Қазақстандық валюта нарығындағы мәмілелер Астана уақыты бойынша сағат 12:48-де бір доллар үшін 518,5 теңге бағасымен жүргізіледі, бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) деректерінен келіп шығады.

Күн басынан бері бағам жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша бір доллар үшін 510 теңгеден 8,5 теңгеге немесе 1,67% әлсіреді. Дәл осындай жағдай теңгенің еуроға қатысты бағамымен де байқалады, ол KASE-де қазіргі уақытта 571,57 теңгеден (+ 8,75 теңге немесе бір күн ішінде 1,55%) сатылады.
Алматының айырбастау орындарында Kurs.kz мәліметтеріне қарағанда, тұрғындар долларды орташа есеппен 514,18 теңгеден сатады, ал 517,17 теңгеден сатып алады.
Еуроны орта есеппен 562,26 теңгеден сатуға болады, ал 569,56 теңгеден сатып алуға болады. Астанада доллар орташа есеппен 511,73 теңгеден сатылады, ал 517,73 теңгеден сатып алынады. Еуро — 564,67 және 569,78 теңгеден.
Теңге сағат 10:22 де USD/KZT 1/519,9 дейін құнсызданды. Мұнай бағасы 63.46 долларға дейін арзандады. Ресей рублі де (-2,05%) құнсызданды. Екі сағатта валюта нарығында 180 млн доллардың саудасы жүрді. Қазіргі бағам 1/515
Валюта нарығында сауда қызу жүруде. Бізде доллардың күнделікті орташа саудасы шамамен $230-240 млн аралығында.
Алайда бүгін түске дейін валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 300 млн доллардан асып кетті.
Бұл Ұлттық бантің теңгені «ұстап» түру үшін нарыққа валюта сатумен байланысты болуы мүмкін. Бас банк ұсынысты арттыру үшін интервенция жасап жатыр ма? Әзірше бас банк бұл туралы комментарий бермеді. Қазір доллардың құны 522 теңге
Теңге негізгі әлемдік валюталарға қатысты 2025 жылғы сәуірдің басынан бастап арзандап келеді.
Мәселен, 2 сәуірден бастап ұлттық валюта еуроға қарағанда 26,06 теңгеге немесе 4,8% -ға арзандады. 3 сәуірден бастап доллар 13,17 теңгеге немесе 2,6% арзандады.
Теңгенің әлсіреу үрдісі АҚШ президенті Дональд Трамптың әлемнің 184 еліне және Еуроодаққа жеке баж салығын енгізу туралы шешімі аясында қалыптасты. АҚШ-қа импорттың жаңа тарифтері Қазақстанға да қатысты (27%).
ҚР Сауда министрлігінде атап өткендей, АҚШ-қа қазақстандық экспорттың 92% -ын шикі мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа және басқа да шикізат құрайды. Бұл санаттар Трамптың жарлығымен қарастырылған ерекшеліктер тізіміне енді.
Экономист Эльдар Шамсутдинов бұрын қысқа мерзімді перспективада енгізілген баж салықтарына байланысты жаһандық құбылмалылық пен долларға деген сұраныс салдарынан теңге қысымға ұшырауы мүмкін деп айтқан болатын.
«Күтіліп отырған әлсіреу бағамды алдағы айларда бір доллар үшін 500-520 диапазонына шығаруы мүмкін», — деп атап өтті сарапшы.
Сондай-ақ теңгенің әлсіреуі мұнай құнының төмендеуі аясында орын алуда. Осыған дейін Brent маркалы мұнайды жеткізуге маусымдық фьючерстер барреліне $63,06 дейін төмендегенін, бұл 2021 жылғы сәуірден бастап ең төменгі баға болып табылатынын жазғанбыз.