
Бірақ үкімет пен Ұлттық банкке осы аралықтан бізге тиімді аралық жол табу қиын болып тұр. Ақша массасы 1 жылда +20,6 пайызға өскен. Үкімет биыл экономиканы кредиттеу үшін квазимемлекеттік сектор арқылы нарыққа 8 трлн теңге құймақшы. Бұл ақша массасын арттырып, инфляцияға қысымды арттырады. Уақыт өткен сайын ішкі нарық үкіметтің алақанына тәуелді дәрменсіз қолбалаға айналып барады. Осыған дейін дедолларизациямен күрессек, енді «деүкіметизациямен» күресетін боламыз. Қазір экономиканың басты инвесторы үкімет, ұлттық қор, қала берсе қала берсе шетелдік инвесторлар. Осыдан біраз бұрын халықаралық жиындардың бірінде кәсіпкер Еркін Тәтішев экономика мен нарықтың тізгінін кәсіпкерлерге беретін кездіғ келгенін айтқан болатын.
Үкіметттің келінінің қазанына араласа беретін беймаза келін болып бара жатқаны ұлттық инвесторды үркітіп, ішкі нарықтың инвестициялық тартымдылығына кері әсерін беріп жатыр
- Ақша массасының Қазақстандағы инфляцияға әсері көптеген елдерде сияқты тікелей тәуелділікке ие:
- ақша массасының өсуі инфляцияның өсуіне алып келеді.
- Қазақстан Ұлттық банкінің бағалауы бойынша, M3 ақша массасының 10% -ға өсуі жыл ішінде 0,8 пайыздық тармаққа және екі жыл ішінде 1,0 пайыздық тармаққа инфляцияның өсуіне алып келеді.
- Ұзақ мерзімді перспективада бұл әсер одан да жоғары және ақша массасының 10% -ға ұлғаюы бағалардың 1,8% -ға өсуіне алып келеді.
Салыстырсақ:
2023 жылы бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе ақша массасы көлемінің 8,1%, 2024 жылы жинақталған инфляцияның 0,7 пайыздық тармаққа өсуіне әкелді;
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның проблемасы бюджет тапшылығында немесе сыртқы қарыздың өсіп, резервтері жинақталмауда емес, экономикалық өсімнің әлсіздігінде. Экономикалық саясатта теңгерімсіздіктер сақталып, тіпті тереңдеп барады.
Сарапшылардың айтуынша, , әлемде инфляциясы бәсекелес елдерге қарағанда неғұрлым жоғары валюталар ғана девальвациялануға бейім. «Қазақстанда инфляция 8% -ды, АҚШ-та — 2% -ды құраса, онда теңге долларға шаққанда жыл сайын шамамен 6% -ға құнсыздануы тиіс. Егер бұл болмаса немесе кешігіп болса, ішкі өндірушілер импорттық өнім алдындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Осы себептен елге шетелдік инвестициялар ағыны тоқтап тұр» дейді сарапшы Ілияс Исаев.
Бұдан басқа, жоғары инфляция девальвация күтілуін тудырады, ал соңғысы ел жинақтарының бір бөлігі ел экономикасына жұмыс істеуді тоқтатып, тұтастай алғанда оны тұрақсыздандырған кезде экономиканың долларлануына әкеледі.
Инфляция елдегі меншікті капитал мен несиенің құнын өсіреді
Сарапшының айттуынша № 1 проблема осы. Қазақстанның банк жүйесінде қолма-қол ақшаның орасан зор көлемі (шамамен 25 трлн теңге) жинақталғаны баршаға белгілі, егер ірі банктер тұтыну несиелеріне қаттырақ көңіл бөлмесе, жағдай қазіргіден де ушығып кетеді. Елде инфляцияны бір иығымен тежеп тұратын ресурс аз. «Нәтижесінде Қазақстанда теңгерімсіздік-парадокс қалыптасты: жоғары инфляцияның болу фактісінің өзі экономикадағы артық ақша айналымын білдіреді, бірақ бұл ретте бизнеске ақша өте қажет. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттік шығындарды арттырып, экономикадағы мемлекеттің үлесіне кері әсер етеді. Біз тауар экспортын әртараптандырмайынша, бұл мәселені шеше алмаймыз » дейді сарапшы.
Сарапшылар арасында қазіргі экономикалық саясатпен экономиканың өсу қарқынын тіпті 5-6% -ға дейін жеделдету мүмкін емес деген пікір басым. Бірақ бұл пікірді алға тартушылар бізде дамуға мүмкіндік беретін ресурстардың бәрі бар екенін естен шығарып алады.
Қандай өнім өндіруді кім таңдауы керек…
Осы пікірге жауап берген сарапшылардың жауабы «жоқ». Ішкі нарық қандай тауарларды қажетсінетінін нарықтың өзі таңдайды. Біз нарыққа күштеп бір нарсені кіргізе алмаймыз, шығара алмаймыз да.
Мемлекеттің міндеті нарықтың барлық мағынасында барынша пайдалы инфрақұрылымын құрумен ғана шектелуі керек. «Бір сөзбен айтқанда, мемлекет бірінші кезекте өзінің инфляциялық саясатын, жалпы инфляцияға деген көзқарасын өзгертіп, бір мезгілде нарыққа еркіндік беріп, экономикадан кетуі керек, жоғары инфляциялық саясатты ұстануды жалғастырмай, одан болатын теңгерімсіздік-салдарды шешумен күресуі керек» дейді сарапшы.
Не істеу керек:
- атқарушы биліктен тәуелсіз орталық банк.
- өндіруші ел ретінде Қазақстан үшін пәрменді бюджеттік ережені енгізу;
Сарапшылардың айтуынша, қазір бізде мұның біреуі де жоқ..