Азық түлік қауіпсіздігіне байланысты шешімдер нақтыланды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тетіктері сараланып, төмендегідей шешімдер қайта нақтыланды. Сондай-ақ кеңесте Серік Жұманғарин тарифтердің өсуінің инфляцияға ықпалын төмендету мәселелері бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасын тыңдады. Кеңес қорытындысы бойынша ел тұрғындарын қазақстандық өнімдермен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді   

Не өзгерді?    Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2021–2024 жылдары жалпы өнім көлемі 11,3%-ға өсіп, 7,5 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 14%-ға (4,4-тен 5 трлн теңгеге дейін), мал шаруашылығы 5,6%-ға (3,1-ден 3,29 трлн теңгеге дейін) артты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өсім 3,7%-ды құрап, 1,8 трлн теңгеге жетті.

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады. Сүт, ет, ұн, макарон өнімдері, өсімдік және сары май өңдеу көлемі артты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен 80-100% және одан да жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр.

Аталған бағыттардағы тәуелділікті төмендету үшін инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, жыл басынан бері бағаның өсу қарқыны айтарлықтай бәсеңдеген. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсімі 8%-ды құрады, ал екінші тоқсаннан бастап қарқынның бәсеңдеуі байқалады: сәуірде 1,6%, мамырда 1%, маусымда 0,7%, шілдеде 0,4%, тамыздың екі аптасында небәрі 0,1%.

«15 азық-түлік өнімі (күнбағыс майы, сүзбе, жұмыртқа, тұз, қарақұмық, күріш, ұн, көкөніс және т.б.) бойынша Қазақстанда ЕАЭО елдерінің ішінде ең төмен нарықтық бағалар тіркелген. Сүт пен сиыр еті бойынша Қазақстан тек Беларусьтан кейін тұр, құс еті бойынша – Беларусь пен Ресейден кейін, ал сары май бойынша – Қырғызстаннан кейін», – деді бірінші вице-министр.

Бағаны ішкі нарықта тұрақтандыру үшін мемлекет бордақылау алаңдарын дамытуға, ет кластерін құруға қолдау көрсетіп, өңірлер мен ірі қалаларда фермерлерге тегін сауда орындары ұсынылатын жәрмеңкелер өткізіп келеді.

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі қайта өзекті сипат алып отыр. Energyprom.kz сарапшыларының талдауынша, 2025 жылдың алғашқы төрт айында елдегі бірқатар негізгі азық-түлік түріне деген сұраныс дерлік толықтай импорт арқылы қамтамасыз етілген.

Ең алаңдатарлық жағдай қант нарығында.

 Биыл сатылған қанттың 73,8%-ы сырттан әкелінген, оның басым бөлігі — Ресейден. Егер көршілес елдер, әсіресе Мәскеу экспорттық квоталарды қысқартса, Қазақстан қайтадан қант тапшылығына ұрынып, баға күрт көтерілуі мүмкін.

 Импорттың ең жоғары үлесі байқалатын тағам түрлері:

Бұған қоса, ірімшік, жеміс-жидек, көкөніс, шұжық, макарон және құс еті сияқты өнімдердің де импорт үлесі айтарлықтай жоғары (бірақ әзірге 50%-дан аспайды).

Азық-түлік импортына тәуелділік Қазақстан үшін тек экономикалық емес, геосаяси тәуекел де туғызады. Қазір әлемде азық-түлік тапшылығы, экспорттық шектеулер мен логистикалық дағдарыстар көбейіп келе жатқанда, ішкі нарықты шетелдік өнімге байлап қою — қауіпті саясат, дейді сарапшылар.

Қазақстан бұған дейін де бірнеше рет қант, жұмыртқа, пияз, күнбағыс майы сияқты өнімдердің тапшылығын бастан өткерді. Мұндай дағдарыстар сыртқы нарықтағы өзгерістерге шамадан тыс тәуелділіктен туындайды. Ал ішкі өндіріс әлі күнге дейін импортпен толық бәсекеге түсе алмай отыр

 Сарапшылардың пайымынша, қазіргі ахуалды өзгерту үшін:

Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін тек маусымдық емес, стратегиялық деңгейде қарау керектігі айтылып отыр.

 Импортқа тәуелділік — тек экономикалық емес, егемендікке төнетін қауіп. Қазақстанның азық-түлік саласында сапалы әрі ұзақмерзімді реформалар қажет. Әйтпесе сыртқы нарықтағы кез келген өзгеріс — ел ішінде баға өсімі мен тапшылыққа әкелуі мүмкін.

Продолжая тему:
Подсудимый по делу о покушении на Руслана Берденова выступил с последним словом
19 августа 2025 в 19:04
Новый поворот. На банковском рынке Казахстана – перемены
18 августа 2025 в 10:53
Студентка выпала из окна общежития Назарбаев Университета в Астане
19 августа 2025 в 18:52
Назван возраст, когда похудеть становится почти невозможно
15 августа 2025 в 12:31
Мұнай бағасы құлдыраса, бізді не күтіп тұр
19 августа 2025 в 18:40
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
Президент принял акима города Шымкент Габита Сыздыкбекова
19 августа 2025 в 18:31
Курица «взлетела»: почему цены в Казахстане резко пошли вверх?
15 августа 2025 в 11:04
Азық түлік қауіпсіздігіне байланысты шешімдер нақтыланды
19 августа 2025 в 18:19
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
КТЖ увеличило выручку до более 1,5 трлн тенге
19 августа 2025 в 18:11
Премиум от Bereke Bank: казахстанец увидел на своей карте минус 2,6 тысячи долларов
14 августа 2025 в 15:55
Процесс ж/д перевозок автоматизируют в Казахстане
19 августа 2025 в 18:00
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Полиция дает советы, как защитить личные данные от мошенников
19 августа 2025 в 17:49
Редкое явление произошло на торгах тенге и доллара на KASE
14 августа 2025 в 15:38
В Казахстан заходит Bolt: у Яндекс Go появился новый конкурент
19 августа 2025 в 17:46
Токаев и Зеленский обсудили мирное урегулирование конфликта на Украине
10 августа 2025 в 17:35
Незаконное расходование бюджетных средств на сумму около 60 млн тенге выявлено прокуратурой Тараза
19 августа 2025 в 17:33
Продажи новых авто в Казахстане бьют рекорды
15 августа 2025 в 10:25
Автокредиты в топе, ипотека наоборот: свежие данные Нацбанка о спросе на займы
19 августа 2025 в 17:30
Halyk Bank блокирует счета казахстанцев. Причин никто не знает
13 августа 2025 в 16:38
В Казахстане планируют закупить 456 локомотивов
19 августа 2025 в 17:17
Неожиданное открытие: корейские исследователи назвали старение «заразным»
14 августа 2025 в 12:45