Енді субсидия субсидиялау тетігі тек құны 200 млн теңгеден төмен жобалар үшін 2035- 2036 жылдарға дейін сақталады. Одан кейін Үкімет те, бизнес те субсидия дегеннің екі екенін ұмытуға тура келеді.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин субсидиялардың орнына Бәйтерек холдингін 1 трлн теңгеге капиталдандырылғанын айтты.
Бұл шешім, оның айтуынша, инфляцияны күтуді төмендету үшін қабылданыпты.
Қазір Бәйтерек холдингінің мекемелері арқылы берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме біркелкі — 12,6%.
Бұрын бұл 4-6 пайыз болатын.
Сондай-ақ Қазақстанда ШОБ және ірі бизнес үшін екі кепілдік қоры құрылды.
Министрдің айтуынша кепілдік механизмі арқылы қаржыландыру тікелей субсидиялармен салыстырғанда инфляцияға азырақ қысым жасайды.
«Уақыт өте келе біз субсидиялау тетігінің жойғымыз келеді. Біз оны тек шағын бизнеске, әрине, алып қойғандарға береміз, сонда олар өз жобаларын аяқтайды. Біз соңғы субсидияны 2035-2036 жылдары беруіміз керек», — деді Жұманғарин.