Энергетика министрлігі алдағы жазда тауарлық газдың көтерме бағасы қымбаттайды:

Арнайы қаулыны ашық талқыға шығарды. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап  көтерілетін тауарлық газ алдымен ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнинг компанияларын қамтиды. Алдағы үш жылда көтерме баға жыл сайын орта есеппен 33%-ға артып отырады. Алайда министрлік газдың көтерме бағасы қанша болатынын нақтыламаған.

Министрлік бұл шешімді ел ішіндегі газ тапшылығының алдын алу және салаға инвестиция тарту қажеттілігімен түсіндіреді. Себебі қазіргі баға газ өндірісі, тасымалы және инфрақұрылымын жаңартудың нақты шығындарын жаппай отыр.

«Болжам бойынша, 2026 жылдан бастап газ тапшылығы күшейеді. Тауарлық газдың қазіргі бағасы өзін-өзі ақтамайды және салаға қауіп төндіреді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Қазақстанның ауыл мен қаласына жаппай газ жүргізу мен өнеркәсіптің газға көшуі ішкі сұранысты күрт өсіріп отыр.  Болжам бойынша, 2028 жылға қарай газ тұтыну көлемі 21,2 млрд м³-тен 32,4 млрд м³-ке дейін жетуі мүмкін. Одан бөлек, газ инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаңа кен орындарын игеруге қаражат қажет.

Энергетика министрлігі тұрмысы төмен отбасылар үшін жеңілдік пен қолдау тетіктерін дайындап жатқанын мәлімдеді.

Жаңа ереже бойынша газдың көтерме бағасы әр өңірге жеке есептеледі. Бұл – тасымал мен сақтау шығындарының айырмашылығына байланысты жасалған қадам.

Үкімет елдегі тауарлық газ бағасы арзан деп есептейді. Газ бағасы алдағы уақытта көрші Ресейдегі бағаға жетуі мүмкін. Қазір  1 текше метр газдың көтерме бағасы 23,64 теңгені құрайды.  

Продолжая тему:
Более 6,7 тыс. этнических казахов получили статус кандаса за шесть месяцев в текущем году
30 июля 2025 в 13:16
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
Период «охлаждения»: получение кредитов меняется в Казахстане
30 июля 2025 в 13:10
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
В Туркестанской области на возвращенные активы обеспечивают села качественным водоснабжением
30 июля 2025 в 13:00
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Распространенные схемы интернет-мошенничества назвали в МВД
30 июля 2025 в 12:50
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
Минобороны: Поиски вертолёта EC-145 затруднены видимостью на дне озера Сорбулак
30 июля 2025 в 12:46
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Брат Бишимбаева выйдет пораньше: суд сократил срок по амнистии
30 июля 2025 в 12:31
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Казгидромет: В Казахстане резко похолодает
30 июля 2025 в 12:30
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20
Чтение в 90 — и мозг меняется: ученый рассказал, как это работает
30 июля 2025 в 12:26
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан көмірін Ресей арқылы Еуропаға қайта тасымалдау туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді
30 июля 2025 в 12:18
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Из дороги — в аллею: часть улицы Пушкина станет пешеходной зоной
30 июля 2025 в 12:17
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Скорая, операции, реабилитация: что входит в медстраховку и как ею пользоваться
30 июля 2025 в 12:11
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
Кафе и рестораны дорожают: рейтинг регионов по расходам
30 июля 2025 в 11:59
В Алматинской области начинается масштабная перезагрузка туризма
25 июля 2025 в 17:13