Кеше «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұловтың ЕДБ, МҚО және лизинге компанияларына ресми түрде хат жолдағаны белгілі болды. Бұдан қор былай қор қаржының тапшылығынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді уақытша шектеді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, кредиттердің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қаржы тапшы болғандықтан, Алматы қаласы бойынша ҚР үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысына сай субсидиялар төлемдерін уақытша тоқтатқанын хабарлайды», – деп жазылған «Даму» қорының хатында.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2,3 млн тұрғыны бар Алматы қаласында 154 мың заңды тұлға, 144 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорын тіркелген.
Даму қорының Алматы бизнесінің дамуына тікелей ықпал еткенін сарапшылар жоққа шығармайды.
Бизнес жоспарының стратегиялық тиімділігін дәлелдей алған ШОБ ЕДБ несиесіне жеңілдетілген 7-8 пайызбен қол жетті, бизнесін алға жылжытты. Мысалы, Алматы қаласында тұратын кәсіпкер, «KazTigerTape» ЖШС- Бас директоры Дәурен Халметов бизнесін әртараптандыруға қордың ықпал еткенін айтады.
«Даму» қоры таратқан ресми хаттта хабарлағандай, жеңілдетілген несиені шектеу уақытша. Бірақ сарапшылардың біразы үкіметтің бұл шешімді қабылдауына қаржының тапшылығы ғана емес, субсидия саясатынан ішін-ара болса да бас тартуға шешім қабылдағаны себеп болғанын айтады.
Қаржыгер Ғалым Хұсайынов әлеуметтік желідегі қазақ бизнесі субсидияларға өте тәуелді болдып қалғанын айтыпты. Бірақ бизнеске субсидиядан бас тарту қиын екенін, сондықтан жеңілдікті бағдарламалардан кезең-кезеңмен шығару тетігі қажет екенін ескертіпті.
Біз субсидиялауды несиелерді арзандату үшін ғана емес, компаниялардың ғана емес, бүкіл елдің орнықты даму құралы ретінде де пайдалануға тиіспіз. Ал осы мақсаттар үшін бастапқыда мынадай мақсаттарды айқындау қажет:
1. Субсидиялау елдің ЖІӨ өсуіне бағытталуы тиіс;
2. Субсидиялау жұмыспен қамтуды және еңбек өнімділігін дамытуға тиіс;
3. Субсидиялау компаниялардың тұрақты дамуын ынталандыруы тиіс. .
Бұл ретте субсидияларды бөлудің ашық тетігі үшін осы процесті түсінікті және ашық ететін қағидаттар болуы тиіс:
1. Жекелеген салалар ерекшеленбеуі тиіс, өйткені бұл белгілі бір салалар көшбасшыларының лоббилеу тәуекеліне ие;
2. Субсидиялар түпкілікті мөлшерлемені таргеттемеуі тиіс, ал алушылар үшін белгіленген болуы тиіс, бұл банктерге мөлшерлемелер бойынша бәсекелесуге мүмкіндік береді. Шартты түрде, егер субсидия 7% болса, онда компания үшін мөлшерлеме тәуекелден және банк маржасынан ауытқитын болады. Әлдебір банк 14%, 12%, 16% ұсынады. Сонда түпкілікті мөлшерлеме 5-тен 9% -ға дейін өзгереді, бұл анағұрлым қисынды, өйткені барлық компаниялардың түрлі профильді тәуекелі бар.
3. Субсидиялар алушылар үшін кідіріссіз берілуі тиіс, бұл да тәуекелдерді азайтады және банктердің есептілігіндегі бұрмалаушылықтарды азайтады. Қазір банктердегі кешіктіру негізінен субсидия төлеудегі кідірістерге байланысты.
4. Егер клиент субсидиялауға түссе, онда оның мемлекеттен субсидия алудан бас тартпауы тиіс. Қазір мақұлдау өңірлік бюджетте немесе Даму бюджетінде ақшаның болуына байланысты, бұл да аталған процесті ашық етпейді. Егер тапшылық пен тар мойын болса, ақылы «фаст-тректі» пайдалануды ұнатады.
