ҚҚС: Құжат инвесторларды көп күттірді

Салық Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Салық кодексін 2025 жылдың 20 ақпанына дейін Мәжілістің қарауына енгізуді тапсырды.

Енді оған үш күн калды.  Кодекс өтпелі кезең аяқталған соң, тек 2026 жылы күшіне енеді. Жалпы Салық кодексі — жиі өзгеріске ұшырайтын құжаттардың бірі. 2009 жылдан бастап Салық кодексі 111 ілеспе заңдармен, яғни жылына шамамен 16 заң, барлығы 2300-ден астам бапқа түзетулер енгізілді..

Әділет министрлігі Заңнама институтының статистикалық талдау деректеріне сүйенсек, 2009 жылдан бастап Салық кодексіне заңмен 130 өзгеріс пен толықтыру енгізілген екен. Қоғам салық кодексінің жаңа редакциясын ішкі нарық қана  емес,   шетелдік және отандық инвесторлар қатты күтіп отыр. Алғашқысы соның қортындысына қарап  шешім қабылдайды. Осыған дейін бұл құжат  2024 жылғы қазанда қабылданатыны айтылған еді.   Ұлттық банктің дерегінше, 2024 жылдың 9 айында Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 2023 жылғы 2,3 миллиард доллардан былтыр 79,2 миллион долларға дейін құлдырады.   Учет» компаниялар бірлестігінің басшысы Максим Барышевтың  айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанда Салық кодексі 54 рет өзгертуге ұшыраған. Заңдарды қайта жазудан ауыз толтырып айтарлық нәтиже шыққан жоқ, қайта кәсіпкерлер мен отандық бизнес жаңа проблемаларға тап болды.  Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаровтың  айтуынша,  салық саласындағы тұрақсыздық, шағын бизнес өкілдеріне қатты әсер ететінін айтты .

Заңдарымыз неге тұрақсыз

Өз кезегінде Әділет министрлігі таратқан ақпараттарда   реттеуші құралдардың жұмыс істеуін болжау өте төмен екені айтылған. « Бұл сол заңдарды қолданушыларға теріс әсер етеді. Салдарынан заң жобасын әзірлеушілер көздеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілмейді. Сондай-ақ, заң жобаларына қатысты ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және өткізу тәсілдері тиімсіз», – делінген Әділет министрлігінің консультативтік құжатында.

 Министрлік сарапшылары  заңнаманы жетілдірген дұрыс, бірақ ол қазіргідей заңнаманың тұрақсыздығына соқтырмауға тиіс екенін ашып айтып отыр .  «Қоғамның сұраныстарына жауап беру үшін заңнаманы өзгертіп отыру – оның өміршеңдігінің маңызды шарты екенін атап өткен жөн. Алайда қазіргі уақытта қолданыстағы заңдарға енгізілетін өзгерістердің саны мен жылдамдығы олардың жүйесіздігін паш етеді. Мұның бәрі құқықтық мониторингтің аналитикалық және болжамды функциясын күшейту қажеттілігін көрсетеді. Онда заң шығарудың құқық қолдану практикасымен кері байланысы айқын байқалуы керек. Сонда ғана қоғамдық қатынастарды жақсы реттеу қамтамасыз етіледі», – деді министрлік сарапшылары.

Заңнама дамыған елдерде де жетілдіріліп, кемеліне келтіріліп тұрады. Бірақ оларда заңнаманың тұрақсыздығы жоқ. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда заңдардың небәрі 35%-ы «тұрақты» саналады. Мысалы, бір жыл бұрын Әділет министрлігі 182 заңға қатысты заңдардың тұрақтылығы тұрғысынан талдау жүргізген.  

