
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин үкімет отырысының қорытындысы бойынша Астанада өткен брифингте 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі 300 мыңға жуық компанияның жабылуына алып келуі мүмкін деп мәлімдеді.
«Бизнестің қысқаруы туралы біз алдын ала айтқан болатынбыз, бірақ бөлшектенгендер жабылады, себебі енді оның [бизнестің] бөлшектенуіне негіз болмайды, — деп мәлімдеді Әмрин.
Оның айтуынша, бір ғана салық төлеушінің өз қызметкерлеріне жекелеген компанияларды рәсімдеп, жылдан жылға бірдей сандарды көрсете алатынын жиі көреміз. Компаниялар ҚҚС бойынша табалдырыққа жеткенде, одан кейін жаңа компания тіркелгенде бөлшектеу жиі болады.
Алайда жаңа кодексте бизнесті жаппай бөлшектеу жағдайлары тіркелетін кәсіпкерлік қызмет түрлерінде ҚҚС шегі көтеріледі, яғни заңды тұлғаларда жаңа фирмалар ашуға себеп болмайды.
«Қазір жеңілдетілген декларацияда 187 млн теңге лимит қарастырылған, бұл ретте кәсіпкер ҚҚС төлеуші болуы тиіс. Бұған дейін лимит 83 млн теңгені құраған кезде компаниялар осы сомаға жетіп, жаңа заңды тұлғаларды ашқан болатын. Енді ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу қажеттілігінсіз 2,35 млрд теңгенің жалпы шегі белгіленді. Яғни бөлшектенудің қажеті жоқ — бизнесті бір компанияға біріктіруге болады. Сондықтан біздің алдын ала есептеулеріміз бойынша 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылады, өйткені олардың жұмыс істеуінің экономикалық мәні болмайды. Есесіне адал бизнес үшін барынша ашық және тиімді жағдайлар жасалуда», — деп мәлімдеді вице-министр.