ҰЭМ Жұманғарин 85 мың теңгеге өмір сүре алмайтынын ашық айтты: Халықтың 5.1 пайызы 51 мың теңгеге өмір сүреді

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжілісте өткен брифингте 85 мың теңгеге күн көре алмайтынын мойындады.

БАҚ өкілдерінің «Ең төменгі жалақы мөлшері қаншалықты әділ белгіленген және бұл ақшаға өзіңіз күн көре алар ма едіңіз?» деген сұрағына премьер-министрдің орынбасары күн көре алмайтынын айтты.

«Менің ойымша, ол ақшаға күн көре алмайтын едім. Алайда ең төменгі жалақы – есептік көрсеткіш. Мұны айқын түсінулеріңіз керек, яғни одан төмен жалақы төленбеуі керек. Бұл дегеніміз – біреу ең төменгі жалақы төлеуі керек деген сөз емес», деген ҰЭМ ЕТЖ мөлшері дәл қазір қанша болуы керектігін айта алмады.  

Демек 85 мың теңгеге өмір сүруге болмайтынын ашық мойындаған Жұманғаринді  халықтың 6 пайызы одан да аз ақшаға өмір сүріп отырғаны ойландыруы тиіс.

Халықаралық еңбек ұйы­­мына (ХЕҰ) қо­сыл­­ған мемле­кеттер адамның негізгі құ­қық­тарына қатысты қағи­дат­тарды, оның ішінде 1970 жылы қабылданған ең төменгі жалақы туралы конвенцияны сақтауға тиіс. Қазір құжатты 54 ел ратифи­ка­­ция­лаған. Ал бұрынғы ке­ңес­­тік республикалардың ішінде бұл тізімде тек Армения мен Әзербайжан бар.

131-конвенцияға сәйкес, оны қабылдайтын ел ЕТЖ айқын­дау кезінде қызметкерлер мен олардың отбасыларының қажеттіліктерін, жалақының жалпы деңгейін, елдегі өмір сүру құнын және басқа да маңызды факторларды ескеруге міндетті. ЕТЖ заң күшіне ие және төмендетуге жатпайды. Бұл ережені қолданбау жа­уапты тұлғаларға санкциялар салуға әкеп соғады.         

Оның алдында не болды …

ЕТЖ-ны есептеу мәселесі былтыр біраз талқыланған, БАҚ беттерінде «7 жыл­да елдегі ең төменгі жала­қы 125 мыңға жетеді, мұн­дай межені Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі белгілеп отыр» деген ақпарат шықты

Сонымен қатар, құжат мәтіні өте қысқа және талқылайтындай мазмұнға да ие емес екенін депутаттардың өзі де іштей сезіп отыр. Елде 1 млн-нан астам адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз. Бұл халықтың 5,1%-ы. Бұл Ұлттық статистика бюросынан алынған деректер  

Сарапшылар не дейді

Мәжіліс депутаты Әбіл  Аманжолұлы өткен жылы депутаттық сауалында  2023 жылдың жазында медиандық жалақы мөлшері 240 мың болғанын,  идеалды түрде ең төменгі жалақы 120 мың болуға тиіс  екенін айтыпты.  Бірақ мемлекет 42 500 теңгеден бірден бұл сомаға көтеруі мүмкін емес. Бірте-бірте сатылап 3-4 жылдың көлемінде минималды жалақыны медианды жалақының 50 пайызына жеткізуге болады. «Халықаралық тәжірибегі қарасақ, көп елде ең төменгі жалақы көрсеткіші – 50 пайыз. Ал Еуропа одағында орташа жалақының 60 пайызын минималдық жалақы құрайды. Сондықтан тұрақты экономика болуы үшін, кедейлік деңгейін азайту үшін және жалақы деңгейі әділ болуы үшін бізде де осы көрсеткішті жоспарлау керек. Әрине, бұл жұмыс бір жылда істелуі қиын. Орта және шағын бизнеске үлкен қысым көрсетеді», – деді Мәжіліс депутаты.

Кедейлік деңгейі ірі қалаларда дәстүрлі түрде төмен болғанымен, онда табыс теңсіздігі урбанизацияланбаған аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары.

ЕТД қанша болу керек

Ғылым және жоғары білім министр­лі­гінің Ғылым комитеті Экономика инс­титутының Заманауи зерттеу әдістері бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова ЕТЖ деңгейінің артуымен экономикада шамалы болсын сұраныс көлемі ұлғайып, тұтынушылық деңгейінің артуына ықпал ететінін айтады.

Келесі сарапшы Мақсат Халық  инфляцияның ең төменгі жалақыны көтерумен байланысы жоқ екенін айтады. Еңбек өнімділігі өспесе, жалақы да өспейді. Қазіргі ең тө­менгі жалақы мөлшері келесі жылы 85 мың теңгені құрайды. Ал жаңадан әзірленіп жатқан ЕТЖ-ны айқындаудың әдіснамасы қолданысқа енгізілетін болса, бұл көрсеткіш одан сайын артуы мүмкін қазіргі деңгейінен өсуі мүмкін. Қазіргі қымбатшылыққа айналымдағы ақша массасының өсіп кетуі себеп болып отыр.  

Легкомоторный самолет разбился в Акмолинской области
18 августа 2025 в 08:58
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках 18 августа 2025 года
18 августа 2025 в 08:12
Назван возраст, когда похудеть становится почти невозможно
15 августа 2025 в 12:31
Токаев и Путин провели телефонные переговоры
17 августа 2025 в 17:15
Премиум от Bereke Bank: казахстанец увидел на своей карте минус 2,6 тысячи долларов
14 августа 2025 в 15:55
В Казахстане пациентам после трансплантации гарантировали поддержку
17 августа 2025 в 16:11
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Как День спорта празднуют в Астане
17 августа 2025 в 15:33
Курица «взлетела»: почему цены в Казахстане резко пошли вверх?
15 августа 2025 в 11:04
Курчумский район полностью подключат к интернету к 2027 году
17 августа 2025 в 13:51
Редкое явление произошло на торгах тенге и доллара на KASE
14 августа 2025 в 15:38
Казахстан договорился с Китаем об авиарейсах в Кульджу и Кашгар
17 августа 2025 в 12:29
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Государство и спорт: как Казахстан инвестирует в здоровое будущее
17 августа 2025 в 12:04
Halyk Bank блокирует счета казахстанцев. Причин никто не знает
13 августа 2025 в 16:38
Огонь уничтожил торговый дом в посёлке Жанакорган
17 августа 2025 в 11:06
Неожиданное открытие: корейские исследователи назвали старение «заразным»
14 августа 2025 в 12:45
Токаев поздравил Индонезию с юбилеем независимости
17 августа 2025 в 09:56
Казахстанцам не повысят минимальную зарплату — решение правительства
13 августа 2025 в 15:46
В Астане проведена масштабная акция по защите окон и советам безопасности для родителей
16 августа 2025 в 15:31
Пенсионный аннуитет или выплаты из ЕНПФ: что нужно знать перед выбором
13 августа 2025 в 16:47
Организаторы концерта Дженнифер Лопес в Алматы подвели итоги
16 августа 2025 в 15:16
Мясо сайгака: где взять и почему на базаре не найти его
13 августа 2025 в 14:52