Ұлттық Банк цифрлық активтер бойынша ерекше реттеу режимін және пилоттық жобаларды іске қосты

Ұлттық Банк цифрлық активтерді ерекше реттеу режимінің (реттеуші сынақ алаңының) іске қосылғаны және алғашқы пилоттық жобалардың басталғаны туралы хабарлайды.

Құжат цифрлық активтер бойынша ерекше реттеуші сынақ алаңының жұмыс істеу тәртібін, пилоттық жобаларды іске қосу үшін құжаттарды қарау рәсімін, қатысушылардың құрамын (тұлғалар тобын) және олардың қызметінің базалық шарттарын айқындайды.

Ерекше реттеу режиміне қатысушылар:

— екінші деңгейлі банктер;

— банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

— төлем ұйымдары;

— өзге де заңды тұлғалар, яғни Қазақстан Республикасының резиденттері.

Ұлттық Банк даму мен қаржылық тұрақтылық арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, цифрлық қаржылық инновацияларды қауіпсіз сынау мақсатында ашық платформа құруға ұмтылады.

Бұдан басқа, реттеу режимінің аясында цифрлық активтер индустриясының бизнес-қоғамдастығы бастамашылық еткен өтінімдерге сәйкес төрт негізгі бағыт бойынша дайындығы жоғары дәрежедегі пилоттық жобалардың бірінші тобы іске қосылды:

1) Теңгемен қамтамасыз етілген «фиат» стейблкоиндары – ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық активтер. Олар долларлық стейблкоиндардың әлеуетті алмастырушысы ретінде сыналатын болады (теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру үшін);

2) Жылжымайтын мүлікті токенизациялау – жылжымайтын мүлік нысандарына құқықтарды куәландыратын цифрлық токендер. Девелоперлерге қаржыландыруды тартуға және бөлшек инвесторларға коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестициялар жасауды қол жеткізуге мүмкіндік береді;

3) Нақты активтерді токенизациялау – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестеріне құқықтарды цифрландыру және коммерциялық берешек бойынша талап ету құқықтарын токенизациялау айналым капиталын тартудың жаңа тетіктерін жасайды және инвесторлардың нақты секторға қолжетімділігін кеңейтеді;

4) Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің (криптовалюталардың) айналымымен байланысты тәуекелдерді бағалау және кейіннен реттеушілік тәсілдерді әзірлеу үшін криптовалюталарды ақшаға айырбастау. Басты мақсат – қазақстандық криптоинвесторларды «заңсыз» аймақтан шығару үшін (криптовалюталардың көлеңкелі айналымын қысқарту үшін) қолайлы орта құру.

Ұлттық Банк ерекше реттеу режимінде төлем қызметтері мен цифрлық активтер саласында жаңа өтінімдерді  қабылдау үшін ашық.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 30 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 205-VIII Заңы қабылданды. Өзгерістер шеңберінде цифрлық активтерге байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін (реттеуші сынақ алаңын) енгізу жөніндегі Ұлттық Банктің құзыреті кеңейтілді.

Продолжая тему:
В школах возможно добавятся уроки по ПДД
27 августа 2025 в 19:07
Деньги умерших в ЕНПФ: кто и как может получить эти миллиарды
25 августа 2025 в 14:55
Қазақстан 2030 жылға қарай бюджет тапшылығын нөлдік деңгейге түсіруге дайындықты бастады
27 августа 2025 в 18:13
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
В Казахстане с 1 сентября по 31 декабря 2025 года пройдет осенний призыв на срочную воинскую службу
27 августа 2025 в 18:10
Самая частая зарплата казахстанцев — 97 тысяч тенге в месяц?
25 августа 2025 в 17:48
Газ неге қымбаттады
27 августа 2025 в 18:08
Новые правила Wildberries: как казахстанцам теперь забирать онлайн-заказы
26 августа 2025 в 17:03
В Казахстане предоставили новую лицензию на актуарную работу
27 августа 2025 в 17:59
Мини-отпуск в конце лета: как отдыхаем на День Конституции
22 августа 2025 в 14:34
В Казахстане жалуются на ForteBank: блокируют карту и раздают посторонним личные данные
27 августа 2025 в 17:38
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Кто и зачем покупает наличные доллары в Казахстане?
27 августа 2025 в 16:56
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Рефинансирование в Казахстане: как объединить долги и не проиграть
27 августа 2025 в 16:43
Можно ли вычислить ложь по лицу? Учёные дали ответ
26 августа 2025 в 12:34
В Казахстане за семь месяцев в ДТП погибло 176 детей
27 августа 2025 в 16:12
В Казахстане появился новый депозит на месяц
22 августа 2025 в 14:42
Развитие высшего образования в Казахстане: новые возможности и вызовы
27 августа 2025 в 15:55
Цены на лук и картофель в Казахстане могут повыситься к зиме
26 августа 2025 в 14:40
Доллар подорожал на 3 тенге — стал известен официальный курс доллара на 28 августа
27 августа 2025 в 15:36
В Казахстане с 2026 года изменится цена автостраховки
22 августа 2025 в 14:37
Проведено исследование среднего времени выпуска товаров при автомобильных пунктах пропуска
27 августа 2025 в 15:33
В Алматы напомнили: электровелосипеды приравнены к мопедам
25 августа 2025 в 14:41