
Премьер-Министр Олжас Бектенов бүгін үкімет отырысында аграрлар үшін жеңілдікті дизель отынын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өткенін Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда шамамен 210 мың тонна отын жөнелтілді.
Премьер Бектеновтың айтуынша, мақсатсыз пайдалану, алыпсатарлықпен өткізу және жасанды тапшылық жасау фактілеріне мүлдем жол беруге болмайды.
«Отынның барлық қажетті мөлшері фермерлерге бекітілген кесте бойынша жеткізіп берілуі тиіс», – деп атап өтті Премьер-Министр.
Сонымен қатар ол облыс әкімдіктеріне жанар-жағармай материалдарымен үздіксіз жабдықтау мақсатында жүйелі мониторингті қамтамасыз етіп, жеңілдікті дизель отынының жөнелтілген және қалған көлемі туралы жаңартылған ақпаратты апта сайын Энергетика министрлігіне ұсынуды тапсырылды.