Осыған дейін сән-салтанат сегментіне салынатын салық көлемі айналасында дау да, пікір де көп болды.

Қазақстанда сән-салтанат заттарының ең ірі сегменті – «престижді косметика және қымбат парфюмерия секторы» екенін осыған дейін жазғанбыз.
Әңгіме бұқараға қолжетімдісі жөнінде емес, құны әр бірлігі үшін 500 доллардан асатын косметологиялық заттар мен иіссулар туралы. Бұл сегменттің табысы 2024 жылы 125,80 млн доллар болады деп тұспалданды. Салыстыра кетсек, блұл бағытта әлемде 1-орын алатын АҚШ-та бір жылда 77,3 миллиард доллардың косметикасы мен жұпар су өнімдері сатылады.
Statista Market Insights мәліметінше, қазақстандықтар иіссу немесе косметиканың бір данасына орта есеппен 12,90 доллар (6,3 мың теңге) ғана жұмсайды. Бұл ретте Қазақстан тұрғындары өзге тауарларға қарағанда, парфюмерия өнімдерін дүкенге, сауда орнына өзі барып, сатып алуға үйір. Иіссулардың жалпы санының 7,9%-ы ғана онлайн сатылады.
Сарапшылар республикада бұл өнімдердің бәрі дерлік – шетелдік өнімдер мен брендтер екеніне назар аудартады. Нарықтың осы сегментіндегі пікірдің қызып кетуіне осы фактор да әсер етеді.
Үкіметтің экономикалық блогы көпке дейін бұл мәселе жөнінде бір түйінге келе алмай жүрген еді. Қазір де бұл мәселенің шешімін кейінге ысырып қойған тәрізді.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин 2025 жылғы 27 наурызда Сенат отырысында бөлек сән-салтанат салығы болмайтынын айтты. Жекелеген заттарға бөлек салық салынады.
«Мысалы, қымбат спиртке салық салынады. Бір бөтелкенің құны 5 млн теңгеден асатын коньяк әкелетін болса. Ал ол жақтағы салық, менің ойымша, бір шөлмекке шамамен 470 теңгені құрайды. Енді оған салықтың 10%-ын қостық, бұған қосымша салық салынады», — деп атап өтті ол.
Қымбат көліктерге қатысты Ұлттық экономика министрлігі де осындай көзқараста.
«Егер көліктің құны 100 мың доллардан асатын болса, импорт кезінде кедендік құнның 10% мөлшерінде қосымша акциз де алынады. Бұл бір көлік болса, ал екінші көлікке тек кедендік құннан бөлек, өзінің құны да өседі. Яғни, мұндай өсім енді осы министрлік кодекс жобасында енгізілген», — деді.
Мүлік салығы бойынша «жалпы құн» түсінігін енгізу ұсынылады.
«Қазіргі мүлік салығы прогрессивті салық, мәселен бір тұлғада үш пәтерден көп болса, оның құны бірге есептеледі, егер бір пәтер 25 млн теңге болса салық 0,1%, егер оның бес пәтері болса, салық салық 1%, яғни 10 есе өсіп тұр, яғни менің бірнеше пәтер алуға а ақша бар деген сөз, осылайша салық төлеудегі сұр схемаға тоқтау салынады», — деді.
Жаңа кодексте сән-салтанат заттарына салынатын салық пайда болады, ал оларға жылжымайтын мүлік те жатады. Жеке тұлға үшін құны 130 мың АЕК-тен асатын (2024 жылы бұл 479 960 000 теңге) мүлік салтанат болып табылады.
Бұл ретте бір ғана объектінің — үйдің немесе пәтердің бағасы емес, бір адамға ресімделген барлық жылжымайтын мүліктің жиынтық құны ескеріледі.
Егер барлық жылжымайтын мүлік 450 млн теңгеден асатын болса, сән-салтанатқа салынатын салықты төлеуге тура келеді.
Салық мөлшерлемесі қандай болатыны әзірге белгісіз
Қазір БЖЗҚ-дан артық зейнетақы алу кезінде 10% салықты төлеу міндетті. Бұл ретте қашан төлеуді таңдауға болады: бірден алу кезінде немесе зейнетке шыққаннан кейін.
Түзетулер енгізілгеннен кейін зейнетақы артықшылықтарын алу кезінде салық болмайды. Жинақтарын мерзімінен бұрын алып, салық төлеуді кейінге қалдырған адамдар үшін де оны алып тастайды.
Авто салығы
Кедендік құны 75 млн теңгеден асатын автомобильдерге шектен асқан соманың 10% мөлшерінде қосымша акциз салынады. Осыған ұқсас 10%, бірақ кедендік құнынан 100 млн теңгеден астам, яхталар (ұзындығы 5 м-ден астам), ұшақтар мен пароходтар үшін төлеуге тура келеді.
Бұл ретте ескі автомобильдер үшін салық азаяды:
• 10 жастан асқан автомобильдер үшін — 30% -ға;
• 20 жастан жоғары — 50% -ға.
Еске салайық, жаңа Салық кодексі осы жылдың соңында қабылдануы тиіс болатын, бірақ президенттің тапсырмасы бойынша жоба пысықталатын болады. Енді оны 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылдау керек, ал ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.