в интернете: эксперты рассказали, как защитить от противоправного контента
26 августа 2025 в 12:33
ForteBank с сентября поднимает тарифы на переводы в рублях
24 августа 2025 в 11:58