Сауда желілерін мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне күмән келтірілді

Ірі сауда желілері бұрынғыдай мемлекеттік қолдаудың фавориттері емес. Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі шағын және орта бизнесті қолдауға көшетіні өткен жылы белгілі болған.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, бұл шешім  өркениетті сауда пайызы республикалық деңгейден төмен өңірлерде сауда желілерін дамыту үшін  қабылданыпты.

Енді бұл мәселе парламентте көтерілді

Сенатор Ләззат Рысбекованың айтуынша, мемлекеттік органдардың ешқайсысында бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету шарттары туралы толық ақпарат жоқ, бұл олардың тиімділігін бағалауды қиындатады. Бұл ретте ағымдағы жылы осы мақсатқа 5,3 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.

«Бюджет қаражатының қатаң лимитін ескере отырып, тек басым бағыттарды қолдауға шоғырлану қажет. Бүгінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, сондай-ақ ішкі сауда субъектілері үшін кредиттер бойынша жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз етуге кепілдік беру жұмыс істейді. Бірақ қайта сатумен айналысатындарға қолдау көрсетудің орындылығы туралы мәселе туындайды. Саудада қатаң бәсекелестік бар және шығынды кәсіпорындардың орнына әрқашан жаңа, анағұрлым табысты кәсіпорындар келеді. Осыны ескере отырып, сауда желілерін қаржылық қолдау, біздің ойымызша, өте күмәнді және орынсыз», — деп мәлімдеді сенатор.

Депутаттың айтуынша,  мемлекеттік қолдау шаралары өндірістің технологиялық күрделілігі мен бизнес санаттары бойынша саралануы тиіс деп санайды. Өңдеуші өнеркәсіпке басымдық беру керек.

Сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларының, оның ішінде ұлттық жобалардың тиімділігіне талдау және бағалау жүргізу қажеттігі де сенатордың назарынан тыс қалмады. Себебі күні бүгінге дейінгі қолданыста болған бағдарламаларды іске асырудан қандай нақты нәтиже алғанымыз әлі күнге дейін белгісіз.  

«Қорытындылары бойынша мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізілімі қалыптастырылуы тиіс, ол тек олардың ішіндегі ең тиімдісін қамтитын болады», — дейді Л.  Рысбекова.

2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы сауда саласында оң өзгерістер байқалғаны айтылды

 Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, сауданың нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты. Нарықтағы негізгі ойыншылар.

 Қазақстандағы сауда айналымының басым бөлігі көтерме саудаға тиесілі, оның үлесі 68,2% құрайды. 2025 жылдың қаңтарында көтерме сауда көлемі 2 850,4 млрд теңгеге жетіп, 3,8%-ға өсті.

Нарықтағы 81% – өндірістік мақсаттағы және басқа да азық-түлік емес тауарлар. Екіншіден сауда-саттық Алматы мен Астана қаласы, Атырау мен Қарағанды облысында шоғырланған. Бұл көрсеткіштер көтерме сауданың негізінен ірі қалалар мен өндірістік аймақтарда екенін байқатады

Тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты бөлшек сауда көлемі 4,2%-ға өсіп, 1 316,8 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауданың құрылымында сауда кәсіпорындары арқылы сату 3,5%-ға артса, жеке кәсіпкерлер мен базарлардағы сату көлемі 6,8%-ға ұлғайды. Сұраныстың артуына байланысты бөлшек сауда көлемі 4,2%-ға өсіп, 1 316,8 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде:

Қаңтар айының соңында сауда кәсіпорындарындағы тауар қоры 1 470,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 64 күндік сауда айналымына тең, яғни еліміздегі сауда орындарында тауар қоры жеткілікті деңгейде сақталған.

Проблемалар

Аймақтық теңсіздік – сауда айналымының негізгі бөлігі Алматы, Астана және мұнай өндіруші облыстарда шоғырланған, ал басқа өңірлердегі сауда әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Көтерме сауданың басымдығы – жалпы айналымның 68,2%-ы көтерме саудаға тиесілі. Бұл шағын және орта деңгейдегі бөлшек сауданың дамуын тежейді және нарықтағы бәсекелестікті төмендетуі мүмкін.

Тауар қорының өсуі – қоймалардағы тауар көлемінің ұлғаюы тұтынушылық сұраныстың бәсеңдегенін білдіруі мүмкін. Бұл бөлшек сауда орындары үшін қосымша шығындар тудыруы мүмкін.

Отандық тауар өндірішілердің өндірген өнімінің кемі 90  пайызы сауда желілері емес, бөлшек сауда нүктелерінде сатылып келгені, бөлшек сауда илерінің олармен баға жөнінде теңесе алмайтыны осыған дейін айтылған. Себебі мемлекеттік қолдауы оларға бағаны нарықтағы бағада   10 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берген. Ал ірі сауда желілерінің сауда сөресіндегі отандық тауарлардың үлесі туралы әңгіме бөлек тақырып.

