Тимур Тұрловтың Freedom Holding акциялары американдық биржалық қорға қосылды

Кешелі бері ақпарат көздерінде  First Trust Financial AlphaDEX (FXO) америкалық қаржы қоры Тимур Турловқа тиесілі Freedom Holding Corp (FRHC) холдингінің қарапайым акцияларын өз индексіне қосқанын хабарлап жатыр. 

FXO Чикагодағы Arca қор биржасында саудаланады. Бұл биржа Нью-Йорктегі NYSE-ге тиесілі. Tradernet мәліметінше, ETF FXO-ның бір қағазы қазір 57,19 доллар тұрады. Биржадағы сауда барысында құнды қағаз бағасы 0,87%-ға көтерілді.

Freedom Finance  бүгінде жай ғана өңірлік ойыншы емес, жаһандық қаржылық процестер аясында есімі жиі естілетін компания. Холдингтің акцияларын американдық биржалық қорлардың біріне қосу — First Trust Financial AlphaDEX Fund (FXO) — халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының нәтижелі болуының кезекті дәлелі болды.

Қысқа мерзім ішінде Freedom Holding жергілікті брокерден АҚШ қор индекстерінің қатысушысына және Стэнфорд университетінің MBA бағдарламасындағы зерттеу пәніне дейін өтті.

Неліктен батыстық инвесторлар бұл құрылымға үміт артатынын «Лента.ру» материалдарында былай деп түсіндіріліпті.

FXO ETF биржалық қоры қаржы саласының неғұрлым перспективалы компанияларының акцияларының портфелін қалыптастыра отырып, өз активтерінің құрылымын ұдайы қайта қарайды. Freedom Finance-пен қатар оның құрамында Berkshire Hathaway Уоррен Баффет сияқты алыптар, Goldman Sachs, Citigroup банктері, Robinhood танымал сауда платформасы, сондай-ақ Coinbase криптовалюта биржасы бар.

Қордың жаңа портфеліндегі Freedom Holding үлесі 1,22 пайызды құрады, ал ең көп үлесті (1,68 пайыз) Bank OZK қағаздары алды.

FXO ерекшеліктері және инвесторлардың қызығушылығы

First Trust Financial AlphaDEX Fund қаржы секторындағы компанияларға бағдарланған және StrataQuant Financials түрлендірілген индексін қадағалайды. FXO түсімнің өсу қарқынын, баға мен пайданың арақатынасын және басқа да параметрлерді қоса алғанда, іргелі көрсеткіштерге сүйене отырып, баламалы іріктеу әдіснамасын қолданады. Индекстегі барлық қағаздар тепе-тең үлестіріледі.

Инвесторлар FXO-ға көбірек назар аударуда, себебі соңғы бір жылда ол 24 пайызға жуық өсті, ал S&P 500 шамамен 13 пайызға өсті. Маусым айының қорытындысы бойынша Zacks сарапшылары FXO-ға #2 рейтингін («Сатып алу») бере отырып, сатып алуды ұсынды.

Freedom Finance үшін соңғы жыл елеулі жетістіктер кезеңі болды. Тимур Тұрловтың басқаруындағы холдингтің акциялары бір жылда 90 пайызға дерлік өсті, бұл америкалық қор нарығының жалпы динамикасынан едәуір жоғары. Мамыр айында компанияның капиталдануы алғаш рет 10 миллиард доллардан асты.

Тағы бір маңызды оқиға маусым айында Russell 3000 индексіне холдинг қағаздарының қосылуы болды

Бұл индекс АҚШ-тың 3000-нан астам компаниясын біріктіреді. Russell 3000-ға ену институционалдық инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді және холдингтің жаһандық ойыншылар арасындағы көрінісін арттырады.

Стэнфорд кейсі және жаңа сервистерді іске қосу

Freedom Finance тарихы академиялық ортада да назардан тыс қалған жоқ. Маусым айында Стэнфорд жоғары бизнес мектебі (Stanford Graduate School of Business) холдингтің «Freedom Holding: Building an Ecosystem as a Path to Scale» деп аталатын кейсін MBA үшін өзінің оқу бағдарламасына қосты. Кейс Қазақстан компаниясының мектеп тарихындағы алғашқы зерттеуі болды.