Осылайша, субсидиялау қисыны мынадай болу керек
Субсидияларды қабылдау бойынша негізгі өлшем қосылған құн болуы тиіс. Әрбір номенклатуралық тауар мен қызмет бойынша өндірісті немесе қызмет көрсетуді оқшаулауды есептеуге болады. Бұл қиын емес. Субсидия алуға құқығы бар локализация бойынша ТЖҚ өндірушілер тізіліміне енгізудің түсінікті цифрлық тетігін әзірлеу қажет. Мысалы, егер шырын өндіруші қытай концентратын, ресейлік қант пен түрік қаптамасын пайдаланса, онда шырын өндірісінің маңыздылығына қарамастан, оны оқшаулау ел үшін төмен болады, сондықтан мұндай өндірушіге субсидия берудің мәні жоқ. Ал егер өндіруші жергілікті алманы, жергілікті қант пен Қазақстанда қайталама шикізаттан жасалған қаптаманы пайдаланса, онда мұндай өндіруші субсидия ала алады. Бұл субсидиялауды таңдаудың негізгі өлшемі болуы тиіс.
Ірі бизнес үшін, егер ол оқшаулау критерийлеріне сәйкес келсе, онда корпоративтік басқаруды дамыту критерийі қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда, субсидия алушының есептілікті аудиттеуді бастауы, жұмыс істеп тұрған СҚ жасауы және белгілі бір кезеңде, мысалы, ESG қағидаттарын пайдалана бастауы маңызды. Бұл болашақта дұрыс корпоративтік басқарылатын тұрақты кәсіпорынды алуға мүмкіндік береді.
ШОБ үшін субсидиялаудың жалғыз өлшемі кәсіпорыннан салықтық аударымдардың өсуі болуы тиіс. Егер өсім болмаса, субсидия да жоқ. Тиісінше, егер кіріс өссе немесе өзіндік құн төмендесе, онда кәсіпкер табыс салығы мен ҚҚС бойынша төлемдерді ұлғайтады, егер жұмыспен қамту өссе, онда ЕТҚ бойынша салықтар ұлғаяды. Осының барлығын МКК арқылы тексеру оңай.
Одан әрі, субсидияларды жыл сайын 1% -ға қысқартып, 5-7 жылдан кейін субсидиялардан толық бас тарту керек. Меніңше, мұндай тәсіл ел экономикасы үшін барынша пайдалы субсидиялардан азды-көпті арылуға мүмкіндік береді.
Агробанкті ашуға дайындықтың басы…
Келесі сарапшы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстанда Агробанктің негізін қалаған, алғашқы басшыларының бірі болған Б. Зиябеков «Даму» қорының шешімі мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың квазисектордағы қаржы институттарының үлесін ішін-ара болса да азайту туралы тапсырмасының назарға алына бастағанын айтады. Елде Дамудан өзге жеңілдетілген несие беретін қаржы институттары жетеді. Алдағы уақытта олардың құзіретін шектеп Агробанкты қайта ашуды ойластыра беру керек. Оның айтуынша, Жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін несиенің басым бөлігі ірі шаруашылықтарға үлестіріледі де шағын шаруашылықтар шөміштен қағылады.
«Үкіметтің ауылға бөлген қаржысының 86%-ы үлкен кәсіпорындарға беріледі, қалған 24%-ы ұсақ шаруашылықтарға ұсынылады. Бұл олар үшін тым аз. Естеріңізде болса, Еуропа Ресейдің экспортынан, Ресей Еуропаның ауыл шаруашылығы өнімдерінен бас тарта бастаған тұста отандық сарапшылар ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне мүмкіндікті мүлт жібермей, Ресей нарығын жаулау қажеттігін алға тартты. Алайда Ресей санкция кезінде де саспады. Агробанк арқылы агросекторға төмен пайызбен несие берді. Осылайша, ауыл шаруашылығын құлдыраудан сақтап қалды. Бұдан түйгеніміз, аграрлық банк кез келген дағдарыс кезінде «құтқару жастықшасы» міндетін атқаратынын түсінбей отырмыз. Қазіргі кезде ел тұрғындарының 46%-ы ауылда өмір сүреді. Демек кейбіреулер айтып жүргендей аграрлық банк клиентсіз қалмайды», — дейді сарапшы.