Мемлекет «Қазақстан темір жолының» импорттық технологиялар мен құрамдауыштарға тәуелділігін азайтуға мүдделі

ҚТЖ,  шынымен де жүйе құраушы кәсіпорын. Еліміздің бұл ірі холдингі жолаушылар мен жүк тасымалын орындайды, көліктік-логистикалық қызметтер көрсетеді және еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Мемлекет саланың импорттық технологиялар мен құрамдауыштарға тәуелділігін азайтуға мүдделі.

2022 жылғы шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев сол кездегі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның жаңа басшылығына компания базасында Көлік-логистикалық холдинг құруды тапсырды. Әсіресе қалыптасып отырған геоиполитикалық шындықтар мен Қазақстанның транзиттік әлеуетін ескере отырып, идея өзекті емес. Президент санкциялық соғыста ашылып жатқан «мүмкіндіктер терезесін» көріп, барлық көрші елдерге «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәліздерін салу жөніндегі жұмысты жандандыруды жедел түрде ұсынды. Алайда барлық дәліздердің негізгі буыны — «Қазақстан Темір Жолы» АҚ инфрақұрылымы.

Теміржол саласының ин­фра­­құрылымын жақсартуға кейінгі жылдары мемлекет тарапы­нан тиімді жағдай жасалып жатыр. «ҚТЖ» басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев эко­номикалық ахуалды ұлғайту мақ­сатында 185 локомотив және 143 жолаушылар вагоны сатып алынғанын хабарлады. Алдағы үш жылда жолаушы­лар вагонда­ры толығымен жаңар­тылып, жа­сақ­­талмақ. 2025 жылдың II тоқ­санында «Штадлер Қазақстан» зауы­тында жолаушылар вагон­да­ры­ның өндірісі іске қосылады. Үкімет 2029 жылға қарай 1 200-ге жуық жолаушылар вагонын сатып алуды көздеп отыр. Нәтижелі болған жағдайда вагондардың тозу деңгейі 38%-ға дейін төмен­дей­ді.

Ұлттық компания қазір үш ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруды бастап кетті. 5 мың шақырымнан астам темір жол торабы 2030 жылға дейін салынып, 11 мың шақырым шо­йын жол жөнделеді деп жоспарланған. «Достық–Мойынты» теміржол желісінің жобасы Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымал мүмкіндігін жеделдетуге бағытталған. Ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық–Мойынты» учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жүріп жатыр. Жер төсемін нығайту жұмыстары 99 %-ға аяқталған. 92 көпірдің 78-і салынды. 550 шақырымға жуық жолға жаңа рельс пен шпал торлары төселген. Алдағы уақытта «Мойынты–Балқаш» және «Бескөл–Достық» бағыттарында уақытша по­йыз қатынайды деген жоспар да қарастырылған.

«Достық–Мойынты» темір­жол учаскесіне екінші жол са­лу жұмысы жүргізіліп жа­тыр. Соған қарамастан көр­­шілес қытай еліне жоспар бойынша тасымалдау белгіленген мерзімнен бұрын нәтижелі орындалды. 2023 жыл­мен са­лыс­тыр­ған­да өсім 12%-ға артты», дейді «ҚТЖ» ҰҚ «Инте­гра­ция­ланған жос­пар­лау дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Әліби Төлегенов.

Алматы стансасын айналып өтетін айналма теміржол тар­ма­ғы­ның құрылысы жоспарға сай жүзеге асып жатыр. 75 шақы­рымды құрайтын жаңа желінің ұзындығы «Қазыбек-бек» және «Жетіген» стансаларын байланыс­тырады. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 125 шақырым жол төселген.

