Соңғы жылдары Қазақстан жаңа Салық кодексін талқылап жатыр. Ал сарапшылардың айтуынша, банктерге секторының табыс салығы туралы жан-жақты айтылды, қарсы пікірлер де болды.

Тіпті ҰБ төрағасы Т. Сүлейменовтың да бұл жаңалыққа қарсы шыққан кездері болды. 2024 жылы 28 маусым күні лттық банк басшысы Тимур Сүлейменов банктерге салынатын корпоративті табыс салығын (КТС) 25 пайызға дейін көретуге қарсы екенін мәжіліс кулуарында айтты.
«Біз қаржы реттеушісі ретінде банктерді ешқашан ойынхана немесе букмекер кеңселерімен теңестіруге болмайды деп есептейміз делік. Иә, банктер салыстырмалы түрде кейінгі екі жылда жақсы табысты болды. Бұған бүкіл әлемдегі жоғары базалық мөлшерлеме ықпал етті. Олар жақсы ақша тапты. Бірақ тұтас алғанда, банк секторы өте тиімді сала емес. Бұл мұнай саласы немесе ойын бизнесі емес», — деді ҰБ басшысы.
Сүлейменовтың айтуынша банктер үшін КТС-ті қазіргі 20%-дан 25 пайызға дейін жеткізу инвестиция тартуға кері әсер етуі мүмкін. Оған қоса тартылатын борыш құнын қымбаттатады. Ұлттық банк бұл мәселені Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігімен талқылап, соның нәтижесінде ортақ ұстаным әзірленетіні сол жиында айтылды.
Егер парламент мақұлдаса, мемлекет басшысы қол қойса, онда ЕДБ банк операцияларынан, сондай-ақ Ұлттық банк операцияларынан алынған пайдаға салық төлей бастайды.
Қазір ЕДБ 12,4% мөлшерінде КТС төлейді
2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сомасы бір жылда 19,7%-ға, 61,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар ҚР ЕДБ активтерінің елдегі ЖІӨ-ге қатынасы бір жыл ішінде 45,2%-дан 47,8%-ға дейін өсті.
Ranking.kz зерттеулерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы барлық ЕДБ арасында Kaspi.kz ең ірі салық төлеуші атанды: салық аударымдарының сомасы 285,8 млрд теңгеге жеткені айылған.
Бір жыл ішінде төленген салық сомасы 24%-ға артқан. Kaspi.kz-тің Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын 11 еншілес ұйымы бар (оның шетелдік еншіліс ұйымдары түсінікті себептермен есепке алынбады).
Екінші орынға Halyk тобы жайғасты, яғни, Halyk Bank және оның еншілес ұйымдары: 2024 жылдың қорытындысы бойынша салық сомасы 270 млрд теңгеден асты. Қазақстандағы 10 еншілес ұйымы есепке алынды.
Kaspi.kz пен Halyk-тың қосынды салық аударымдары 556,5 млрд теңгені немесе еліміздегі 12 ірі банк төлеген барлық салықтардың 66,3%-ын құрады.
Үздік үштікті өзінің төрт еншілес ұйымымен Банк ЦентрКредит түйіндейді: 75,7 млрд теңге. Сонымен бірге алғашқы бестікке ForteBank тобы (42,8 млрд теңге) және Еуразиялық банк тобы (34,7 млрд теңге) енді.
Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің 12 ірі банкі салық аударымдары түрінде бюджетке 840 млрд теңге аударды.
Осылайша, банк секторының бюджетке қосқан үлесі миллиардтаған теңгемен есептеліп, бұл сегментті Қазақстан экономикасының негізгі қаржы донорларының біріне айналдырады. Ал үкімет мұны 25% -ға дейін арттыруды ұсынды.
Әлемдік тәжірибеде ЕДБ табыс салығы әртүрлі
Банктерге кәдімгі табыс салығы ғана емес, сондай-ақ олардың үстеме пайдасын бюджетке қайта бөлу үшін қосымша алымдар немесе үстемеақылар салынады.
АҚШ-та банктер үшін федералдық КТС 21% -ды құрайды, сондай-ақ банктер штаттардың салықтарын төлейді.
- Ұлыбританияда бұл мөлшерлеме КТС-ның 25% -ын құрайды, оған қоса үстеме пайдаға қосымша 3% салық төленеді.
- Германияда банктер пайданың 30% -ын төлейді — бұл корпоративтік және сауда салықтары.
- Италияда банктер бюджетке 24% КТС және үстеме пайдаға 3,5% үстеме төлейді.
- Канадада банктер 15% федералдық КТС және 11% -дан 16% -ға дейін төлейді провинциялар, оған қоса ірі банктер үшін қосымша салық қарастырылған.
Австралияда банктер үшін КТС мөлшерлемесі 30% -ды құрайды.
Сарапшылар банктер үшін пайда салығының мөлшерлемесін 25% -ға дейін көтеру ел үшін бірқатар оң салдарға әкелуі мүмкін деп сенеді. Бұл салық түсімдерінің ұлғаюына алып келеді және әлеуметтік бағдарламаларды, медицинаны, білім беруді және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін қосымша ресурстарды қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Мәселен, жаңа Салық кодексінің жобасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін бизнесті несиелеу ағымдағы мөлшерлеме бойынша қалатыны көрсетілген.
Бұл шағын және орта бизнестің өсуін ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі және нақты секторда экономикалық белсенділікті арттырады.
Бизнеске кредит беру үшін жеңілдіктерді сақтай отырып, банктер үшін пайдаға салынатын салық мөлшерлемесін 25% деңгейінде белгілеу салық жүктемесін неғұрлым әділ қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Бұл сондай-ақ кәсіпкерлерге жүктемені азайтады, бұл инвестицияларға және бизнесті кеңейтуге ықпал етеді.
Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан (МБҚ) түсетін табыстарға салық салу — бұл көптеген елдерде қолданылатын тәжірибе.
Мәселе мынада:
- егер біреу осындай қағаздарға салымдардан (мысалы, мемлекеттің немесе мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша пайызбен) ақша табатын болса, онда бұл табысқа да әдеттегі пайда немесе жалақы сияқты салық салынуы тиіс.
- Бұл мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің қосымша көзін құрады, соның есебінен мемлекет әлеуметтік бағдарламаларды, инфрақұрылымды және басқа да қажеттіліктерді қаржыландыра алады.
- Біздің елде бағалы қағаздардың иелері ірі инвесторлар мен заңды тұлғалар — банктер, қорлар, корпорациялар болып табылады.
- Олар осы қағаздар бойынша іс жүзінде тәуекелсіз кіріс алады, себебі мемлекеттік облигациялар өте сенімді активтер болып саналады.
- Енді мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардың иелері осындай салымдардан салық төлейтін болады, яғни басқа компаниялар немесе жеке тұлғалар өз табысынан алатын пайданың бір бөлігін мемлекетпен бөлісетін болады.
- Басқаша айтқанда, бұл елдегі барлық табыс түрлеріне біркелкі салық салынуы үшін жасалған қадам.