Нәтижесінде, 2023 жылы қолданыстағы 54 заң немесе 29,6%-ы ғана «тұрақты» екені анықталды. Осыдан 31 жыл бұрын қабылданған банк туралы заңға бірнеше рет өзгеріс еніпі оны бастапқы мағынасынан алшақтатып жібереді. Сөйтіп, байырғы заң бүгінгі күннің мәселелерін шешуге қабілетсіз болып қалды. Бұл заң тіпті қаржыгерлер ортасында да аса түсінікті болмағанын сарапшылардың бәрі айтады. Демек Мемлекет басшысының жаңа заңды дайындауды тапсыруы қажет­тіліктен туып отыр. Қаржыгер Мұрат Темірханов  Үкімет, Ұлттық банк, ҚНРДА бұл мәсе­леге үлкен дайындықпен келуі керек. Нарық осыны күтеді. Меніңше, банк туралы жаңа заң жобасы әлемдік озық әлемдік тәжірибемен сәйкес келгені жөн

Парламент популистерден тазару керек

Бізде кәсіби үкімет және кәсіби парламенттің қажеттілігі 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап айтыла бастады.  Сарапшы Мағбат Спанов мемлекеттік идеология жкономиканы сауықтыруға бағытталуы тиіс екенін айтады. Парламент пен Үкіметтің назары осы бағытқа бағдарлануы керек.  Оның айтуынша, заңдарымыз парламент құрамында   экономиканы тарихын зерделей алатын мамандардың жоқтығынан өзгеріп жатады. Тіпті бұл тақырыпта ашық пікір таласқа түсе алатын мамандар аз. Парламент құрамы. Үкімет құрамына  кәсіби  мамандар келмейінше бұл мәселе шешімін таппайды.

«Қазір салық кодексінің жаңа редакциясы ел көлемінде талқыланып жатыр. Бұдан кейінгі кезек банктер туралы заң.     Бұл заң  да тәуелсіздік тарихында ең көп өзгеріске түскен заңдардың бірі. Парламент осы жолы осы заңдарға барынша сергек қарау керек. Салық кодексіне қатысты өзгерістерді ішкі нарық емес, инвесторлар да күтіп отыр. Ішкі нарықтаңы инвестициялық климаттың тағдырын осы заң шешеді» дейді экономист.   

Продолжая тему:
#Деньги #Инвестиции #Инвесторы #Казахстан #Налоговый кодекс #НДС #Олжас Бектенов
В Астане перекроют часть улицы Амман из-за ремонта дорог
2 июля 2025 в 22:01
Проезд через границу Казахстана может стать платным
30 июня 2025 в 09:39
2 июля вечером в «eSalyq Azamat» временно отключат раздел
2 июля 2025 в 21:45
Прощай, eGov.kz? Казахстан готовит замену главному порталу госуслуг
30 июня 2025 в 10:54
В Алматы временно перекроют часть улицы Желтоксан
2 июля 2025 в 21:26
Вполне реально: Смадияров об угрозе смертной казни для двух казахстанцев в Индонезии
30 июня 2025 в 20:29
До 2027 года все сёла Акмолинской области подключат к интернету
2 июля 2025 в 20:45
Alatau City Bank начал чистку: некоторые счета казахстанцев закроют
1 июля 2025 в 10:03
Корпоративная почта как бизнес-инструмент: как компании в Казахстане наводят порядок в коммуникациях
2 июля 2025 в 20:35
В Казахстане хотят отказаться от желтых номеров: что это значит
30 июня 2025 в 11:48
Бывший тренер занимался подделкой и продажей недействующих сертификатов
2 июля 2025 в 19:58
Одна цена для всех: Kaspi установил новую комиссию за переводы на карты других банков
1 июля 2025 в 14:26
Shell и Eni выходят из проекта ГПЗ на Карачаганаке
2 июля 2025 в 19:26
Новые тарифы на воду в Казахстане: Первые результаты
1 июля 2025 в 13:37
Слухи о вспышке сибирской язвы в столице опровергнуты
2 июля 2025 в 18:33
Один из крупнейших рудников Казахстана продали китайской компании за $1,2 млрд
30 июня 2025 в 09:41
На Алаколе усилили меры безопасности в туристический сезон
2 июля 2025 в 17:42
Цены на картофель выросли почти вдвое
1 июля 2025 в 17:27
Права более тысячи предпринимателей защитила прокуратура Шымкента
2 июля 2025 в 17:27
В Казахстане запустят цифровую систему для отслеживания подземных вод
30 июня 2025 в 16:08
Инфляция в Казахстане снова ускоряется
2 июля 2025 в 17:25
Казахстанцев ждут длинные выходные в июле
1 июля 2025 в 15:26
Комитет госдоходов предупреждает о фейковых сообщениях от имени руководства КГД
2 июля 2025 в 17:12
На Каспии снова обнаружили десятки мёртвых тюленей
25 мая 2025 в 12:55