Қытайлықтар Қазақстанның көмір нарығына кіреді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында жаңа перспективті бағыт ретінде көмір-химиясы секторын дамыту пысықталып жатқанын, осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Паңбаевтың сөзінше, қазір екі компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Паңбаевтың сөзінше, East China Engineering and Technology компаниясы келіссөздер өз мәресіне жеткен. Олар бойынша техникалық-экономикалық негіздерді әзірлеуге шарттар жасалды. 

«Қаражыра кен орнының көмірлерін сатып алып, соны өңдеп, соның негізінде аммиак пен карбомит алу мәселесі қарастырылып отыр. Ол жерде 250 мың тонна көмірді өңдеп, 400 жұмыс орнын ашып, 300 млн АҚШ долларына жуық инвестиция салу көзделген. Бұл жерде кішкене жоба ілгерілеген», — дейді ол.

Көмір химиясы теориялық тұрғыда жақсы зерттелген 

Кезінде Ебіней Бөкетов 1980 жылы бензин алуға болатынын ғылыми дәлелдеп, жоғары деңгейге көтерген. Енді шәкірті ретінде сол жұмыс біздің мойнымызда. Бұл баламалы шикізат. Мұнайдан қанша зат алынса көмірден де сонша өнім өндіріледі. Бізге тек қаржыландыру көзі керек.

Ғалымдардың айтуынша, Көміртекті наноматериалдар алу үшін сутекті сақтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Графен, көміртекті нанотүтікшеде жоғары тоқтың әсерінен көміртекті материалдарды буландыру арқылы жаңа наноматериалдар алынады. Оны литий батареялар, суперконденсаторларға қолданады. Көлікке керек өткізгіш материалдар қазір көбіне шетелден жеткізіледі. Соны алмастыру қажет.

Жоғарғы Соқыр қоңыр көмір кен орнында 2,5 млрд тонна қор бар. Сол қоңыр көмірден химиялық заттар алу қолайлы

Осы ретте химия ғылымының докторы Болат Ермағамбеттың айтуынша, Қазақстанда 41 көмір кеніші бар. Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында шоғырланған. Қарағандыда негізінен тас көмір. Ал, Жоғарғы Соқыр қоңыр көмір кен орнында 2,5 млрд тонна қор бар. Сол қоңыр көмірден химиялық заттар алу қолайлы.

«Майкүбі бассейнінде де қоңыр көмір. Сосын Торғай көмір бассейні көлемі жағынан көп. Қоры 40 млрд тоннадан асады. Осы кен орнындағы қатты отын химиялық өңдеуге тартымды. Себебі, күлі аз, күкірті 0,5%. Ылғалдығы өте жоғары. Құсмұрын қоңыр көмірін де терең өңдеуге болады. Сондай-ақ жұрт Шұбаркөл көмірін жақсы көреді. Өйткені, күлі төмен. 6-8%. Қағаз сияқты жанғыш. Құрамындағы шайыр 14-18% ғана. Бұл тіпті жанармай алуға жарайды», — дейді сарапшы.

Қытайда

Қытайда мұнай мен газдың үлкен қоры жоқ, бірақ көмірдің жеткілікті үлкен қоры бар. Көмірді таза және жоғары тиімді пайдалану энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қытайда көмірді үш түрлі тәсілмен пайдаланады: тікелей жағу, кокстеу және газдандыру. Соңғы тәсіл ең таза, бірақ ең күрделі тәсіл болып табылады. Көмірді газдандыру технологиясы химиялық шикізат және экологиялық таза отын өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бүгінгі таңда көмір ресурстарының 7 пайызы ғана осындай тәсілмен өңделеді.

Продолжая тему:
#Казахстан #Китай #Уголь #Угольная отрасль
Период «охлаждения»: получение кредитов меняется в Казахстане
30 июля 2025 в 13:10
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
В Туркестанской области на возвращенные активы обеспечивают села качественным водоснабжением
30 июля 2025 в 13:00
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
Распространенные схемы интернет-мошенничества назвали в МВД
30 июля 2025 в 12:50
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Минобороны: Поиски вертолёта EC-145 затруднены видимостью на дне озера Сорбулак
30 июля 2025 в 12:46
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
Брат Бишимбаева выйдет пораньше: суд сократил срок по амнистии
30 июля 2025 в 12:31
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Казгидромет: В Казахстане резко похолодает
30 июля 2025 в 12:30
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Чтение в 90 — и мозг меняется: ученый рассказал, как это работает
30 июля 2025 в 12:26
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан көмірін Ресей арқылы Еуропаға қайта тасымалдау туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді
30 июля 2025 в 12:18
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Из дороги — в аллею: часть улицы Пушкина станет пешеходной зоной
30 июля 2025 в 12:17
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Скорая, операции, реабилитация: что входит в медстраховку и как ею пользоваться
30 июля 2025 в 12:11
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Кафе и рестораны дорожают: рейтинг регионов по расходам
30 июля 2025 в 11:59
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
Forbes Kazakhstan представил рейтинг казахстанских банков по итогам 2024 года
30 июля 2025 в 11:57
В Алматинской области начинается масштабная перезагрузка туризма
25 июля 2025 в 17:13