Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сирек металдарды «жаңа мұнай» деп бағалағаны белгілі. Қазақстан шет мемлекеттерге сирек металдың 19 түрін экспорттайды. Ал Еуропа тарапынан тағы 16 металл түріне сұраныс түсіп отыр. Сирек металдар (СМ) және сирек жер металдары (СЖМ) әлемдік экономиканың жетекші салалары талап ететін шикізаттың маңызды түріне жатады. Компьютер, планшет, телефон компоненттерінің негізін құрайды. Сирек металдарсыз Tesla және Apple аккумуляторлық тақталарын, сондай-ақ тұрақты магниттер мен жоғары температуралы өткізгіштерді сирек металдарсыз өндіру мүмкін емес.

Инвесторлармен арадағы келіссөздер ашық болу керек
Яғни өндіріс көлемі өскен сайын сұраныс та өсе бермек. Таза энергетикаға көші мен электромобильдер қатарының артуына байланысты әлемде сирек металдарға деген сұраныс артып келеді. Тәуелсіз сарапшылар сирек металларды өзіміз өндіріп, шикізат емес, дайын қорытпа ретінде саудалағанды жөн көріп отыр. Бірақ сирек кездесетін бағалы металдарды түрлі қоспалардан тазарту үшін мықты технология керек.
1. 2024 жылдың желтоқсанында ғана Өнеркәсіп министрлігі геологиялық барлауға ірі халықаралық компаниялар тартылғанын, шетелдік 10 компанияның инвестициясының жалпы көлемі 41 млрд теңгені құрағанын мәлімдеген.
2. 2024 жылы Францияның ҚР-дағы елшісі Сильван Гиогенің айтуынша, француз компаниялары Қазақстанның геологиялық нарығына шықпақ.
3. HMS Bergbau AG неміс компаниясы қазақстандық Qazaq Lithium-мен бірлесіп ШҚО-да литий кен орындарын игеру бойынша бірлескен жобаны іске асыруда.
4. Кореяның KIGAM геологиялық зерттеулер және минералдық ресурстар институты ШҚО-дағы «Бакенное» литий кен орнында барлау жұмыстарын жүргізген.
Бұл ретте Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) сарапшыларының пікірінше, осы сұранысқа сай сирек маталдарды Қазақстан ұсына алады.
2024 жылдың қазанында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сирек металл, соның ішінде вольфрам, молибден және литий қоры бар 100-ден астам кен орны анықталғанын хабарлады. Алдағы уақытта литий мен басқа да сирек металдарға сұраныс екі есе артады деп болжануда. Яғни, баға да өседі. Баға дегеннен шығады, сирек кездесетін металдардың бәрін алтыннан қымбат деп ойлауға болмайды. Тым бағалылары санаулы, мәселен, ашық дереккөздерде:
Осмий-187 металының 1 грамы 10 мыңнан 200 мың долларға дейін,
1. Калифорний-282-нің 1 грамы 27 млн долларға саудаланатыны көрсетілген.
2. Қымбат металдардың ішінде осмий, родий, рутений, платина, алтын табиғи элементтерге Осмий-187 және Калифорния секілді металдар жасанды жолмен шығарылған. СЖМ арасында ең қымбаты ‒ бір килосы 1 миллион 52 мың доллар тұратын тербий оксиді саналса, ең арзаны ‒ құны бүгінге дейін килосына 27 мың долларды құрайтын еуропий оксиді болып есептеледі.
Орталықтың зерттеуі бойынша, елде экспорттық әлеуетке ие 9 тауар тобы бар. Олардың қатарында Қазақстан қазірдің өзінде экспорттап отырған металдар және болашақта әлеуеті ашылуы тиіс пайдалы қазбалар енген.
Қазақстан қандай металдарды экспорттайды?
1. Мырыш. Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі- 5%. 2023 жылы елде 6,7 млн тонна мырыш қоры тіркелген, Қазақстан әлем бойынша жетінші орында тұр. 2022 жылы мырыш экспортының 70%-ы Түркия, Ресей және Қытайға жіберілді.
2. Мыс. Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі- 4%. 2023 жылы Қазақстанда 20 млн тонна мыс қоры есептеліп, әлемде 11-орынға ие болды. 2022 жылы Қазақстаннан мыс негізінен Қытай, Түркия және БАӘ-ге экспортталды.
3. Қорғасын. Қазақстанның әлемдік нарықтағы үлесі – 3%. 2021 жылы қорғасын қоры 2 млн тоннаны құрап, Қазақстан сегізінші орынға шықты. Мамандардың болжамынша, әлемдік сұраныс 2022 жылғы 11,6 млн тоннадан 2031 жылға қарай 13,4 млн тоннаға дейін өседі.
4. Күміс. Қазақстан әлемдегі үшінші ірі күміс қоры бар елдердің қатарына кіреді. Kazakh Invest мәліметінше, жыл сайын күміске деген әлемдік сұраныс шамамен 26 мың тонна.
5. Алюминий – Қазақстанның үлесі әлемдік нарықта 1%-дан төмен. 2023 жылы Қазақстанда 160 млн тонна боксит қоры тіркеліп, әлемде 11-орынға, ал өндіріс көлемі бойынша 10-орынға ие болды. 2022 жылы алюминий экспорты негізінен Түркия, Италия және Грекияға бағытталды.
Қай металдардың экспорттық әлеуеті әлі ашылмаған?
1. Никель. Қазақстанда 1,5 млн тонна никель қоры бар, бұл әлемдік қордың 2%-ын құрайды. Алайда елдің әлемдік нарықтағы үлесі өте аз. Болжам бойынша, никельге деген жылдық жаһандық сұраныс 2025 жылғы 3 млн тоннадан 2030 жылға қарай 3,9-5,8 млн тоннаға, ал 2050 жылға дейін 4,8-6,5 млн тоннаға жетеді.
2. Литий. AIFC мәліметінше, жасыл технологиялардың дамуына қарай литийге деген сұраныс 2022 жылғы 130 мың тоннадан 2030 жылға қарай 312-721 мың тоннаға дейін артуы мүмкін. Қазақстан литий қорларын зерттеу және игеру үшін Германия, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде. 2024 жылдың наурызында Кореялық геологиялық институты Шығыс Қазақстанда литийдің жаңа кен орнын тапты. Оның литий құрамы 5,3% болып, шамамен 15,7 млрд доллар деп бағаланды.
Басқа да сирек және сирек жер металдары – 2020 жылдан бастап Қазақстанда бұл металдардың экспорты 3,8 есе артты. 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан үкіметі 2024-2028 жылдарға арналған сирек металдарды дамыту жоспарын қабылдады. Осы бес жыл ішінде бұл салаға 2,4 млрд теңге инвестиция құю жоспарланған 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Сенаты елдегі сирек металдардың 5 мыңға жуық кен орны бар екенін және олардың жалпы құны 46 трлн доллар болуы мүмкін екенін хабарлады.