Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,22 теңгеге арзандады.
• Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 517,16 теңге.
• Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр,
• сатып алу бағамы – 517 теңге. Еуро 587 – 592 теңге аралығында құбылып тұр.
• Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 521 теңге, сатып алу құны – 515 теңге.
• Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15 — 6,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.