Қазақстан Орта дәлізге (ТХКБ ) оң иығын бере бастады

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытында (ТХКБ) негізгі рөл атқарады. Ресми түрде Транскаспий халықаралық сауда бағыты деп аталатын орта дәліз Қытайды Еуропамен байланыстыратын ең қысқа сауда жолы ретінде жиі жарнамаланады.

Рресейлік Солтүстік дәлізге де, Суэц арнасына да балама. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы экономикалық өзара іс-қимылдың тағы бір маңызды аспектісі.

Мемлекет басшысы 2019 жылы қыркүйек айында Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцпен кездескен кезде  «Орта дәлізді» одан әрі дамытудың инвестициялық тұрғыдан перс­пективасының болашағы бар екенін айтып өтті. «Орталық Азия мен Еуропаның көлік-логис­тика жүйесін одан әрі интеграциялау маңызды міндет болып қала береді. Қазақстан Global Gateway бағдарламасы аясында «Орта дәлізді» дамыту үшін еуропалық серіктестердің 10 миллиард еуро бөлу туралы шешімін құптайды. Осы бағытты Трансеуропалық көлік желісімен және Global Gateway стратегиясымен ұштастыруда Германия тарапы қолдау көрсетеді деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Logistics Performance Index (LPI) рейтингінің «көлік инфрақұрылымы» қосалқы индексінде Қазақстан 2018 жылғы бағалаумен салыстырғанда позициясының жақсартқан, 138 елдің арасында 80-орынға ие болды (2018 жылы 81 орын). Дегенмен, позицияларды одан әрі нығайту және жүк тасымалы көлемінің өсуін ынталандыру үшін айтарлықтай күрделі салым қажет. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) болжамдарына сәйкес, Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын айтарлықтай жақсарту үшін қажетті инвестицияның жалпы көлемі Қазақстан үшін 5,5 миллиард еуроны және жалпы аймақ үшін 18,5 миллиард еуроға жетті.   

• Логистикалық артерия:

Орта дәліз Оңтүстік Кавказ пен Орталық Азия елдерін байланыстыратын стратегиялық маңызды логистикалық бағыт ретінде қарастырылады, бұл логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға және сауда үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.

• Еуропаға арналған баламалы маршрут:

Сарапшылардың айтуынша, Орта дәліз Еуропаға Ресейді айналып өтетін қосымша сауда бағытын ұсынады, бұл әсіресе санкцияларға байланысты маңызды.

• Ынтымақтастықты дамыту:

Орта дәліз экономикалық ынтымақтастыққа ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық және білім беру салаларындағы, сондай-ақ мәдени өзара іс-қимылдағы қатынастарды дамытуға да ықпал етеді.

• Синхронды даму:

Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінің логистикалық инфрақұрылымы ілеспе және бірін-бірі толықтыратын дамуда, бұл өңірлік интеграцияны нығайтады.

Кедергілер

Halyk Finance сарапшысы  Санжар Қалдаровтың айтуынша, бізге Қазақстанға экспорттық және транзиттік әлеуетін дамытуды жалғастыруы маңызды.

«2030 жылға қарай Орта дәліздің әлеуеті жылына 20 млн тоннаға дейін жүк деп бағаланады. Бұл ретте ол көлік жүйесін дамыту үшін ғана емес, технологиялық ынтымақтастықты қоса алғанда, Қытаймен және Еуропа елдерімен неғұрлым терең экономикалық интеграция үшін де түйінді буын болып табылады. Осы салаға инвестициялар тарту және инфрақұрылымды жаңғырту, біздің ойымызша, сыртқы сауда байланыстарын кеңейту және Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіне кірігуі үшін орта мерзімді перспективада мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болуы тиіс» дейді Санжар Қалдаров.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағыты қазір «Қытай — Еуропа» құрлықтағы бағытына балама болып табылады.

«Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда елдер барлық жұмыртқаларды бір себетке салуға болмайтынын түсінеді, бір әріптеске немесе бір бағытқа үміт артудың да ақылға қонымды емес», — деді ол.

Сарапшының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан бюджеті транзитке тәуелді емес. ТХКБ — перспективалы бағыт және біздің еліміз өз орнын пайдалана отырып, логистикалық мүмкіндіктер мен транзит үшін ақша алу үшін өзінің көлік инфрақұрылымын жақсартуға тырысады.

Саясаттанушы дәлізді инвестициялық мемлекеттік қолдауды қажет ететін жоба ретінде қарастыру керектігін, оның белгілі бір дәрежеде әзірленуі және жақсы заң базасы болуы тиіс екенін атап өтті. ТХКБ перспективасын бағалау үшін оны жүйе ретінде қарастыру қажет: барлық кемшіліктер, артықшылықтар, сондай-ақ оның саудадағы рөлі.

