Марат Омаров жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис мемлекет меншігіне иелік ету саясатын бекітуді ұсынады

Ішкі нарық жекешелендірудің кезекті толқынының табалдырығында тұр. Нарықтың дамуының генераторы болып табылатын бұл үрдісті 1990 жылдардың екінші жартысында жүргізілген жабайы науқанмен байланыстыра қарайтындар ел ішінде көп.

Үкіметтің соңғы шешімдері ондай күндердің өткен уақыттың еншісінде қалғанын байқатып тұр. Енді жекешелендірілген нысандардің саясаты мемлекеттің саясатынан алшақтап кетпейтіні үкіметтің бақылауында болады. Ешкімге және ешқашан халықтың мүлкін бауырына басып, талан-таражға салуына жол берілмейді.    

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Ұлттық офистің IX отырысы барысында жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис мемлекет меншігіне иелік ету саясатын бекітуді ұсынады.

«Көпшілігі жекешелендірудің мақсаты мен тиімділігін түсінбейді. Бұл реттеуші шешімдерге, әлеуметтік міндеттемелерге қатысты», — деп атап өтті Марат Омаров.

Ол проблемалық мәселелердің қатарына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бастаманың жоқтығын, сондай-ақ қазіргі кездегі нарықтық емес бағалар мен артық субсидиялауды жатқызды. Бұл бірінші кезекте мұнай, мұнай өнімдері, газ, электр генерациясы, сумен жабдықтау, теміржол көлігі және т.б. бағыттарға қатысты.

«Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік компаниялардың, әсіресе ұлттық холдингтердің рөлі мен қызметі үшін нақты негіздеме жоқ. ЭЫДҰ қағидаттары мен ұсынымдарына сәйкес мемлекеттік меншікті иелену саясатын бекіту ұсынылады», — деп атап өтті Марат Омаров.

Мұндай саясат қандай да бір мемлекеттік меншікті иелену қажеттілігінің нақты негіздемелерін көздеуі тиіс. Бұл ретте онда мемлекеттің экономикаға араласуының принциптері мен тәсілдері; мемлекеттің кейбір секторлардағы меншікке құқығы. Сондай-ақ саясат ашық басқаруды жүзеге асыратын басқарушы мемлекеттік органдардың рөлін айқындауға тиіс; және мемлекеттің экономикадағы стратегиялық мүдделерін ескеру.

Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис 2024 жылғы 28 мамырда президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы аясында құрылды

Halyk Finance талдау орталығының талдаушысы  Мадина Кабжалялованың айтуынша, Ұлттық офис  агенттіктің коммуникациялық стратегиясының бір бөлігі болып қала береді, елдегі бәсекелестіктің жай-күйіне әсерін бағалауға мүмкіндік беретін жақсы және үлгілі тәжірибе.  

«Өкінішке қарай, барлық мемлекеттік органдар қолданылып жатқан тәсілдердің, саясаттың және қызмет нәтижелерінің тұтастай көрінісін көруге мүмкіндік беретін осындай есептерді дайындап отырған жоқ», — деп жазады сарапшы Мәдина Қабжалялова.

Оның айтуынша, осы жарлық бойынша реформалар мен жұмыстың маңызды бағыты тиімді жекешелендіруді жүргізу болып табылады, ол өз іске асырудың отыз жылдан астам тарихына қарамастан, мемлекеттің экономикаға ықпалын әлі де төмендетуге мүмкіндік бермеді. Қарама-қайшы көрініс байқалады — мемлекеттің экономикадағы рөлі төмендеп қана қоймай, өсіп, экономикадағы құрылымдық проблемаларға және онда теңгерімсіздіктердің жинақталуына алып келеді.

Бұдан басқа, агенттік соңғы 20 жылда Қазақстан бәсекелестік ортаның жай-күйін онша жақсартпағанын атап өтті, бұл туралы Дүниежүзілік банк пайдаланатын Бертельсманның қайта құру индексі көрсетіп отыр. 2022 жылы бәсекелес ортаның сапасы 2006 жылғы 5 баллмен салыстырғанда 10 баллдың 6 балына бағаланды. Мұндай жағдайдың негізгі себебі ретінде ҚРҚА мемлекеттің экономика салаларына басым қатысуының сақталуын және оның кәсіпорындары қызметінің және оларды басқарудың тиімсіздігін атайды.

Мысалы, есепте 2014-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ (СК) активтер портфелінде сапалық өзгерістер байқалмағаны, ал СК экономикалық құнының бұзылуы жыл сайын 1,8 трлн теңге деңгейінде тіркелетіні көрсетілген. Экономикалық құнның бұзылуы жөніндегі есептің бұл деректерін үкіметтің өзі дайындады және оның квазимемлекеттік секторды реформалау жөніндегі талдамалық баяндамасында қамтылған.

Орталықтың сарапшылары

«Біздің ойымызша, жарлық қабылдау және жекешелендіруге қатысты ҚРҚА өкілеттіктерін кеңейту — жекешелендіру процедурасындағы оң және қажетті өзгерістер. Жекешелендiру шын мәнiнде тиiмдi болуы үшiн жекешелендiрудiң әрбiр кезеңiнде — сатуға дайындық кезiнде (активтердi дұрыс iрiктеу), сату кезiнде (активтердi сату құны мен тәсiлдерiн дұрыс анықтау) және сатудан кейiн қандай қадамдар жасау қажеттiгiн мұқият айқындау қажет.

