
Халықаралық қаржы институтының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы үш айында әлемдік қарыз шамамен $7,5 трлн өсіп, $324 трлн теңгеге жетті. Егер БҰҰ-ға қатысушы елдер мен бақылаушылар санына сүйенсек (195), онда орташа алғанда әр елге $1,68 трлн жуық қарыз келеді. Қаржы секторының ірі лоббистік тобы — Халықаралық қаржы институты (IIF) жариялаған есепке сәйкес, осы жылдың алғашқы үш айында әлемдік қарыз шамамен 7,5 трлн долларға өсіп, 324 трлн доллардан астам жаңа тарихи максимумға жетті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
IIF деректері бойынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында әлемдік қарыздың ұлғаюына Қытай, Франция және Германия ең көп үлес қосты, ал Канада, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияда қарыз деңгейі төмендеді.
«Негізгі сауда әріптестерінің валюталарына қатысты АҚШ доллары бағамының едәуір төмендеуі доллармен есептелген әлемдік борыштың ұлғаюына ықпал еткенімен, бірінші тоқсанда өсім 2022 жылдың аяғынан бастап әр тоқсанда тіркелген 1,7 трлн доллар мөлшеріндегі орташа өсімнен төрт есе жоғары болды», — деп атап көрсетеді IIF өзінің соңғы Global Debt Monitor есебінде.
Осымен қатар әлемдік борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы баяу төмендеп, 325% -ға жетті. Алайда дамушы нарықтар жағдайында бұл арақатынас 245% рекордтық деңгейге жетті.
Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2025 жылдың 1 қаңтарына $164,7 млрд. құрады.
- Бұл әлемдік қарыздың 0,05% -ы. Салыстыру үшін бұл 2024 жылғы Қазақстанның ЖІӨ-сінен 1,1 мың есе артық.
- IIF деректері бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік борыштың өсуіне Қытай, Франция және Германия елеулі үлес қосты.
- Канада, БАӘ және Түркияда берешек деңгейі төмендеді.
«Өсім 2022 жылдың аяғынан бастап әр тоқсанда тіркелген $1,7 трлн орташа өсімнен төрт есе жоғары болды», — деп атап көрсетеді институт.
- әлемдік борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы баяу төмендеп, 325% -ға жетті.
- Дамушы нарықтар үшін бұл арақатынас 245% рекордтық деңгейге жетті.
Біздің байлам
Сыртқы қарызымыз туралы пікір білдірген сарапшылар Қаржы министрлігі қарыз қаражатын тарту мәселесіне өте теңгерімді көзқараспен қарап, өз стратегиясы мен қаржылық моделіне негізделген шешімдерді мұқият қабылдайтындығын айтады.
- Қазір біз сыртқы қарызды 2–2,5 пайызбен аламыз.
- Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қарызды өтеуге бюджет шығыстарының 15%-дан аспайтын бөлігін жұмсау әдетке айналған.
- Ал біздің елде бұл көрсеткіш 7 пайыздан аспайды.
Сарапшылардың айтуынша, сыртқы қарыздың мөлшері туралы, қарыздарын қалай өтейтініміз туралы нақтылық болмай келген еді. Үкімет бірер жылда жекелеген сектордың қарызы ашық көрсетілетінін айтып отыр. Енді басқа секторлардың да қарызы көрсетілсе, Үкіметтің сыртқы қарыздар алдындағы жауапкершілігінің салмағы жеңілдейді.Импортқа да, қаржы импортына да тәуелді болғандықтан сыртқы қарыз мәселесіне сақтықпен қарауымыз керек. Жағдай ушығып кетсе, мемлекет қарызы кесірінен экономикалық іргетасын жоғалтқан Латын Америкасы елдерінің қайғылы жолын қайталауымыз мүмкін. Лінің қайғылы жолын қайталауымыз мүмкін.