ЕДБ-тің экономикаға салған қаржысы триллиондармен есептеледі: ІЖӨ неге өспейді?

Экономиканы несиелеу өте маңызды, сонымен бірге тәуекелі де жоғары. Банктерде қажетке жарамай триллиондаған теңге жатқаны осыған дейін талай рет айтылған. Ал шағын және орта бизнес қаржыга мұхтаж. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өскені байқалды. 2024 жылдың 4-тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2%-дық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда 19,2%-ға ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады

 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша,   ЕДБ-дің экономикаға берген кредиттер 2025 жылғы сәуірде 2,0% -ға, 35,0 трлн теңгеге, ұлттық валютадағы кредиттер 2,1% -ға, 32,3 трлн теңгеге дейін өсті.  

Сәуірде бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2,9% -ға, 13,3 трлн теңгеге дейін өсті.

«Сәуір айында бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыз берілді, бұл 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда 16,2% -ға артық. 2025 жылдың басынан бастап бизнеске жаңа кредиттер беру көлемі 5,6 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% -ға артық «, — деп түсіндірді ҚНДРА.

Сәуір айының қорытындылары бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі бір ай бұрынғы 21,6% -дан 21,3% -ға дейін төмендеді,

Сәуірде халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы тұтынушылық қарыздар бойынша ставканың 20,4% — дан 21,2% — ға дейін ұлғаюы салдарынан 19,9% — ға дейін өсті.

Біздің байлам

ЕДБ бизнесті қаржыландырмайды деп ешкім айта алмайды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бизнесті қаржыландыруга жұмсалған қаржы туралы нақты мәліметтер жоқ. Бірақ олардың өте көп екенін ішіміз сезеді. Бірақ экономикалық өсімдегі бизнестің үлесі аз. экономикамыз шикізатқа бағдарланғандықтан банктер бизнес-жобаларды таңдап, оларға қарыз беруге міндетті деген көзқарас қалыптасқан. Үкімет бұл шешім  ел ішінде ұлттық инвесторлардың пайда болуын шектейтінін жақсы біледі. Бірақ өзге амал жоқ.

 Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша Үкімет пен Ұлттық банктің міндеті тең­ге­нің тұрақты болуын қамтамасыз ету, ҚНДРА қаржы ұйымдарының заңды бұзбай дұрыс жұмыс істеуін, банк басшыларының ақша ұрламауын, онлайн кредиттер бо­йынша алаяқтық болмауын қадағалаумен шектеледі. «Банктің экономикаға көмек­тесуі де, мемлекеттің жеке банкке көмек­тесуі де – утопия. Бірақ бізде екінші уто­пия­ға көбірек басымдық беріліп кетті», деді А.Олжаев.

Нарық заңы бойынша, банктер – қайырымдылық қоры емес, бизнестің бір сегменті. Бірақ бізде банктердің капиталы аз. Ұзақ мерзімге несие бере алмай, қысқа уақыт, қымбат пайызбен ғана шектеледі.. өндірістік жобаларды немесе се­німді шикізат көздерін ұзақ мерзімге қар­жыландыруға мүмкіндігі жоқ. «Қазір қаржы салуға қолайлы тұстарды көбейту үшін нарықтың жаңа көзін дамытуға басымдық беру керек. Бұл экономиканы әртараптандырып қана қоймайды, ұлттық инвесторлар қатарын көбейтеді.

Продолжая тему:
Легкомоторный самолет разбился в Акмолинской области
18 августа 2025 в 08:58
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках 18 августа 2025 года
18 августа 2025 в 08:12
Назван возраст, когда похудеть становится почти невозможно
15 августа 2025 в 12:31
Токаев и Путин провели телефонные переговоры
17 августа 2025 в 17:15
Премиум от Bereke Bank: казахстанец увидел на своей карте минус 2,6 тысячи долларов
14 августа 2025 в 15:55
В Казахстане пациентам после трансплантации гарантировали поддержку
17 августа 2025 в 16:11
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Как День спорта празднуют в Астане
17 августа 2025 в 15:33
Курица «взлетела»: почему цены в Казахстане резко пошли вверх?
15 августа 2025 в 11:04
Курчумский район полностью подключат к интернету к 2027 году
17 августа 2025 в 13:51
Редкое явление произошло на торгах тенге и доллара на KASE
14 августа 2025 в 15:38
Казахстан договорился с Китаем об авиарейсах в Кульджу и Кашгар
17 августа 2025 в 12:29
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Государство и спорт: как Казахстан инвестирует в здоровое будущее
17 августа 2025 в 12:04
Halyk Bank блокирует счета казахстанцев. Причин никто не знает
13 августа 2025 в 16:38
Огонь уничтожил торговый дом в посёлке Жанакорган
17 августа 2025 в 11:06
Неожиданное открытие: корейские исследователи назвали старение «заразным»
14 августа 2025 в 12:45
Токаев поздравил Индонезию с юбилеем независимости
17 августа 2025 в 09:56
Казахстанцам не повысят минимальную зарплату — решение правительства
13 августа 2025 в 15:46
В Астане проведена масштабная акция по защите окон и советам безопасности для родителей
16 августа 2025 в 15:31
Пенсионный аннуитет или выплаты из ЕНПФ: что нужно знать перед выбором
13 августа 2025 в 16:47
Организаторы концерта Дженнифер Лопес в Алматы подвели итоги
16 августа 2025 в 15:16
Мясо сайгака: где взять и почему на базаре не найти его
13 августа 2025 в 14:52