Эдуард Полетаевтың айтуынша, ТХКБ мүмкіндіктерді күшейтуді талап етеді. Бағдарға әртүрлі дәрежеде әсер ететін бірнеше факторлар бар: көп шекаралы тасымалдау, Каспийдің тұрақсыз ауа райы жағдайлары, Ақтау және Құрық порттары транзитін ұлғайту үшін жеткілікті дамымаған (осы сәтте), сондай-ақ жүктің қозғалу жылдамдығын тежейтін кедендік тазарту. Көптеген басқа сарапшылар бағыттың дамуына кедергі келтіретін факторлардың ішінде оның саясаттандырылуын атаған болар еді, бірақ Полетаев Қазақстан одан ұтады деп санайды.

Бұл жобаның  саясиландырылғанын және бұл жобаға тиімді екенін сарапшылар да жиі айтады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі халықаралық алаңдарда және халыққа үндеулерінде ТХКБ мен жалпы транзиттің мүмкіндіктері туралы айтты, өйткені бұл Қазақстан үшін пайдалы әрі маңызды.

«Ресей-Украина қақтығысына байланысты болды. Ресей мен Еуропаның тауар-ақша қарым-қатынастары қайта бағдарланды. Қазірдің өзінде тауар айналымының 50% -дан астамы оңтүстік-шығыс Азияға, атап айтқанда Қытайға көшті. Қазақстан белгілі бір дәрежеде осы транзит жолына түседі, бұл да тиімді. Сонымен қатар, қазір Ресеймен аз дәрежеде сауда жасайтын Еуропаға осы баламалы бағытты пайдалану тиімді «, — дейді саясаттанушы.

Біздің байлам

Біз транзиттік ел екенміз, айналамыздағы жағдайдар бізге байланысты екенін білеміз. 2023 жылы Қытаймен  ТХКБ дамыту туралы келісімге қол қойылды. Қытай бірінші кезекте өзінің батыс провинцияларын дамытуға мүдделі болғанмен,  Қазақстан арқылы Синьцзян өнімін теңіз арқылы тасу үшін бізге тиімді. Енді мәселе батыс Қытай өнімдерінің еуропалық сатып алушылар үшін қаншалықты сұранысқа ие болуында.  

#Казахстан
Qazstat: в 5 раз вырос объем торговли БАДами за последний год
30 июня 2025 в 21:11
Уходит на пике. Почему Home Credit решил продаться Forte — мнение
27 июня 2025 в 12:16
Вполне реально: Смадияров об угрозе смертной казни для двух казахстанцам в Индонезии
30 июня 2025 в 20:29
Назван идеальный уровень сахара для долгой жизни — данные ученых
27 июня 2025 в 13:47
В Алматы временно будет перекрыт участок улицы Желтоксан
30 июня 2025 в 19:58
С 2026 года в Казахстане повысят пенсии и соцвыплаты
27 июня 2025 в 14:17
Тәркіленген криптоактивтер жағдайы Ұлттық банк пен Бас прокуратураны алаңдата бастады: шешім қандай?
30 июня 2025 в 19:40
Остановить старение? Ученые назвали витамин, который творит чудеса с кожей
26 июня 2025 в 11:06
Топали ногами и скандалили: Смадияров о застрявших в Катаре казахстанцах
30 июня 2025 в 19:32
В Home Credit Bank пояснили свою продажу ForteBank
27 июня 2025 в 10:54
В Алматы ежедневно обрабатываются деревья от вязовых клопов
30 июня 2025 в 19:23
Ставки по несрочным депозитам выросли — один из банков поднял до 15,2%
27 июня 2025 в 17:08
Утверждены Правила лизинга и микрокредитования для сельской местности и малых городов
30 июня 2025 в 18:55
В Атырауской области начали строительство завода по переработке сжиженного газа
29 июня 2025 в 15:26
Ассоциация фермеров Казахстана не согласна с тем, что уровень господдержки сельского хозяйства недостаточен
30 июня 2025 в 18:45
Проезд через границу Казахстана может стать платным
30 июня 2025 в 09:39
Алтын кеніміз қытайға өткелі тұр
30 июня 2025 в 18:20
Минимальная зарплата в Казахстане вырастет до 90 тысяч
27 июня 2025 в 14:06
Импорт сүт өнімдеріне деген тәуелділік деңгейі қозғалмай тұр
30 июня 2025 в 18:12
Ночная потливость — не просто симптом: медик предупредил об опасном виде рака
3 июня 2025 в 12:25
АФМ: Операторы сотовой связи будут относиться к субъектам финансового мониторинга
30 июня 2025 в 18:05
На Каспии снова обнаружили десятки мёртвых тюленей
25 мая 2025 в 12:55
Экс-судью подозреаают с мошенничестве
30 июня 2025 в 17:41
В Казахстане вводят новый налог: взлетят цены на жилье
27 июня 2025 в 18:14