АЭС-салатын тарап энерго-атом нарығының беталысын анықтайды

Жылдың ендігі жартысында  Қазақстанда АЭС жобасына қатысатын елдердің есім-сойы нақтыланады. Президент Тоқаев жобаны компаниялар консорциумы іске асыратынын атап өтті. Бұл шешім тек технологияны таңдау ғана емес, экономика, энергетика және геосаясат үшін ондаған жылға созылатын стратегиялық қадам.

2024 жылы референдумда азаматтардың 71% -ы атом электр станциясының құрылысын қолдады. Энергетика министрлігі бұған дейін төрт компаниядан:

• Қытай (CNNC, HPR1000)

• Оңтүстік Корея (KHNP, APR1400)

• Франция (EDF, EPR1200)

• Ресей («Росатом», ВВЭР-1200)

 Сарапшылар негізінен Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жоспарларды оң бағалайды. Олар бұл энергия көздерін әртараптандыруға, энергия тасығыштар импортына тәуелділікті азайтуға және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік береді деп есептейді.

Бұған дейін не болды…

Қытайдың Ұлттық ядролық-энергетикалық корпорациясы (CNNC) қазақстандық билікке жалпы қуаты бар-жоғы 5,5 млрд АҚШ долларына 2,4 ГВт HPR-1000 екі реакторды ұсынды.

Сонымен қатар ресейлік «Росатом» осындай жоба үшін 12-15 млрд доллар сұрады. Яғни, екі еседен артық қымбат!

Қытайдың ядролық энергетикасы енді жаңалық емес

Ресей осы кешенді сатудан кейінгі қызмет көрсетумен салыстыра ала ма? Қазақстандық тендерде кім жеңіске жететініне қарамастан, Қытайдың ядролық энергетикасының «жаһандық деңгейге шығу» қарқынын тоқтату мүмкін емес.

Қазақстан Қытаймен елдегі алғашқы атом электр станциясын салу мәселесінде ынтымақтастыққа дайын, деп хабарлады атом энергиясы агенттігі.

«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ҚХР Экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары, ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының басшысы Дон Баотонмен кездесу өткізді… Келіссөздер барысында атом электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асырудағы, ядролық отын циклін дамытудағы, сондай-ақ ғылыми және техникалық инфрақұрылымды нығайтудағы мүмкін ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап АЭС жобасын іске асырудың барлық кезеңдерінде ядролық және су-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қытайлық тәжірибені зерделеуге қызығушылық танытты «, — делінген хабарламада.

Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша, ядролық триадасының үшінші компоненті, стратегиялық авиациясының кемінде 40 пайызынан айрылып отырған Ресей үшін енді сыртқы жобаларды қаржыландыру өте қиын болады. Федералды бюджетте дефициттің артқанын және әл-ауқат қорында небары 37 миллиард доллардың қалғанын ескерсек, Ресей енді осы қалған капиталды тек ішкі мәселелерін реттеуге жұмсаудан басқа амалы жоқ. «Демек, Росатомға федералды билік немесе Орталық банк қаржылай дым көмектесе алмайды. Ал Росатомның өзінде 2023 жылдан бастап EBITDA-ға шаққандағы қарыз үлесі тым артып, системалық қаржы кризисінің көлеңкесі көріне бастаған. Жаз айына жетсе де, Росатом 2024 жылғы қаржылық есебін жарияламады. Тіпті жарияламауы да мүмкін» дейді Айбар Олжаев.

Осы ретте, Қазақстандағы алғашқы іргелі АЭС құрылысын Росатомға беру моделінде Қазақстан Түркиядағы «Аққұю» жобасы сияқты ВОО жүйесіне иек артқан еді. Бұл «Build — Own — Operate», яғни «өзің сал, өзің иелік ет, өзің жүргіз» системасы. Росатом Аққую АЭС-ін өз ақшасына тұрғызады, өзі қожайыны болады және жұмысын жүргізіп отырады.

“Түркия тек қана олардан бекітілген тариф бойынша келісілген уақытқа дейін электр энергиясын сатып алмақ. Түркия үшін бұл керемет қолайлы болды. Құрылыс заказдарын алған жергілікті компаниялары жақсы ақша табуда. Аққұю АЭС-і берген электр тоғын қымбатқа Еуропаға сатып, арасынан да ақша тауып отырмақ. Бастысы құрылысқа бір тиын жұмсамады. Бізге де тек қана осы жүйе керек болған. Себебі, Росатом тұрғызатын екі дана ВВЭР-1200 реакторының және атом станциясы кешенінің ортақ бағасы кемінде 12 миллиард долларға шығады. Біз ондай құрылысты өз ақшамызға сала алмаймыз. Себебі артық ақша жоқ» дейді сарапшы,   

Өткен аптада Росатомның бұл жағдайын біліп отырған Қытайдың ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық басқармасының төрағасы Дун Баотун Қазақстанды тығырықтан шығара алатын ұсыныс әкелді.

