
Қазақстанда банктер үшін ең төменгі резервтік талаптар (ЕТР) мен салықтарды арттырғысы келетіні осыған дейін белгілі болған. Ұлттық банк пен ҚНДРА бұл талаптардың банктердің ойын ережесіне кері әсер етпейтінін және тұрақтылыққа сызат түсірмейтініне уәде берді. Бұл уәденің шекарасының қандай екенін Қаржы секторын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова айтып берді.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, реттеуші банк капиталының қорына және оның тұрақтылығына қарайды.
«Қазір айлық есептік көрсеткішті қатайту, банктерге салық салу бойынша көптеген шаралар ұсынылуда. Осыған байланысты біз осы бастамалардың барлығына бағалау жүргіземіз. Біз жеке-жеке бағалау жүргіздік, бірақ біз осы бастамалардың барлығына жиынтығында банктердің балансына бағалау жүргізуіміз керек. Және, сөзсіз, банк жүйесіндегі капиталды сақтау қажеттігіне сүйенетін боламыз «, — деді ҚНДРА басшысы.
Оның айтуынша, жоғары табыс банктерге өз капиталын өсіруге мүмкіндік берді. Дивидендтер төлейтін ойыншылардың өзі де табыстың жартысын капиталға кететін бөлінбеген пайда ретінде сақтайлып, негізгі қорды сақтауға мүмкіндік береді. Бүгінде активтердің жылдам өсуіне қарамастан, банктердің меншікті капиталы 22% деңгейінде тұр, бұл жоғары көрсеткіш болып табылады. Мұның себебін ҚНДРА өкілі бөлінбеген пайданың басым бөлігі банктердің капиталында қалатындығымен, 50%, қайсыбір 100%, мөлшерінде қалатындығымен түсіндіріп берді. ҚНДРА үшін бұл маңызды көрсеткіш. «Біз капитал қорын ынталандыру үшін қандай да бір теңгерімді тәсіл ұсынылуы тиіс деп ойлаймыз, сонымен қатар Ұлттық банк ақша-кредит саясаты бойынша өз мақсаттарына жетуі тиіс» дейді ол.
М. Әбілқасымова бұл талапты заңдастыру барысында уақытша проблемалар болатынын, оның әрбірін жеке-жеке шешуге тура келетінін де жасырмады. Бұл жерде ҰБ мен ҚНДРА арасындағы байланыстың үйлесімділігі маңызды. «Ұлттық банк біздің бағалауымыздың нәтижелерін қарап, тыңдайды, себебі бізде Ұлттық банкпен қаржылық тұрақтылық бойынша бірлескен мандат бар» дейді ҚНДРА басшысы.