«Жетіген» стансасының базасында 40 шақырым рельс-шпал торын төсеуге дайындық жүргізілді. Бұл жобаның маңыз­ды­лығы айналма теміржол желісі Алматы стансасын айналып өтіп, жүк ағынын «Жетіген–Қазыбек бек» жаңа теміржолына қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Алматы торабына түсетін жүктеме 40% азаюға тиіс. Сондай-ақ діттеген жерге жүк қысқа мерзімде жет­кізіл­мек.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық темір жол инфрақұрылымы белсенді дамып келеді: екінші жолдар, логистикалық хабтарға баратын жолдар салынып жатыр, ҚТЖ-ны өңірдің транзиттік ағынына ықпалдастыру жұмыстары жүргізілуде. Алайда мұның бәрі айтарлықтай инвестицияларды талап етеді. Мәселен, Тасымалдау және инфрақұрылым ұлттық зерттеу орталығының президенті Павел Иванкин бюджет бұл тәуекелдерді толығымен өз мойнына алуға дайын емес, ал инвестициялық көздердің саны шектеулі екенін атап өтті. Осыған байланысты қосымша инвесторларды тарту үшін ҚТЖ-ның 25% акцияларын сату мүмкіндігі қарастырылуда.

Сарапшылар болса  ІРО қаражатының бір бөлігі борыштық жүктемені азайтуға, паркті жаңғыртуға, инфрақұрылымды дамытуға және басқа да перспективалы жобаларға жұмсалады деп болжануда. Сарапшылардың айтуынша, КТЖ-ның  ІРО-мен интегарциясы  Еуразияны қосатын Орта дәлізді дамытуға ықпал ете алады.

Қаржыгер Данияр Темірбаевтың пікірінше, инвесторлар ұлттық компанияның акцияларын орналастырғанға дейін жауап алуы тиіс бірқатар сұрақтар бар.

«ҚТЖ-ның   IPO-мен интегарциясы мемлекеттің  ашық тетіктер арқылы жеке капиталды тартуға дайындығын көрсетеді» дейді сарапшы.

Продолжая тему:
Токаев и Путин провели телефонные переговоры
17 августа 2025 в 17:15
Казахстанцы массово снимают деньги с валютных счетов — забрали уже 57 миллиардов
14 августа 2025 в 12:04
В Казахстане пациентам после трансплантации гарантировали поддержку
17 августа 2025 в 16:11
Редкое явление произошло на торгах тенге и доллара на KASE
14 августа 2025 в 15:38
Как День спорта празднуют в Астане
17 августа 2025 в 15:33
Премиум от Bereke Bank: казахстанец увидел на своей карте минус 2,6 тысячи долларов
14 августа 2025 в 15:55
Курчумский район полностью подключат к интернету к 2027 году
17 августа 2025 в 13:51
Назван возраст, когда похудеть становится почти невозможно
15 августа 2025 в 12:31
Казахстан договорился с Китаем об авиарейсах в Кульджу и Кашгар
17 августа 2025 в 12:29
Курица «взлетела»: почему цены в Казахстане резко пошли вверх?
15 августа 2025 в 11:04
Государство и спорт: как Казахстан инвестирует в здоровое будущее
17 августа 2025 в 12:04
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Огонь уничтожил торговый дом в посёлке Жанакорган
17 августа 2025 в 11:06
Казахстанцам не повысят минимальную зарплату — решение правительства
13 августа 2025 в 15:46
Токаев поздравил Индонезию с юбилеем независимости
17 августа 2025 в 09:56
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Астане проведена масштабная акция по защите окон и советам безопасности для родителей
16 августа 2025 в 15:31
Пенсионный аннуитет или выплаты из ЕНПФ: что нужно знать перед выбором
13 августа 2025 в 16:47
Организаторы концерта Дженнифер Лопес в Алматы подвели итоги
16 августа 2025 в 15:16
Мясо сайгака: где взять и почему на базаре не найти его
13 августа 2025 в 14:52
Экспорт зерна нового урожая превысил 9,8 млн тонн
16 августа 2025 в 14:03
Halyk Bank блокирует счета казахстанцев. Причин никто не знает
13 августа 2025 в 16:38
Казахстан приветствует встречу президентов России и США в Анкоридже
16 августа 2025 в 13:36
На севере Казахстана запустят новый завод — будут делать корм из люцерны
12 августа 2025 в 17:49