Осыдан 2 жыл бұрын ERG тобына кіретін «Қазхром» трансұлттық компаниясы мен Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) AIX-пен өз акцияларына ерікті делистинг жүргізген болатын.

Олигарх Нұрлан Смағұлов басқаратын Mega Center Management акционерлік қоғамы Қазақстан қор биржасынан кетуге шешім қабылдады.
Әзірге «неге?» деген сұраққа үкімет жауап беруге асығар емес. Бірақ бұл сұраққа жауапты үкіметтің алдағы шешімдерінен көріп қаламыз ба деген үміт бар.
Ал биржадан кетуді нарық тілінде делистинг дейді деп аталады. Соңғы уақытта отандық олигархтар арасында бұл процесс сәнге айналып кетті.
Mega Center Management баспасөз қызметінің хабарлауынша, бизнестің ұзақ мерзімді мүдделері жаңа инвесторларды тартуды және IPO-ға шығуды көздемейді, себебі компания өзінің стратегиялық мақсаттарын іске асыру үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурсқа ие.
«Осы фактіні ескере отырып, Mega Center Management «АҚ компанияның акцияларын биржалық тізімнен алып тастау туралы шешім қабылдады», — делінген компания түсініктемесінде.
Mega Center Management-тің 2023 жылғы таза кірісі 14,2 миллиард теңгені көрсетсе, былтырғы жылдың 3 тоқсанындағы пайдасы 11,4 миллиард теңгеге жетті. Былтырғы жылдың есебі әлі шыққан жоқ.
Сарапшылардың айтуынша айналымда миллиардтаған қаржысы бар топтарға Қазақстандағы қос биржа тарлық ететенін о баста айтқан болатын. Салық реформасының тереңдеуі ірі бизнеске жүктемені көбейтіп жіберді. Mega Center Management биржадан кетіп қалғандықтан, Нұрлан Смағұлов қаржылық есебін еш жерде жарияламауға мүмкіндік алады.
AIX пен КАСЕ-ні біріктіруі қажеттігі де осыдан туындаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та екі жылдан бері қос биржа АІХ пен КАSE-ні біріктіріп, оларды бір жерден тиімді басқару мәселесін үкіметке тапсырып жүр. Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген «Тапсырманы пысықтап жатырмыз. Арнайы жұмыс тобы құрылды» деген. Содан бері бұл мәселелер әлі шешімін таппады, әлі талқыланып жатыр. Бірақ оларды біріктіру процесі тым ұзаққа созылды, сол аралықта қалталы компаниялар биржадан бірінен кейін бірі кетіп жатыр.
Бейсенбек Зиябековтың айтуынша, біздегі биржалар орта деңгейлі компанияларға арналған. Әзірге кейбір ірі компаниялар акциясын салуға ықыласты емес. Салғандары табысына көңілі болады деп айта аламймыз.
Рас, екі биржаны қосып, оның жұмысын тиімді бағытқа түсіру үшін белгілі бір уақыт керек, бірнеше факторларды зерттеу қажет.
Бейсенбек Зиябеков отандық инвесторлар қор нарығын басқару құралдарын әлі толық меңгермегенін айтады. Ішкі экономикалық ресурстың әлсіздігі биржалардың белсенділігін төмендетіп жатыр. Биржаның әлеуетін көтеруге үкімет қана емес, отандық компаниялар да мүдделі болуы керек. Қор нарығында сауда жасау барысында тиімді мәміле жасай алатын сауатты брокерлер платформасы қалыптаспаған, олигархтар осының барлығын көріп отыр.
«Қор биржасынан кеткен Нұрлан Смағұлов «компаниямда ресурс жеткілікті, қаражат жетіп артылады, биржаға тәуелді емеспіз»деп кеткен Mega Center Management Халық банкіне 22 миллиард теңге қарыз болып тұрды. Бұл 2022 жылғы жағдай. 2025-2026 жылдары жеке компаниялардың сыртқы қарыздарын өтеу мерзімі басталады. Демек алдағы 2 жылда олар қарызды өтеуге кіріседі. Демек ішкі нарықта қарызды өтеп, қосымша табыс табатын мүмкіндік жоқ» дейді Бейсенбек Зиябеков
Сала мамандарының айтуынша, алдағы екі жылда Қазақстанды үш дағдарыс күтіп тұр.
- бюджет дағдарысы.
- Сауда балансындағы дағдарыс. Импорттың елге ағылып келуі, импорттық сауда балансының экспорттан асып кетуі сауданы тоқыратады.
- Сыртқы қарызды қайтару барысында экономикаға түсетін жүк.
Демек ондаған жылдар бойы экономика құрушы деп үкілеп келген компанияларымыз отандық экономикаға дем бере ме, әлде халықаралық биржалардан тірек іздей ме?
Бізге ол жағы белгісіз.
«Белгілісі үкіметтің олардың беталды шешім қабылдауына жол бермесе анық. Демек алдағы уақытта тек банктер ғана емес, үкіметке де биржадан қашқан компанияларға қарызын қайтаруды міндеттеуге шешім қабылдайтыны анық. Демек Олжас Бектеновтың қырағалығы сыналатын кез алда» дейді Бейсенбек Зиябеков.