Алматыдағы «Аян»  шағын сауда дүкенінің иесі, кәсіпкер  Олжас Мамадәлі үкіметтің экономикалық блогының ірі сауда желілеріне қатысты шешімі бөлшек сауда дүкендерінің іріленуіне, филиалдарын ашуға мүмкіндік беретінін айтады.  Импорт алмастыру қазақстан­дық экономиканы тұрақ­тан­ды­рудың басты тетігі. Бірақ  азық-түлік нарығында жергілікті өндірушілер өктемдік таныта алмай­тын тұстар көп.  Жергілікті өнім өндірушілер сапалы да арзан өнімдермен қамтамасыз ете алмай отыр. Ал отандық өнім өндіретіндер болса өз өнімдеріне тапсырыстың аздығынан толық көлемде жұмыс істей алмай отыр. Ресей мен Бе­ларусьтің ірі өндірушілері өнімді барлық көлемде және керек кезде қамтамасыз еткендіктен сауда желілері сырт жаққа ыңғай таныта береді. Мысалы, «Профхим» сауда белгісіндегі тұрмыстың химия өнімдерін шығаратын зауыттың директоры Владимир Юрьевия осы сегменттегі өнім өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі тек 4 пайыздан аспайтынын айтқан. Оның айтуынша, жылдық айналымы 100 млн долларға жетпейтін тауар өндірушілердің  импорт өнімдермен бәсекеге түсуі мүмкін емес, О. Мамадәлінің айтуынша, отандық өндірісті сани­тарлық-эпидемиялық бақылау органдары үнемі тексеріп отыруы бизнестің алға жүруіне кедергі келтіреді. . Ал импорттық тауарлар Қазақстан нарығына кірген кезде бір рет қана тексеріліп, содан кейін үш жыл бойы импорттық өндіруші тексерусіз жұмыс істейтіні ойын ережесінің әділ емес екенін көрсетіп тұр.

«Жергілікті нарық пен өнім сапасына бағытталған отандық кәсіпорындар импорт өнімдерге сапа жағынан төтеп берсе де баға жағынан төтеп бере алмайды, арзанын таңдайды. Мұның  азық-түлік сапасына ғана емес, ұлттық нарыққа және отандық бизнеске кері әсер етеді», — дейді Олжас Мамадәлі.

О. Мамадәлі айтып өткендей,  бөлшек сауда иелерінің батыс елдеріндегі тауар өндірушілеріне рі көлемде тапсырыс  беруге қаржы айналымы жетпейді. Ұзақ уақыт бойы мемлекеттен қолдау алып келген ірі сауда желілері мемлекеттің қолдауымен жеңілдетілген тауарларын бөлшек сауда иелеріне сатып бір оқпен екі қоянды атып алып отыр.

Нарық импорттық өніммен мөлшерден артық толыққан

«Қазақстанның ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы» атқарушы директорының орынбасары Юлия Намның айтуынша, 2021 жылы  Үкімет қау­лысымен «ҚР агро­өнер­кәсіптік кеше­нін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бекітілді, оның міндетінің бірі – нарықты жер­гілікті өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету болатын. Отандық ет өңдеу кәсіпорындары тұтынушыны сапалы өніммен жеткізуге дайын. Бірақ нарық импорттық өніммен мөлшерден артық толыққан. Қазір импортты отандық өніммен алмастыру мәселесі стратегиялық жағынан маңызды.  Сау­да желілерімен импортты алмастыру мәселесін заңнамалық жағынан реттеу қажет. Себебі жергілікті өнім өндірушілер бұл мәселені шеше алмайды», — дейді ол.  

Продолжая тему:
#Господдержка #Деньги #Казахстан #МСБ #Розничные сети
В Казахстане начато публичное обсуждение законов о банках
9 мая 2025 в 11:13
В Алматинской области пропали арестованные авто на миллионы тенге
5 мая 2025 в 11:54
16 мая Go Ahead проведет конференцию Digital Discovery 3.0 в городе Алматы
9 мая 2025 в 10:42
Что будет с деньгами и долгами, если банк в Казахстане лишится лицензии
5 мая 2025 в 14:28
Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с 9 мая
9 мая 2025 в 09:16
В Алматы кассы переводят на новую цифровую систему
5 мая 2025 в 12:16
Казахстан призвал Индию и Пакистан к сдержанности
8 мая 2025 в 21:55
Колледжи будут получать 912 тысяч тенге на каждого студента — вдвое больше, чем раньше
6 мая 2025 в 20:20
RAMS BEYOND ALMATY: Архитектурный прорыв и символ нового Алматы
8 мая 2025 в 21:15
С 11 мая в Казахстане изменятся цены на бензин и дизельное топливо
2 мая 2025 в 22:07
Air Astana изменила маршрут в Индию и обратно: что важно знать
8 мая 2025 в 21:14
113 ДТП, 42 погибших: власти Казахстана берутся за контроль такси
21 апреля 2025 в 15:13
Бағаны бақылау құтылмайтын көлеңкеге айналды
8 мая 2025 в 20:30
Только треть мужчин в Казахстане копит в банках: что показывает новое исследование
6 мая 2025 в 19:42
SIM-карты только через операторов: в Казахстане хотят ужесточить правила из-за всплеска мошенничества
8 мая 2025 в 20:25
КМГ: Цену на бензин повышают плавно для предотвращения шокового эффекта
5 мая 2025 в 17:12
Выбрать страховой полис теперь можно удобнее — в Казахстане заработал новый сервис
8 мая 2025 в 19:29
Налог на лекарства и услуги медиков введут мягко
5 мая 2025 в 11:17
«Бәйтерек» 8 трлн теңгені нарыққа «шашып» жіберді: сарапшылар оның әсерінің «баяндылығына» күмәнданады
8 мая 2025 в 18:38
Доллар превысил 516 тенге: что это значит для людей
5 мая 2025 в 15:35
Берете микрокредит? Вот что обязательно нужно знать о договоре
8 мая 2025 в 18:33
Алматы внедряет транспорт будущего: что изменится для горожан
6 мая 2025 в 10:10
50 тысяч алматинцев вышли на субботник ко Дню Победы: высажено 439 деревьев, собрано 10 тысяч кубометров мусора
8 мая 2025 в 18:04
В Казахстане запускают дополнительные летние поезда
8 мая 2025 в 09:12