«Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» азаматтардың банктердегі жинақтары қаншалықты қорғалғанын айтып берді.

- Исламдық банктерді қоспағанда, барлық банктерде резидент еместерді қоса алғанда, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттері банктік шот немесе салым шартын жасасқан сәттен бастап қор есебінен қорғалған.
- Қор депозиттердi ғана емес, сондай-ақ карточкалар мен ағымдағы шоттардағы қаражатты, сондай-ақ есептелген сыйақыны қорғайды
- Егер банк лицензиясынан айырылған жағдайда, МКК салымшыға заңнамада белгіленген мөлшердегі соманы өтейді. Бұл өтеу шектелген.
- 20 млн теңге — жинақ депозиттері бойынша теңгемен;
- 10 млн теңге — карточкалар, шоттар және басқа да депозиттер бойынша теңгемен;
- 5 млн теңге — шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша (банкті лицензиядан айыру күніне белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).
Егер бір банкте бірнеше салым орналастырылған болса, онда мұндай жағдайда сақтандыру жағдайы кезінде МҚДК салымның әрбір түрі бойынша лимиттерді (5, 10 немесе 20 млн) ескере отырып, барлық салымдар бойынша жиынтық соманы 20 млн теңге шегінде төлейді.
- Егер салымшының жинақ салымы болмаса, тек валюталық және кез келген басқа салым немесе шот болса, онда бұл жағдайда жиынтық кепілдік 15 млн (10 млн және 5 млн теңге есебімен) болады.
- Лимиттен асатын қалдық банктiң тарату комиссиясы арқылы қайтарылады.
Өз депозитіңіз бойынша кепілдікті калькуляторды пайдалана отырып есептеуге болады