Осыған қатысты монополияға қарсы органның басшылығымен жекешелендірудің жеке кеңсесін құру және оған жобаларды іріктеу бойынша шешімдер қабылдау кезінде орталық орган өкілеттіктерін беру мұндай іріктеудің келісілмегендігі мен мөлдірсіздігін қоспағанда, бірінші кезеңді өткізу процесін едәуір жақсартуы мүмкін», — делінген талдамалық жазбада.

ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде қалыптастырылуы мүмкін мұндай саясат экономикаға мемлекеттік араласу жөніндегі қағидаттар мен тәсілдерді, мемлекеттің экономикадағы стратегиялық мүдделерін, мемлекеттік кәсіпорындарды басқару кезіндегі мемлекеттің рөлін және белгілі бір нарықты бәсекелестік ортаға берудің мүмкін еместігін түсіндіруі тиіс. «Бұл құжат мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін қалыптастыру кезінде де, жекешелендіру үшін активтерді іріктеу бойынша талдау жүргізу кезінде де агенттік үшін негізгі басшылық бола алар еді» дейді сарапшы.

Сарапшылар айтып жүргендей, мұндай қағидаттардың кейбірі кеңсенің бірінші отырысында айқындалды.  Алайда мұндай кәсіпорын автоматты түрде жекешелендіру тізіміне енетін болады.

«Мұндай қағидаттарды әзірлеу — офистің маңызды және қажетті практикасы, біз жоғарыда айтылғандай, осындай қағидаттары бар жеке саясат құруды көздейтін неғұрлым формалды тәсіл қажет деп санаймыз. Бұдан басқа, мемлекеттік жоспарларда мемлекеттің экономикаға қатысу ауқымы мен тереңдігін бағалау бойынша барабар және сенімді индикаторлардың болмауы да Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және толыққанды нарықтық экономиканы құру бойынша негізгі кедергі болып табылады. Ұлттық жекешелендіру офисі өзінің болашақ өлшемдерінде мемлекеттің экономикадағы рөлі мен қатысуын және оның активтерінің көлемін шынымен де көрсететін индикаторларды таңдауы тиіс», — деп атап көрсетеді сарапшылар.

Продолжая тему:
#Госсобственность страны #Деньги #Казахстан #Национальный офис по приватизации
9 причин, почему кариес возвращается снова и снова — даже если вы чистите зубы
9 мая 2025 в 19:37
В Алматинской области пропали арестованные авто на миллионы тенге
5 мая 2025 в 11:54
Соғыс балалары мәртебесінен үміткерлердің жасы 85 тен асып қалды
9 мая 2025 в 17:28
Что будет с деньгами и долгами, если банк в Казахстане лишится лицензии
5 мая 2025 в 14:28
Вручены награды военнослужащим Национальной гвардии
9 мая 2025 в 17:07
С 11 мая в Казахстане изменятся цены на бензин и дизельное топливо
2 мая 2025 в 22:07
Банк секторында ойын ережелері өзгереді: Жаңа заңның құрылтайшылардың тәбетін тежейтін сыйқырлы таяқшасы
9 мая 2025 в 16:47
В Алматы кассы переводят на новую цифровую систему
5 мая 2025 в 12:16
В Астане перекроют три перекрёстка: когда и где ждать заторы
9 мая 2025 в 16:31
Колледжи будут получать 912 тысяч тенге на каждого студента — вдвое больше, чем раньше
6 мая 2025 в 20:20
Токаев поприветствовал казахстанских военных на параде в Москве
9 мая 2025 в 15:30
113 ДТП, 42 погибших: власти Казахстана берутся за контроль такси
21 апреля 2025 в 15:13
Kids Go Free: где отдохнуть на школьных каникулах
9 мая 2025 в 14:16
Только треть мужчин в Казахстане копит в банках: что показывает новое исследование
6 мая 2025 в 19:42
От деда к внуку: эстафета чести Памяти ветерана Великой Отечественной войны Айткали Султановича посвящается
9 мая 2025 в 14:05
КМГ: Цену на бензин повышают плавно для предотвращения шокового эффекта
5 мая 2025 в 17:12
В Астане прошло мероприятие ко Дню Победы – «Бейбіт аспан астында»
9 мая 2025 в 13:54
Налог на лекарства и услуги медиков введут мягко
5 мая 2025 в 11:17
Актеры и военные вновь на одной сцене: спектакль «Алия» возвращается с триумфом
9 мая 2025 в 13:11
Доллар превысил 516 тенге: что это значит для людей
5 мая 2025 в 15:35
В Алматы отпраздновали 80-ю годовщину Победы в Великой Отечественной войне
9 мая 2025 в 12:49
Алматы внедряет транспорт будущего: что изменится для горожан
6 мая 2025 в 10:10
Токаев прибыл в Кремль для встречи с Путиным
9 мая 2025 в 12:39
Четыре чашки кофе в день помогают замедлить старение — данные 7-летнего исследования
6 мая 2025 в 17:14