«Ресейге Ұлттық қорымызды беріп, жем болып, өз қалтамыздан 12 миллиард доллар төлеп Росатомды байытқанша, тиын шығармай Қытай кредитімен 5,5 миллиард долларға әлдеқайда заманауи, технологиялық HUALONG атом электр станциясын салып алғанымыз тиімді. Мұны Қазақстан үкіметі де жақсы біліп отыр. Сондықтан Балқаштағы тұңғыш үлкен АЭС-ті Қытай салатын болады. Менің ойымша, бұл мәселе осы аптада түпкілікті шешілуі тиіс. Және маусымның аяғында ресми мәлімдеме жасалатын болады» дейді сарапшы.

HUALONG АЭС-і өзін-өзі ақтап, өзінің операциялық жұмысынан кредитін қайтарып бере алатынын сарапшылар жиі айта бастады.

« 2024 жылы тұтынушылар үшін электр энергиясының ең арзан тарифы киловатт/сағатына 26,7 теңге болды. АЭС іске қосылатын 2030 жылдары ол киловат-сағатты 7 центтен сатады деп болжасақ, бір жылда 1,2 миллиард доллар выручка ала алады. Оның жартысын кредитті өтеуге жіберіп отырса, 10 жылда оңай төлеп бітпек.Қазақстан Ресейге шағын приз ретінде Курчатовта тура Өзбекстан сияқты 4 РИТМ-Н реакторынан құрылған шағын модульді АЭС салып беруді ұсынуы мүмкін. Оның қуаты 330 МВТ, демек біздің Өскемен мен Семейдегі электр тапшылығын толық шешіп бере алады. Шамамен 1,6 миллиард доллар қажет. Бірақ оның жарасы жеңіл» Айбар Олжаев. .

Осылайша Астана өзі үшін ең тиімді жолды таңдап, Қытай мен Ресей арасындағы балансты да ұтымды шеше алады.

 Қазақ дипломатиясының үздік әлемдік практикаларын ескере отырып, дәл осылай болатынына еш күмән жоқ. «Қытай Балқашты алса, ал Ресей Курчатов жобасына дән риза болса, онда Қасым-Жомарт Кемелұлының зор тәжірибесі мен ұлт деп соққан жүрегі сын сағатында қазақ мемлекетінің мүддесі жолында соңына дейін күрескені тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатын болады. Керек кезінде Сатқалиевке кіріп шыққан Дун Баотунның есімі де ұмыт қалмайды деп ойлаймын» дейді А. Олжаев.

Ремонт ночью: улицу Богенбай батыра временно закроют для движения
27 июля 2025 в 17:29
В Алматинской области начинается масштабная перезагрузка туризма
25 июля 2025 в 17:13
В Казахстане начали действовать «кредитные каникулы» и что это значит
27 июля 2025 в 16:28
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20
На Сырдарье нашли девять нелегальных насосов
27 июля 2025 в 13:59
Вы едите бананы неправильно: названа распространённая ошибка
24 июля 2025 в 13:47
На Панфилова начался ремонт дороги
27 июля 2025 в 13:38
В Астане пьяный водитель врезался в патрульный автомобиль
25 июля 2025 в 10:57
Банк России снова снизил ключевую ставку
27 июля 2025 в 12:01
Можно ли хрустеть пальцами? Ответ врача
26 июля 2025 в 19:44
Столичные гвардейцы помогли бабушке, попавшей под дождь
27 июля 2025 в 11:19
С 2026 года в Казахстане планируется изменение налогообложения автомобилей
23 июля 2025 в 18:45
Около 350 солдат принесли воинскую присягу в воинской части 5510 города Кокшетау
27 июля 2025 в 11:16
Неделю назад было 4200: в Шымкенте говядина подорожала до 5000 тенге за кило
25 июля 2025 в 11:23
В Шымкенте наказали продавцов за необоснованное подорожание продуктов
27 июля 2025 в 10:35
Идеальный завтрак найден: названа еда, которая изменит день
24 июля 2025 в 12:31
Дедолларизация траекториясы өзгере бастады
26 июля 2025 в 17:46
Передал карту и сел в тюрьму: в Казахстане ужесточили правила
27 июля 2025 в 17:51
Қазақстандықтардың бағалы бұйымдары аукционға қойылды
26 июля 2025 в 17:43
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Строительство магистрального газопровода «Талдыкорган – Ушарал» будет завершено раньше срока
26 июля 2025 в 16:04
Пробки закончатся? Власти назвали дату начала объездной дороги в Туркестане
25 июля 2025 в 13:06
Спасатели МЧС РК ежедневно обеспечивают безопасность граждан на Бухтарминском водохранилище
26 июля 2025 в 15:08
Вы тоже так делаете? Врач назвала вредные привычки при мытье волос
26 июля 2025 в 17:51