БЖЗҚ 9 айдан бері бірінші рет инвестициялық шығынға ұшырап жатқанын Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Қаңтар айында БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарудан инвестициялық шығын -284,9 млрд теңгені құрады.
«Минустық мәндер 2024 жылдың сәуірінен бастап тіркелмеген. Залал негізінен бағалы қағаздарды қайта бағалау (-252,1 млрд тг) және сыртқы басқару (-120,2 млрд тг) есебінен қалыптасты. Бұл нәтижені Дональд Трамптың тарифтерді енгізу, сондай-ақ АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейін төмендету қаупі кезінде нарықтағы құбылмалылықпен байланыстырады. «2025 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ 9 ай ішінде алғаш рет инвестициялық шығынға ұшырады. Жалпы шығын сомасы – 284,9 млрд теңгені құрады», – делінген хабарламада.
Бюро мәліметінше, бұл жағдайға негізінен нарықтағы құбылмалылық және әртүрлі экономикалық факторлар әсер еткен.
Негізгі себептері:
1. Шығындардың негізгі себептері бағалы қағаздарды қайта бағалау және сыртқы басқарумен байланысты болған.
2.Бағалы қағаздарды қайта бағалаудан туындаған шығындар – 252,1 млрд теңгеге жеткен;
Ал сыртқы басқару шығындары – 120,2 млрд теңгені құрады
DataHub сарапшылары мұны әлемдегі тұрақсыздықпен байланыстырады: Дональд Трамп жаңа тарифтерге қатер төндіріп отыр, АҚШ-та жұмыссыздық төмендеп, нарықтар күрт өрлеп кетті. Оған қоса, теңге бағамы кенеттен нығайды, бұл қорға тағы 52,9 миллиард теңгеге «тұрды». Рас, бәрі жаман емес: құнды қағаздар 139,9 миллиард теңге кіріс әкелді, бірақ бұл жалпы жағдайды сақтай алмады.
«Әлемдік оқиғалар мен валютаның ауытқуы олардың болашақ зейнетақыларына қалай әсер етеді?», — деген мәселе бізде ғана емес, әлемде өзекті болып тұр.
12 ақпанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқарудың жаңа тәсілін әзірлеп жатқанын айтқан болатын. Ведомство басшысының орынбасары Мария Хаджиеваның айтуынша, Бүгінде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының басым бөлігі Ұлттық банктің басқаруында, тек 0,3% немесе 65 млрд теңге ғана жеке басқарушыларда — бұл Halyk Finance, Jusan Invest, Сентрас Секьюритиз, Halyk Global Markets және BCC Invest.
Қазақстандықтарды өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға беруге мүдделі ету үшін ЖРҚРА мемлекеттік органдармен келісуден өтіп жатқан жаңа ережелерді әзірледі.
Енді басқарушылар өз клиенттеріне өздерінің зейнетақы жинақтарын инвестициялаудың түрлі стратегияларын таңдауды ұсынатын болады. Әрбір стратегияның белгілі бір тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімі болады.
«Жаңа тәсіл аясында түрлі жаһандық индекстерді, сондай-ақ акциялар мен мемлекеттік бағалы қағаздардың қазақстандық индекстерін қамтитын композиттік индекс белгіленеді. Сәйкесінше, зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде УПИ-дан осы индекстерге кіретін облигацияларды, акцияларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, сондай-ақ осы жаһандық индекстерге ETF сатып алу мүмкіндігі болады», — деді Хаджиева.
ҚНДРА жаңа ережелердің арқасында жеке компаниялар неғұрлым жоғары инвестициялық кірістілікті көрсете алады және ең төменгі кірістілігі бар дәстүрлі қаржы құралдарымен шектелмейді деп күтетінін айтқан.
Сарапшылар БЖЗҚ қорындағы мұндай минус-плюстер қалыпты жағдай екенін айтады.Соңғы нәтиже айлық емес, жылдық көрсеткішке қарап есептеледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс 3,4 трлн астам теңгені құрады, бұл шамамен 2,8 трлн теңгені құрайтын зейнетақы жарналарының жалпы көлемінен асып түседі. 2024 жылғы инвестициялық кіріс өткен жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге немесе 114,5% -ға өсті.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖЖ), ерікті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 3,3 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсті, бұл шамамен 2,6 трлн теңгені құрайтын осы жарналар көлемінен асып түседі. 2024 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша инвестициялық кіріс 26,4 млрд теңгені құрады, жарна көлемі 231,2 млрд теңгеден асты. Бұл активтері БЖЗҚ активтерінің кірістілігі мен шығысына байланысты құбылып тұрады. Ал сыртқы фактордың әсері жеке-дара талқыланатын тақырып.