Сарапшылардың айтуынша, енді мемлекеттен бөлінетін демеу қаржы тек сол көмек шын қажет болып отырған отбасыларға бөлінеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қолдау шараларын тарату моделі цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтугеге мүмкіндік береді.

Осыған дейін
2025 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінгені айтылған болатын. Оның ішінде республикалық бюджеттен 870,7 млрд теңге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 855,9 млрд теңге. 2025 жылы жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артқан.
Енді
Жаңа формат пилоттық режимде Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында іске асырылуда.
- Пилоттық аймақтардағы 36 мемлекеттік мекемеде (отбасын қолдау орталықтары, спорт немесе арнайы мектептер, оқушылар сарайы, балалар үйлері, ерте араласу орталықтары және т.б.)
- Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесінде бірыңғай дерекқорға жинақталған құжаттаманы жүргізу, есепке алу және мониторинг жүргізу бөлігінде кадрлық жұмыс процестері автоматтандырылған және Бұрын хабарланғандай, пилоттық жоба аясында БЦҚ пайдалана отырып, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларында 11 мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру жоспарлануда.
Пилоттық жоба отбасыларды төтенше қажеттіліктен (азық-түлікке қаражаттың жетіспеушілігі) жоғары әл-ауқатқа (қаржылық қиындықтардың болмауы) дейін 6 санатқа бөлетін бағалау моделін қолданады.
«Негізгі мақсат – ресурстарды шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына – оның ішінде 6-санатқа (әл-ауқатының жоғары деңгейі) жататын азаматтарға көмек көрсетуден бас тарту арқылы қайта бөлу», – делінген министрлік хабарламасында.
Жаңашылдығы :
Пилоттық жобаны іске асыру қолданыстағы шаралардың бытыраңқылығы мен қайталануын болдырмауға, тиімсіз төлемдерді қысқартуға, шын мәнінде мұқтаж азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетуге, қызмет көрсету бойынша бизнес-процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
- Пилоттық жобаның жаңашылдықтарының бірі – отбасыларды 6 санатқа – төтенше қажеттіліктен (азық-түлікке қаражаттың жетіспеушілігі) жоғары әл-ауқатқа (қаржылық қиындықтардың болмауы) дейін бөлетін үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен тұрақтылығын бағалаудың скорингтік моделін қолдану. Негізгі мақсат – ресурстарды шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына – оның ішінде 6-санатқа (әл-ауқатының жоғары деңгейі) жататын азаматтарға көмек көрсетуден бас тарту арқылы қайта бөлу» дейді хабарламада.