Материалда Тимур Турловтың жергілікті қазақстандық брокерлік бизнесті халықаралық финтех-экожүйеге қалай айналдырғаны егжей-тегжейлі талданады.

Студенттерге компанияларды таңдаудың қандай жолын шешу ұсынылады: Қазақстанда Kaspi және Halyk Bank-пен бәсекелесе отырып кеңейту, ТМД-да даму немесе жаңа өңірлерді игеру. Кейс реттеушілік сын-қатерлерден бастап, IT-инфрақұрылымға 200 миллион доллар инвестиция салу қажеттігіне дейінгі агрессивті экспансия қаупін атап көрсетеді.

Турлов үшін Стэнфорд бағдарламасына енгізу — кәсіби тану ғана емес, таланттарды тарту құралы да.

Бұл Алматыда туған идеяның жаһандық кейске айналғаны туралы әңгіме. Енді Стэнфорд түлектері бізге жаңа шешімдер ұсына алады

Холдинг акцияларын FXO-ға қосу — Тимур Тұрловтың басшылығымен «Фридом Финанс» даму стратегиясының нәтижелі болып отырғанын айғақтайтын көптеген маркерлердің бірі ғана. Компания қаржылық көрсеткіштерін арттырып қана қоймай, халықаралық инвестициялық қоғамдастықта маңызды ойыншыға айналуда.

Қаржы саласындағы трендтерді қадағалайтын инвесторлар Freedom Holding-ті одан әрі өсу әлеуеті жоғары перспективалы және сенімді актив ретінде жиі қабылдайды.

#Казахстан
Токаев и Путин провели телефонные переговоры
17 августа 2025 в 17:15
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
В Казахстане пациентам после трансплантации гарантировали поддержку
17 августа 2025 в 16:11
Редкое явление произошло на торгах тенге и доллара на KASE
14 августа 2025 в 15:38
Как День спорта празднуют в Астане
17 августа 2025 в 15:33
Премиум от Bereke Bank: казахстанец увидел на своей карте минус 2,6 тысячи долларов
14 августа 2025 в 15:55
Курчумский район полностью подключат к интернету к 2027 году
17 августа 2025 в 13:51
Курица «взлетела»: почему цены в Казахстане резко пошли вверх?
15 августа 2025 в 11:04
Казахстан договорился с Китаем об авиарейсах в Кульджу и Кашгар
17 августа 2025 в 12:29
Назван возраст, когда похудеть становится почти невозможно
15 августа 2025 в 12:31
Государство и спорт: как Казахстан инвестирует в здоровое будущее
17 августа 2025 в 12:04
Казахстанцам не повысят минимальную зарплату — решение правительства
13 августа 2025 в 15:46
Огонь уничтожил торговый дом в посёлке Жанакорган
17 августа 2025 в 11:06
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Токаев поздравил Индонезию с юбилеем независимости
17 августа 2025 в 09:56
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Астане проведена масштабная акция по защите окон и советам безопасности для родителей
16 августа 2025 в 15:31
Пенсионный аннуитет или выплаты из ЕНПФ: что нужно знать перед выбором
13 августа 2025 в 16:47
Организаторы концерта Дженнифер Лопес в Алматы подвели итоги
16 августа 2025 в 15:16
Мясо сайгака: где взять и почему на базаре не найти его
13 августа 2025 в 14:52
Экспорт зерна нового урожая превысил 9,8 млн тонн
16 августа 2025 в 14:03
Halyk Bank блокирует счета казахстанцев. Причин никто не знает
13 августа 2025 в 16:38
Казахстан приветствует встречу президентов России и США в Анкоридже
16 августа 2025 в 13:36
На севере Казахстана запустят новый завод — будут делать корм из люцерны
12 августа 2025 в 17:49